Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Тақырыбы: Мембранаcыз органеллалар Рибосомалар. Жасуша орталығы. Арнаулы органойдтар



бет28/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Тақырыбы: Мембранаcыз органеллалар Рибосомалар. Жасуша орталығы. Арнаулы органойдтар


Жоспар:

  1. Мембранасыз органелла-Рибосомалар, құрылысы, химиялық құрамы.

2. Жасуша орталығы. Құрылысы. Жасушаның өмір циклінде оның өзгеруі.
3. Тіректік құрылымдар
4. Эукариот жасушаларындағы кірпікшелер мен талшықтар, олардың құрылысы мен қызметі.

Электрондық микроскоптың көмегімен ашылған органоидтардың бірі рибосомалар – тығыз бөлшектер, Паладтың гранулалары деп те аталады.


Рибосомалар – прокариоттар мен эукариоттардың жасушаларында бола-тын диаметрі 15-25 нм өте ұсақ жұмыр бөлшектер. Эукариоттар жасушаларында рибосомалардың екі популяциясы байқалады: гранулалық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетіне бекінген, цитоплазмада немесе митохондриялар мен хлоропласт сияқты органоидтардың матриксінде бос орналасқан.
Рибосомалар бөлшектерінің үлкеңдігін ультрацентрифугада бөлшектер шөгуінің жылдамдығын сипаттайтын седиментация константасының (S – Сведберг бірлігі) көмегімен белгілейді. Белшектер неғұрлым салмақты болса, соғұрлым тез шөгеді.
Ультрацентрифуганы тұңғыш рет ойлап шығарған және ультрацентри-фугалаудың ғылыми негізін қалаған швед ғалымы Сведберг. Молекулалық массасы алты мил­лион «тұтас» рибосомаларды 100 рибосомалар деп атайды (Сведбергтің 100 бірліктер). Прокариоттар рибосомаларының седиментация коэффициенті 708, эукариоттардікі 808. Митохондриялар рибосомаларының седиментация коэффи­циенті рибосомалардың 708 класына жатады. Хлоро-пластардікі 67-708 тең.
Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі құрылымдық суббірліктен құралған – үлкен және кіші. Рибосомалардың суббірліктері РНК мен белоктан тұрады. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық тордың липопротеидтік мембранасына рибосомалардың бекуіне қатысады. Рибосомаларда белоктар синтезделеді. Бактериялардан сүтқоректілерге дейінгі организмдердің бәрінің рибосома-лары үлкендігі, құрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас. Белок пен РНК-ның бірдей мөлшерінен тұрады. Рибосомаларда липидтер болмайды.
Белоктарды жедел синтездейтін жасушаларда рибосомалар көп болады. Сол сияқты жасушалардың өсу дәуірінде де цитоплазмада, эндоплазмалық тордың мембраналарына бекімеген, көптеген бос рибосомалар байқалады. Ересек және кәрі жасушаларда рибосомалар жоққа жуық немесе болмайды. Көптеген жасушаларда мРНК-ның молеклалары бос рибосомаларды біріктіріп полирибосомалар немесе полисомалар деп аталатын кішкене топтар құрайды.
Рибосомалар үнемі қозғалыста болады. Рибосомалар митохондрия-лардың, Гольджи аппаратының мембраналарына, плазмалыө мембранаға бекімейді, лизосомалардың мембраналарына да жанаспайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет