Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет47/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Бетке ескертпелер жазу (Режим страниц заметок) режимiнде әрбiр слайдқа белгiлi бiр ескертпелер жазуға болады. Осы режимге көшкен соң, слайдтың төменгi жағында ескертпе жазуға арналған бөлiгi көрiнедi. Өзiмiзге қажеттi мәлiметтердi терiп енгiземiз. Бұл ескертпелер аудиторияға көрiнбейдi. Презентацияны көрсету алдында, осы ескертпелердi қарап алу немесе оларды қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәлiметтердi еске түсiрiп алуға болады.
Слайдтарды жасыру үшiн:
1. Слайдтарды сұрыптау режимiне көшемiз.
2. Жасыруға қажеттi слайдта тышқанды шерту арқылы, оны белгiлеймiз:
Слайдтарды сұрыптаушы (Сортировщик слайдов) тақтасындағы Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертемiз. Бұл кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейдi, оның нөмiрi жiктелiнедi де, үстi сызылады (8-сурет).

8-сурет. Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд).

Слайдты жасыру батырмасы тек слайдтарды сұрыптау режимiнде ғана екпiндi, ал слайд режимiнде жұмыс жасап отырып оны жасыру қажет болса, СервисСлайдтарды жасыру (СервисСкрыть слайд) командасын орындаймыз.


Жасырылған слайдтарды ашудың екi тәсiлi бар:
1)Жасырылған слайдтың алдындағы слайдта тышқанның оң батырмасын шертiп  АуысуЖасырын слайд (ПереходСкрытый слайд) командасын орындаймыз;
2)Жасырылған слайдтың алдындағысымен жұмыс жасап отырғанда H немесе h әрпiн енгiземiз.
Презентация кезiнде белгiлi бiр ақпараттарды көрсету кезiнде оған аудитория назарын аударту үшiн:
1. Слайдты көрсету кезiнде тышқанның оң жақ батырмасын шертемiз.
2. Жанама мәзірден Қалам (Перо) командасын орындаймыз. Осы мезетте тышқанның көрсеткiшi қаламға ұқсас болады немесе CTRL+ P қос пернесiн басу арқылы да орындауға болады.
3. Тышқанның батырмасын басулы күйiнде ұстап тұрып, слайдтың белгiлi бiр элементтерiн ерекшелеп белгiлей отырып қоршауға немесе кез келген суреттер салуға болады.
4. Осы салынған суреттердi немесе қоршауды өшiру үшiн Е пернесiн басамыз. Бұл перне басылмаған күнде де, осы символдар келесi слайдқа өту кезiнде өз-өзiнен өшiрiлiп қалады.
5. Курсорды бастапқы қалпына келтiру үшiн CTRL+ А қос пернесiн басамыз.
Тақтада маңызды нәрсенi бормен белгiлеп көрсету сияқты, слайдта да ерекшелеп көрсетуге болады. Бұл белгiлер келесi слайдқа өту көшу кезiнде өшiрiлiп қалады.
Презентацияларды баспаға шығармас бұрын, шығарылатын қағаздың параметрлерiн тағайындау қажет. ФайлПарақ параметрлерi (ФайлПараметры страниц) командасын орындаймыз да, ашылған парақтың макетi (Макет страницы) сұхбат терезесiнде тиiстi параметрлердi, яғни қағаздың өлшемiн, мәліметтердің қағаз бетінде орналасу тәртібін (ориентация) енгiземiз, яғни ақпараттың парақта кiтап немесе альбом түрінде басылуын айтамыз.
Баспаға шығару - әрбiр слайдты жеке параққа шығарасыз ба? Әлде бiр бетке екi, үш немесе алты слайд шығару арқылы қағазды үнемдейсiз бе? Беттердi ескертпелерiмен бiрге баспаға шығарасыз ба? Тiзiмнен қажеттiсiн таңдап аламыз.
Көшiрме саны (Число копий) – қажеттi көшiрме санын көрсетемiз. Көшiрмелер бойынша реттеу (Разобрать по копиям) белгiсiн қажет болса көрсетiп қоямыз.
Баспаға шығару аралығы (Диапазон печати) презентацияны тұтас немесе таңдап алынған слайдтарды ғана баспаға шығаруға болады.
Жасырын слайдтарды баспаға шығару (Печать скрытых слайдов) –жасырын слайдтарды да баспаға шығару қажет болса осы өрiстiң белгiсiн көрсетiп қоямыз.
Ақ-қара түстi (Черно-белый) – слайдтағы әртүрлi түстер сұр түстi дақтарға айналдырылады.
Бет бойынша масштабтандыру (Масшабировать по листу) – егер жасалған слайд қағаз бетiне сыймай тұрса немесе оның бiр бөлiгiн ғана алып тұрса, осы өрiстегi белгiнi көрсетiп қоямыз. Бұл кезде PowerPoint программасы беттi максималды түрде толтыруды қамтамасыз етедi.
Слайдтарды жиектеу (Обрамление слайдов) – қағазға басылатын слайдтар жiңiшке сызықтармен қоршалып шығады.
Жеке элементтердi, мысалы жасырын слайдтарды қағазға басып алған соң, осы сұхбаттық терезеге қайтадан оралып, беттерге жазылған ескертпелердi, слайд құрылымын, презентация слайдтарының өзiн де қағазға шығарып ала аламыз (9-сурет).

9-сурет. Презентацияларды баспаға шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет