Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет52/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Эндорепродукция
Митоз бен мейоздан басқа жасуша репродукциясының басқа да тәсілдері мәлім – эндомитоз бен политения. Репродукцияның бүл типтерінде жаңа ядролардың пайда болуы және жасуша денесінің бөлінуі жүрмейді. Эндомитоз бен политенияның митоздан өзгешелігі жасушалар саны көбеймейді, бірақ та хромосомалардың өсуі мен репродукциясының нәтижесінде бұл процестер кезінде протоплазманың синтезі мен жасуша массасының артуы байқалады. Репродукцияның бұл тәсілдері кездесетін организмдерде (немесе органдарда) өсу процестері жасушалар санының көбеюінің есебінен жүрмейді, олардың массасының артуы арқылы жүреді.
Эндомитозда хромосомалардың рсдупликациясы ядро қабықшасының сақталуымен және жасуша денесінің бөлінбеуімсн жүреді. Эндомитоз хромосомалардың ширатылуынан басталады (эндопрофаза). Содан кейін (эндометафаза) хромосомалар хроматидаларға бөлінеді. Эндотелафазада белінген жас хромосомалар жазылады. Осы өзгерістердің бәрі ядро абықшасы бұзылмастан және митоздық аппараттың түзілуімен жүреді. Эндомитоздың нәтижесінде хромосомалардың саны екі еселенеді және полиплоидтық ядролар пайда болады. Эндомитоздар нематодтардың, насе-комдардың, шаянтәрізділердің түрлі ұлпаларында және кейбір өсімдіктердің тамырларында кездеседі. Сүтқоректілердің бауырының, эпидермистің, бүйректің, ұйқы безінің және басқа көптеген органдардың жасушаларында байқалған.
Эндомитоз эволюция процесінде митоз варианттарының бірі ретінде пайда болған деп жорамалдайды. Политения – ядроның қайта құрылмауымен және хромосомалар санының көбеюімен хромонемалардың көбеюіне әкеліп соғатын хромосомалардағы хромонемалардың редупликациясы. Хромосома-лардың ішінде жүретін бұл процесс полигплоидизацияға және ядро мен цитоплазманың массасының көбеюіне экеліп соғады. Политения қоскднпы насекомдарда, инфузорияларда және кейбір өсімдіктерде кездеседі. Политения – политендік хромосомалардың түзілуінің негізгі тәсілі.
Амитоз
Жасушалардың тікелей бөлінуін 1841 жылы Ремак байқаған. Бұл фактіні 1845 жылдан бастап көптеген зерттеушілер: Моль, Нигели, Рейхерт, Келликер және басқалары растаған болатын.
Амитоз – ядро интерфаза күйінде болатын жасушаның бөлінуі. Митозға қарағанда сирек кездеседі. Мұнда хромосомалар ширатылмайды және бөліну ұршығы түзілмейді. Амитоз екі жасушаның пайда болуымен аяқталуға тиісті, бірақ та көбінесе ядро бөлінеді де екі немесе көп ядролы жасушалар пайда болады. Ядро бөлінгеннен кейін кейде цитоплазма да бөлінеді. Басқа жағдайларда цитотомия жүрмейді, амитоз көп ядролы жасушаның пайда болуымен аяқталады.
Жасуша бөлілуінің бұл түрі эукариоттардың бәрінде дерлігінде кездеседі: жануарларда, өсімдіктерде, қарапайымдарда. Әдетте жасушаның амитоздық бөлінуі ядрошықтың пішіні мен санының өзгеруімен басталады. Ядрошық бөлінісімен немесе бір мезгілде ядроның бөлінуі жүреді.
Амитоз азғындаған және өлуге тиісті немесе дамудың соңғы кезеңіндегі жасушаларда байқалады Мысалы, жануарлардың ұрық қабықшаларында, аналық жыныс бездерінің фолликулалық жасушаларында т.б. кездеседі. Өсімдіктерде амитоз жіктелген, уақытша немесе өлуші ұлпаларда байқалады (түйіндердің паренхимасында, эндоспермада, перисперманың жасушасында және басқаларда). Ядролардың амитоздық бөлінуінің түрлі формалары патологиялық процестер кезінде жиі кездеседі (қадбыну, регенерация, қатерлі ісіктің өсуінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет