Лекция жинағы Пәні: «Мектепте қашықтықтан оқыту сабақ әдістемесі»


Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары



бет24/25
Дата04.12.2023
өлшемі1.07 Mb.
#485404
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
лекция қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жа ңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқы ту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл – тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал тар мағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы – тыңдаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарасты ратын және жоғары дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық техноло гияларды (аудио-визуальды құралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақы рыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі технологиялары бар.
Кейс технология – оқытушытьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материал дарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылш. Casе портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іс ке асырылады. Кейс технологияға арналған материалдар түрлері мыналар: әдістемелік нұсқалар; оқу құралдары мен глоссарий; оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге, жұмыс дәптері, анықтама, оқу, аудио, бейне материалдары, бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:



    • курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

    • пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әртүрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса, әртүрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (интернет, CD-ROM). Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар. Оқулық бетінен интернет ре- сурстарына қол жеткізуге болады.
Желілік технология – білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген; оқытудың желілік технологиясына жатады: интернет желісін пайдалану; электрондық поштаны пайдалану; телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет