Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Тақырыбы: Жасушаның морфофункционалды құрылысы. Жоспар



бет25/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Тақырыбы: Жасушаның морфофункционалды құрылысы.
Жоспар:
1. Цитоплазма
2. Гиалоплазма, трабекула жүйесі
3. Цитоплазмалық кірінділер
Чех ғалымы Пуркинье 1840 жылы жасушаның ішкі құрамын белгілеу үшін «протоплазма» деген терминді ұсынған болатын. Протоплазма – жасушаны құрайтын тірі зат – кариоплазма (ядро деген мағынада) мен цитоплазмаға бөлінеді. Бұл екі терминді ғылымға енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер.
Цитоплазма жасушаның метаболизмдік жұмысшы аппараты. Мұнда негізгі метаболизмдік процестер жүреді.
Эукариондық жасушалардың цитоплазмасы гиалоплазмадан (hyalos – шыны), органоидтардан және кірінділерден тұрады. Жасушада белгілі функцияларды атқаратын цитоплазманың ерекше жіктелген бөлігін органоидтар (органелла) деп атайды. Аудармасы «кішкене орган».
Органеллаларды мембраналы және мембранасыз, жалпы маңызы бар және арнаулы органеллалар деп ажыратады. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық тор, Гольджидің комплексі, митохондриялар, лизосомалар, пероксомалар, ал мембранасыз органеллаларға рибосомалар, центриольдар, микротүтікшелер, микрофибриллалар, микрофиламенттер, кірпікшелер мен талшықтар жатады.
Гиалоплазма
Гиалоплазма (грекше hyaline – мөлдір), негізгі плаз­ма немесе цитоплаз-маның матриксі, жасушаның маңызды бөлігі, оның шын мағынасындағы ішкі ортасы. Электрондық микроскопта цитоплазманың матриксі гомогенді немесе электрондық тығыздығы төмен ұсақ дәнді зат болып байқалады.
Гиалоплазманың құрамында түрлі глобулалық белоктар мен цитоплаз-малық матрикстің ферменттері болады. Бұлар эукариондық жасушадағы белоктардың жалпы санының 20-25%-ін құүрайды. Матрикстің маңызды ферменттеріне гликолиздің ферменттері, қанттардың, азоттық негіздердің, аминқышқылдарының, липидтердің және басқа маңызды қосылыстардың метаболизмінің ферменттері жатады. Матриксте РНК мен белок синтезделуі кезінде аминқышқылдарының белсенділігін арттыратын ферменттер орналасқан. Жасушаның осмостық және буфферлік қасиеттері де гиалоплазма-ның құрамы мен құрылымына байланысты.
Гиалоплазма барлық жасушалық құрылымдарды біріктіріп тұрады және олардың бір-бірімен химиялық әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Аминқышқыл-дарының, май қышқылдарының, нуклеотидтердің, канттардың жасуша ішіндегі тасымалдануын да іске асырады. Гиалоплазмада плазмалық мембранаға және онан кері, митохондрияларға, ядро мен вакуольдарға иондардың ағысы үнемі жүріп отырады. Гиалоплазма АТФ молекулалары-ның жинақталатын орны. Мұнда гликоген, май тамшылары сияқты қоректік заттарда жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет