Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет32/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Жасушаның қозғалысы
Биологиялық қозғалыстың түрі мен атқаратын қызметі алуан түрлі.
Жасушалық қозғалыстың негізгі формалары амеба тәрізді қозғалыс, цитоплазмалық қозғалыс (циклоз), талшықтар мен кірпікшелер және оларға ұқсас құрылымдардың қозғалысы. Жиырылғыш жүйенің жоғары дәрежеде жетілген түрі бұлшық еттік қозғалыс.
Цитоплазманың қозғалысы
Өсімдіктер жасушаларының көпшілігінің және жануарлардың кейбір жасушаларының цитоплазмасы үнемі айналып қозғалып тұрады. Жануарлар жасушаларына қарағанда өсімдікгер жасушаларында цитоплазма тез қозғалады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтарының жасушалары-ның және қайсыбір балдырлардың жасушаларының цитоплазмасының ағысы тез жүреді. Миксомицеттердің плазмодияларында цитоплазманың қозғалысы цитоплазманы алмастырумен шектелмейді, сонымен бірге плазмодияның өзін де қозғайды.
Барлық жасушаларда байқалған цитоплазманың қозғалып араласып тұруы түрліше жүреді және цитоплазманың морфологиялық құрылысына, ондағы алмасу жағдайына, температураға т.б. байланысты.
Цитоплазманың қоззғалысына энергия қажет. Энергия АТФ-тың макро-эргалық фосфаттың байланыстарының ферменттік ыдырауынан пайда болады. Тірі жасушаға АТФ енгізсе, олардың цитоплазмалық қозғалысы үдейді. Цитоплазмалық қозғалыс анаэробиоз кезінде де мүмкін.
Амеба тәрізді қозғалыс
Амеба тәрізді қозғалыс цитоплазма белсенділігінің бір түрі. Жануарлар жасушаларында кең тараған. Мұнда қозғаушы мүше жалған аяқтар. Түрлі жасушалардың амеба тәрізді қозғалысының жылдамдығы түрліше. Мысалы, амеба секундіне 0,5-тең 4,6 мкм жылдамдықпен қозғалады, аксолотль лейкоциттерінің жылдамдығы минутына 33-40 мкм, адамның нейтрофильдік лейкоциттері – 45-50 мкм, лимфоциттер – 4-30 мкм, эозинофильдер – 1,5-9 мкм тең.
Амеба тәрізді қозғалыс қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді. Атап айтқанда температураға, жарыққа, ультракүлгін сәулеге, осмостық және механикалық қысымға, ортада кальций ионының болуына т.б. Қозғалыстың бұл түрі амебаларға ғана тән емес, сонымен бірге жоғары сатыдағы жануарлардың кейбір лейкоциттер мен дәнекер ұлпасының көпте-ген жасушаларында да байқалады. Лейкоциттер амебаша қозғалып тамырлар-дың қабырғасы арқылы шығып ұлпалардың арасын кезіп жүреді. Әсіресе, олар бактериялардың көп жиналатын қабыну ошағына қарай қозғалады. Бактериялардан бөлінетін заттар мен ұлпалардың ыдырау өнімдері тітіркен-діргіш болатындықтан, лейкоциттер сол бағытқа қарап қозғалатын болуы керек.
Амебаларда, лейкоциттерде және басқа жасушаларда түзілетін жалған аяқтар қозғалыс мүшесі ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортадан түрлі бөлшектерді ұстау кұралы. Амебалар үшін мұндай бөлшектер қоректік заттар. Лейкоциттер мен дәнекер ұлпасының жасушалары жалған аяқтарымен организмге зиянды сыртқа шығарылуға тиісті бөгде бөлшектерді де ұстайды. Жасушалардың осы қабілетін И.И.Мечников зерттеп фагоцитоз (грекше рһаgо – жеу, cytos – жасуша) деп атаған, ал жасушалардың өздері фагоциттер деп аталады. Қарапайымдарда фагоцитоз қоректенудің негізгі әдісі, ал жоғары сатыдағы жануарларда ол мамандалған жасушалардың микрофагтар мен макрофагтардың көмегімен іске асатын қорғаныш реакция болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет