Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет47/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Хромосомалардың репродукциясы
Жасуша компоненттерінің көпшілігінің репродукциялық (санының екі еселену) қабілеті бар, бірақ та хромосомалар ғана репликацияланады, яғни өздерінің өзіндік ерекшеліктерін толықтай сақтай отырып екі еселене алады. Мұңдай репликация алдыңғы аналық құрылымды көшіру арқылы қамтама-сыз етіледі. Түрлі жасушалардағы ДНК-ның репликациясы интерфазаның әр түрлі кезеңінде жүреді.
ДНК синтезінің (репликациясының) дәуірінің ұзақтығы түрлі жасушалар-да бірдей болмайды. Цитоплазмалық компоненттерден хромосомалар құрылымының айырмасы регенерациялық қабілеті болмайды.
Хромосомалардың зақымдалған немесе жоғалған фрагменттері (үзінді-лері) қалпына келмейді.
Хроматин
Бекітілген ядроның боялушы құрылымдары өткен ғасырдан бастап хроматин деп атаған. Хроматиннің қасиеттері нуклеин қышқылына байла-нысты екені ертеден белгілі болған. Митоздық бөліну кезінде хроматиннен хромосомалар түзіледі.
Интерфазалық ядролардың хроматині құрамында ДНК бар денешіктер (хромосомалар). Осы кезде өздерінің тығыз пішінінен айырылып, босаңсып жазылады. Хромосомалар спиралінің жазылу дәрежесі түрлі жасушалардың ядроларында түрліше болуы мүмкін. Хромосома немесе оның участігі толықтай жазылса мұндай зонаны диффузиялық хроматин деп атайды. Толықтай босаңсымаған интерфазалық ядрода деспирализацияланған хрома-тиннің (кейде гетерохроматиннің деп аталатын) участіктері көрінеді. Интерфазадағы хроматиннің, хромосомалық материалдың жазылу дәрежесі бұл құрылымның қызметінің жоғары екенінің көрсеткіші. Интерфазалық ядроның хроматині неғұрлым диффузияланған болса ондағы синтездік процестер соғұрлым жоғары болады. Жасушалардың митоздық бөліну кезінде хроматин мейлінше ширатылады, осы кезде олар тығыз денешіктер – хромосомалар күйінде байқалады. Осы кезеңде хромосомалар ешқандай синтездік қызмет атқармайды. Цитохимиялық әдістермен хроматиннің құрамында ДНК мен РНК, сол сияқты қышқыл және негізгі белоктарға тән аминқышқылдар байқалған. Хроматин негізінде дезоксинуклеопротеид-терден (ДНП) тұрады. ДНП-ның құрамында ДНК-дан басқа гастондар мен гистон емес белоктар болады. Гистондардың молекулалық массасы жоғары және кұрамында амин қышқылдарының толық жинағы болады. Оларда триптофан болмайды. Гистондар жоғары сатыдағы организмдердің ядро-ларының бәрінде де кездеседі. Жасуша бөлінер алдында ДНК-ның сол сияқты гистондардың да саны екі еселенеді. Сонымен ядродағы гистондардың саны ДНК тәрізді тұрақты болады. Гистондар санының өзгеруі хромосомалардың ширатылу дәрежесіне әсер етеді. Мысалы, олардың мөлшерінің көбеюі хромосомалардың шамадан тыс ширатылуына әкеліп соғады, бұл жасушалардың бөлінуін бұзады. РНК-нің синтезделуін реттейді. Гистондар цитоплазмада полисомаларда синтезделеді, бұл синтез ДНК-ның репликациясынан бұрын басталады. Синтезделген гастондар цнтоплазмадан ядроға барып ДНК-ның участіктерімен байланысады. Хроматин қышқыл белоктары гистондардан, түрлі белоктардан тұрады, олардың құрамында триптафон да болады. Бұл белоктар ядроның метаболизмдік қызметімен байланысты. Бұлардың ядродағы саны тұрақсыз, жасушаның тіршілігінде өзгеріп тұрады. Хроматиндік құрылымдардың құрамына кіретін анорганика-лық заттардан нуклеотидтік алмасудың көптеген ферменттерінің белсенді-лігіне қажет кальций мен магнийді атауға болады. Ядроның хроматиндік құрылымдары жасушаның белоктарын синтездеуде елеулі рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет