Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет24/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Жасушааралық байланыстар
Көп жасушалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының құрамындағы жасушалардың өзара байланысы жасушааралық байланыстар деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.
Жасушааралық байланыстардың бірнеше түрлерін ажыратуға болады: жай жасушааралық байланыс (құлып және саусақ тәрізді байланыстар), десмосомалық, тығыз байланыстар, лента тәрізді десмосомалар, саңылау тәрізді байланыс.
Жай жасушалық байланыстар. Қабат кұрайтын жасушалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады. Бұндағы жасушалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Екі жасушаның плаз-малеммаларының арасында 15-20 нм жасушааралық кеңістік болады Жай байланыстан басқа жасушаларды өзара байланыстырып бекітетін арнаулы құралдар болады Ол «құлып» деп аталатын кұрылым. Бұл әдісте бір жасуша-ның плазмалық мембранасы екінші жасушаның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды. Құлып тәрізді немесі тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі.
Тығыз байланыс. Екі көршілес жасушалардың плазмалық мембраналары мейлінше жақындап, бір-біріне жабысып, қалыңдығы 2-3 нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен иондарды өткізбейді. Тығыз байланыс жасушаның апикальдік жиегінде болады.
Десмосомалар – эпителиалдық жасушалардың көбіне тең. Десмосома ара-қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес жасушалардың плазмалық мембра-наларының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша участок-терінен түзілген. Мембрананың астында жасушаның ішінде орналасқан тоно-фибриллалар бекитін тығыз пластинка бола­ды. Жасушааралық кеңістікте кейде цементтеуші зат байқалады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік жағдайда жанасатын жасушалардың десмосомалары бір-біріне тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын жасушааралық кеңістік болады. Электрондық микроскопта десмосома аймағы көршілес жасушалар-дың плазмалық мембраналарында орналаскан күңгірт дақ болып байқалады. Десмосомалардың функциясы – жасушаларды өзара бекіту.
Саңылау тәрізді байланыс немесе нексустар. Жасушадан жасушаға химиялық заттарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым. Байланыстың бүр түрінде екі көршілес жасушалардың плазмалық мембраналарының арақашық-тықтары 2-3 нм-ден аспайды.
Көршілес жасушалардың мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан. Коннексон – ортасында ені 2 км каналы бар, молекулалық массасы 20 мыңдай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат.
Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында жасушалардың функциялық ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады. Көршілес жасушалардың плазмалық мембранасындағы коннексондар бір-біріне дәл қарсы орналасып біртұтас жүйе құрайды.
Коннексондар иондар мен төменгі молекулалық заттардың бір жасушадан екінші жасушаға өтетін жасушааралық каналдардың міндетін атқарады. Саңылау тәрізді байланыс арқылы белоктар мен нуклеин қышқылдары өте алмайды.
Синапстық байланыс (синапстар):
Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән. Екі нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор арасында кездеседі. Нейрондар арасындағы бұл байланысты 1897 жылы Шеррингтон ашып, оны синапс деп атаған. Бір элементтен екінші элементке қозуды немесе бөгеуді біржақты өткізуге мамандалған екі жасуша байланысының участогі.
Плазмодесмалар. Клекааралық байланыстың бұл типі өсімдіктерде кездеседі. Плазмодесмалар көршілес екі жасушаны байланыстыратын жіңішке түтік тәрізді цитоплазмалық каналдар. Осы каналдарды шектейтін мембрана көршілес жасушалардың плазмалық мембраналарына ауысады. Плазмодесма-лар жасушаны бөліп тұратын жасушалық қабырғаны тесіп өтеді. Сонымен, кейбір өсімдік жасушаларында плазмодесмалар көршілес жасушалардың гиало-плазмасын байланыстырып тұрады. Плазмодесмалардың маңызы зор. Құра-мында қоректік заттар, иондар және басқа қосылыстар бар ерітінділердің жасушааралық ағысын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге плазмодесма арқылы жасушаларға өсімдіктер вирустары да таралады.

7 Лекция






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет