11 апта: Еріктік іс-әрекет
1. Ерік туралы жалпы ұғым.
2. Еріктің физиологиялық негіздері.
3. Оқушылар еркінің дамуы.
Ерік ұғым ретінде, болмыстық құбылыс ретінде да тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский) мысалы: ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған оның орнына даналық мұраты ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларынан және логика қағидаларынан бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және бұл алма дәмді деген пікірлер санада, бұл алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді адамның бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді »деп жазған. Ерік табиғатынан болған мұндай көз қарас қазіргі күнде жоқ емес Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен еріктің өзіңдік сипаты барлығына шек қояды. Сондықтан ғылымға жаңа бір ерік териминің еңдірудің қажетті жоқ екенің дәлелдеуге тырысады. Жеке адам қасиетті сипатында ортағасырлықтарға да таныс болмаған мұны сол уақыта қоғамда орын алған экзорис жыншайтан қуу үрдісінен алуға болады, бұл үрдісте адам шылғыйда еңжар астама күйде талынып, сыртқы әсерлер жинайтын ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне еңген құбылыс деп есептелген. Бұл тынсым қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсіндірілген осы күштерді тіпті нақты періште мен шайтан есімдерін білуге дейін танудан адамның шын қылық әрекетінің мәнін түсінуге болады. ерік табиғатын бұл түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамының адамның әркет қылығының негізі оның өзіңде екенің мойындамауддан. әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір м үшелерінің ажаратырылуға құқы болған . мысалы: бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы балгер, от пен металды бюағындыпған темірші өзін қооғамға қарсы қойған қанішер т.б. Ерік бостандығын біржақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциялизм немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенциялизм (М.Хайдектер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю т.б.) ерікті тәуелсіз сыртқы әлеуемттік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан әлеуметтік мәден и ортадан бөлек дерексізденген адам. Дүниеге қандайда бір күшпен келіп қалған адамның өмірі мағынасыз болады. Мұндай адам қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершіліктері жоқ, осыдан ол адаммгершіліктен жұрдай намсыз, өзбетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жоюлу бас байлыққа түсу көзі Ж.П.Сартр пікірінше нағыз адамгершілік бір ғана көрінетін реттестірілмеген қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңдерімен оқшауланбаған өздігінен туындайтын себебсіз әлеуметенуге қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциялистер адам болмысының жалпы негіздері ойлары жөнінде дәлел айта алмай адамды өз өмірінің мәні мақсаты жауапкершілігінен айыратын қоғам тарих мәдениетке қайшы келетін жауыздық ақылдан аулақ тұңқиығына бірақ түсірді.
Ерік – адамның өз мінез - құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс - әрекеті екі түрлі. Оның бірі – еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздін жұмылып - ашылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші – ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңіуге ұмтылады.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл – адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай – ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алғ қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының өзгеруі мен түр – сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамның ерікті іс - әрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс - әрекеттерді соған бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік – адамның қарқынды іс - әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез – құлқы мен әрқилы істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс - әрекетінен байқалады. Қиын – қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен женіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп – нәзік қазақ қыздарының бойына күш – жігер, рух береді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да – адам еркінің бір көрінісі.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі – инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі – мұндағы материялдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченев ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоцациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттілерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызыметінің барлық зандарына бағынатың, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекетің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірбиесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материялдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғаттын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін - өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі – «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығы – оның шындыққа сай келмейтіндігінен. Оның тағы бір олқылығы мен шалғайлығы – Австрия психологі Зигмунд Фрейдтің «жыныстық еліктеу» дейтін көзқарасына негізделгендігі. З. Фрейд сананың дамуы, әсіресе, балаларда «жыныстық еліктеу» мен әлеуметтік орта арасындағы дау – дамайлардан туындап отыруында дейді. Бұл пікірдің шындықтан әлдеқайда алыс екендігідаусыз.
Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы – себепті байланыстылыққа, детерменизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да – ерік бостандығының бір көрінісі.
Ерік адамның практикалық және танымдық әркетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуі. Еріктік реттелудің мотивациямен байланысы. Рефлексия мен ерік. Рефлексия – (лат rе¦tехіо- бнйнелеп көрсету) –субъектінің психикалық күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырланадыратын қабілетпен теңестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |