Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Жыныс жасушаларының дамуы. Мейоз-сперматогенез, оның құрылысы. Оогенез, оның құрылысы, кезеңі



бет54/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Жыныс жасушаларының дамуы. Мейоз-сперматогенез, оның құрылысы. Оогенез, оның құрылысы, кезеңі
Алғашқы жыныс жасушалары ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болады. Бұл кезде оларда жыныстық айырмашьшық байқалмайды. Бұлар ұрықтың басқа жасушаларынан, заттар алмасуының кейбір ерекшеліктері жағынан өзгешеліктері көріне бастайтын ірі жасушалар, Алғашқы жыныс жасушалары денесінде емес (құс пен сүтқоректілерде), алғашқы қан тамыр-лары түзілетін уақытша органдарда (сарыуыз қапшығының энтодермасында) пайда болады. Алғашқы жыныс жасушалары кейін қанның ағысымен немесе тамырлардың бойымен өз бетінше қозғалып, жыныс безінің ұрығына жиналады. Содан кейін оларды гаметалардың онан әрі дамуын қамтамасыз ететін жыныс бездерінің ерекше жасушалары - фолликулалық жасушалар қоршайды.
Гаметагенездің кейінгі кезеңдері ұрықтың жынысына байланысты түрліше жүреді. Гаметагенез сперматогенез және овогенезге бөлінеді.
Сперматогенез
Аталық гаметалардың даму циклын сперматогенез дейді. Сперматоге-нез аталық жыныс безінінің ирек каналшықтарында жүреді және төрт дәуірге бөлінеді: 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп-жетілу, 4) қалыптасу немесе спермиогенез.
Көбеюші аталық жасушаларын сперматогенийлер деп атайды. Көбею дәуірінде сперматогенийлар митоздық тәсілімен жедел бөлінеді. Осының нәтижесінде олардың саны көбейеді. Сперматогенийлердің бөліну саны түрлі жануарларда түрліше болады. Бірнеше рет бөлінгеннен кейін өсу дәуірі басталады. Өсу дәуіріндегі аталық жыныс жасушалары алғашқы сперма-тоциттер немесе I ретті сперматоцгатер деп аталады. Өсу дәуірінде сперма-тогонийлер өсіп, үлкендігі орташа есеппен төрт есе үлкейеді. Олардың ядросында мейозға әзірлік болып табылатын күрделі езгерістер байқалады.
Пісіп-жетілу дәуірін жыныс жасушаларының диплоидтық күйінен гаплоидтық күйіне ауысу деп қарастырады. Бұл өзгеріс иитерфазаға ауыспас-тан клетқаның екі рет белінуі арқылы жүреді. Пісіп-жетілудің бірінші бөлінуін редукциялық бөліну немесе мейоз дейді, ал пайда болған жас жасушаларды ІІ ретті сперматоциттер деп атайды. Екінші бөлінуі эквациялық бөліну, оның нәтижесінде пайда болған жасушаларды сперматидалар дейді. Мейоз кезінде хромосомалардың саны екі есе кемиді. Сонымен бірге мейоз-ды митоздан ажырататын көптеген процестер жүреді: гендік материалдың рекомбинациясы, гомологты хромосомалардың өзара участіктерімен алмасуы (кроссинговер), конъюгациядан кейін гомологты хромосомалардың ажырасуы т.б. Пісіп-жетілу дәуірінен кейін дамудың соңғы кезеңі қалыптасу дәуірі (спермиогенез) басталады, осы кезде сперматидалар спермато-зоидтарға айналады. Сперматидалар ядросының кұрылымы айқын байқала бастаған, цитоплазмасында органоидтардың бәрі де бар кішкене жұмыр жасушалар. Сперматозоидтарға қарағанда цитоплазмасы көбірек болады. Сперматозоидтің қалыптасуы сперматида ядросының, жасушаның болашақ бас бөліміне қарай орын ауыстырып плазмалемманың астына барып орналасуынан басталады. Ядро мен плазмалемма аралығында көпіршік бөле бастайтын Гольджи аппараты орналасады. Ядро осы кезде кішірейіп тығыз-данады. ДНК мен гистоннан тұратын нуклеопротеиндік жіптер шырматылып ядроны толықтай алып тұрады. Сперматозоидтағы ДНК саны сперматида-дағы күйінде қалады, бірақ та ядроның көлемі кішірейгендіктен спермато-зоид басының ядросындағы оның концегарациясы жоғарылайды. Гольджи аппараты ядро мембранасы мен плазмалемманың аралығында жататын акросоманы қалыптастыруға атысады. Екі центриольдер өздерінің орында-рын тастап, акросомаға қарама-қарсы ядроның полюсіне орналасады. Центриольдардың арасындағы цитоплазманың учаскесі сперматозоидтің мойнын құрайды. Дистальдік цснтриолъдан кұйрықтың орталық (осьтік) жібі өсе бастайды. Проксимальдік центриоль ұрықтану кезінде зиготаға түсіп, оның бөлінуіне қатысады. Сперматозоид талшығының орта бөлігінде мито-хондриялар жаналып, митохондриялық спиральді кұрайды. Осы өзгерістер-дің нәтижесінде сперматозоид қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет