Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева



бет32/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

3-Қылует (Халует)
Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді. Кашшани қылуетті “тірі жанға көрінбейтін жерде сырдың (көңілдің) Аллаћпен тілдесуі, оған жалбарынуы” деп суреттеген.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол.
Мұхаммед пайғамбар өзінің пайғамбарлығынан бұрын, яғни пайғамбарлық келетін жылы адамдардан бөлек, Рамазан айында Хира үңгірінде іштей (батыни) құлшылыққылатын. Тіпті, пайғамбарлық кезеңінің өзінде Рамазан айының соңғы он күнін итикафпен өткізетін. Міне, бұлар қылуетке жатады.
Мұхаммед пайғамбардың жолы бойынша Ахмет Ясауи де қылуетті қалыптастырған. ¤зі де жас кезінен Мұхаммед пайғамбардың сүннетін қатты ұстағанына байланысты пайғамбар жасы болған 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, баспалдақпен түсетіндей етіп жасатады және Мұхаммед пайғамбардың“өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған. Кейбір аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауи қылуетте 63 жасынан бастап, 120, 125 немесе 133 жасына дейін өмір сүрген. Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс тұсында жүз елу метр қашықтықта орналасқан жер асты мешіті-қылует орналасқан. Қылует діни рәсімдерге, шаруашылық жұмыстарға арналған бөлмелерден тұрады.
Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол.
Мұхаммед пайғамбар өзінің пайғамбарлығынан бұрын, яғни пайғамбарлық келетін жылы адамдардан бөлек, Рамазан айында Хира үңгірінде іштей (батыни) құлшылық қылатын. Міне, бұлар қылуетке жатады. 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, Мұхаммед пайғамбардың “өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған.
Аңыздарда Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрахим шайыхтың асхабы Мұса шайых Ибрахим шайыхтың қылуетінде он бес жыл қызмет қылады. Сопы Мұхаммед Данышпан Зарнуқи Ахмет Ясауи қызметінде болып, қырық жыл қылует қылды. Ясауи Ахмет Қожа атаның 120 жыл өмірі болды. Қырық қылуетханасы бар еді. Қылуетке кірер еді, 41-ші күні шығар еді дейді аңыздарда.
Қожа Ахмет Ясауидің белгілі шәкірттерінің бірі - Сопы данышпан Зарнуқи Сафи ад-дин Қойлақының шежіресі «Насаб-намада» Қожа Ахмет Ясауидің қызметінде қырық жыл қылует қылғаны айтылады. Содан кейін Ахмет Ясауи шәкіртін Отырарға суфра тұтуға жібереді. Мұхаммед Данышманд Отырарда қырық жыл софра тұтты. Онда сопыхана болды.
«Насабнама» шежіресінде Ибрахим шайх отызға жуық «Халуат» мешіттерін басқарғаны айтылады. Ахмет Ясауидің өзі де елуден аса «Халуатты» басқарып, олардың жұмысына басшылық жасауға мүридтерін жіберіп отырған.
Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Үлкен Қылует мешітінің құрылымын зерттеушілер келесі түрлерге бөледі:

  1. Ғар

  2. Мешіт бөлмесі

  3. Жамағатхана

  4. құжыралар

  5. Ыстық су дайындайтын бөлме

  6. Жуынатын бөлме

  7. Дәрет алатын бөлме

Ясауи жолын қуушылар қысқы қырық күн шілдеде жиылып діни жоралғылар өткізген .
Ясауи жолындағы қылует дәстүрінде қылуетке кіргендер ауыз ашқан соң қара тарыдан қылует сорпасын берген. Ол болмаса қызыл тары да қолданылған. Ыстық басуға қарбыз не айран берілген. Қылуетпен қырық күн біткен соң асханадағы қызметшілер бәрінен бұрын дәстүр бойынша қылуетханадан шығып, құрбандық шалады. Шалынған құрбандық тамақ мүшесін кәуап етіп, суық су не айранмен қылуеттегілерге берілген дейді зерттеулер.
Дәуріштердің, сопылардың өмір сүру салты, күнделікті қолданылған ас-ауқаты өте қарапайым және нәпсіні тежеуді негізделген. Осыған орай тары дақылы,елдің ежелден бері қолданған асы кең қолданылған. Аталған тарыға байланысты Ахмет Ясауи және шәкірттеріне ілімін беруге қатысты аңыздар бар. Ахмет Ясауидің басында тәж болатын. Бұл тәж, күпі, шырақ, дастархан (сопыра), байрақ пен жайнамаз аманат ретінде Тәңір тарапынан Хз.Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) берілген. Ол бұларды Әлиге, ол да имам Хасанға, имам Хасан имам Хусейнге, ол да имам Зайн ал-Абидинге ол ұлы Мұса Қазымға, ол ұлы иман Али Ризаға, Али Риза бұл аманатты Түркістанның 99 мың пірінің ұлы пірі-Қожа Ахмет Йасауиге тапсырған .
Иасауий тариқатының ерекшелігі сопылық ұғымдарды беретін тіркестер асқа қатысты болуы дейді ғалымдар. Сопылық ілім –құрма, құрманы аманат ретінде беру, тапсыру, ал ілімді жаю- софра, дастархан жаюмен, тұтумен бейнеленеді. Елдің ежелден келе жатқан дәстүрінде дастархан киелі, қасиетті болып табылады. Қазіргі кезге дейін нан илеуде пайдаланылатын дастарханды ел, ата-бабаларымыз «сыпыра» деп атаған. Ол осы кезге дейін солай аталады. Әулиелік ишарат софыра қалдыру, тариқат қағидаларының ең бастысы – қонақ күту, ас беру, дастархан жаю, ас беру, нан тарату болды. Софра, дастархан қалдыру, нан тарату рәсімнің исламдық сипаты бар. Бұл исламды жаюды, тарихатты үстем қылуды білдірген түсініктер.
Қазақтарда ұн елегенде, нан жайғанда пайдаланатын дастархан,
түрін «сыпыра» деп атайды. Ясауи ілімін жаюды түсіндіретін «софра» мен ежелден еліміздің рухани, заттай құндылықтар болып өмір сүрген, кең қолданылған «сыпыра» түсінігімен сай келеді. Оны бұрын жұқа теріден жасайтын болған. Ілім берекесін кең жайюдың белгісін –софра, дастархан жаюмен үндестірген. Дастархан атауы— береке, ризық, дәулет, молшылық деген сөздердің баламасы ретінде де қолданылады. Қазақтың біреуге «Дастарханың мол болсын» деуі оның үй-ішінің молшылық та түруына, дәулетті болуына тілектестік білдіргені.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Қылуетке заттай қамтамасыз етуге байланысты келесі деректерді қарастыруға болады.
XX ғ. бірінші ширегіне дейін қылуетке мыңдаған (жиырма мыңға дейін) зиаратшылар жиналған .
Зиаратшылар үшін онда бөлмелер, атқора, қонақ үйлер орнатылған. Мұнда бір бөлмеден баспалдақ арқылы жер асты бөлмесі «Ғарға» түседі. В.В.Гордлевский еңбегінде мұнда бір апта бойы жұмадан бейсенбіге дейін түнде зікір айтылғанын жазады. Қылуеттегі, Ғардағы рәсімнің өтуі зерттеуші уақыт бойынша қыстың ортасына сәйкес келеді дейді. Бұл қыстың қырық күн шілдесі кезі болар.1929 жылы Түркістанда болған зерттеуші қылует дәстүрін жазған болар. Төрт метр тереңдіктегі ені 1м, 34 см, 1метр, 34 см. ұзындығы бар бөлме. Қырық күндік ораза ұстау рәсімі өтілген. Ол Ғар бөлмесінің жанында болған. Қылуеттің екі бөлмесі XIV ғ. мерзімделген. Қылуетхана кешенінде ошақ, сандал, бөлмелердегі интерьерлер ол жер тұрғын жай ретінде қолданғанын көрсетеді. Сонымен бірге тахаратхана бөлмелері, жуынатын оңаша бөліктер болған. Қылуетхана кешенінде құдық, ошаққа қойылған қазан,су жылытылатын ошақ келесі бөлмеден қыздырылған. Ол бөлмеде ағаштар сақталатын болған. Үлкен залдың ені он мен ұзындығы он екі метр болған. 1940 жылғы А.Шмидт Қылует интерьерінің макетін жасады. Бұл макет қазіргі кезде Мемлекеттік Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық мүражайының экспозициясында тұр. Кезінде Қылует кешені әр түрлі қызмет атқарған бөлмелерден тұрған. Қылуеттің жұмыс істеу сипатына зерттеу жұргізе отырып ғалым Е.Смағұлов екі кезеңге бөледі:

  1. XII; XV-XVIII ғғ.

  2. XVIII-XX ғғ.

Қылует кешенінің құрамында төрт бөлмеде төрт құдық болған. Қазан
қойылған ошақтар су жылыту үшін қолданылған.Т.Сенигова, Е.Смағұловтың зерттеулерінде Қылует кешеніндегі сегізінші ретпен белгіленген бөлме рәсімді атқарған адамдардың уақытша тұрған бөлмесі болған болар дейді. Қылует кешенінде тұрғын бөлме де болған. Қолданылған су ташнаулар-ерекше су сіңетін құдықтар арқылы шығарылған.
XIX ғ. ортасында Қылуетке арналған ағаш алу үшін қаржы мәселесі туралы құжаттардың бары жоғарыда айтылды. Кесене маңында, солтүстік қас бетте орналасқан шілдехана күмбезді, жартылай жер астында орналасқан құрылыс, оңашаланып ораза ұстауға отыратын бөлме болған.
Кезінде Қылует міндетін атқарған «Кіші Қылует», «Құмшық ата», «Шілдехана», Шәмет Ишан мешіті, «Имам Марғузи» мешіті құрылыстарында оңашаланатын қылуеттер болғандығы белгілі .
XX ғ. басында 1920 жылдардың ортасында Әзірет Сұлтан кесенесінің батыс тұсындағы жер асты мешітіне ораза айында ел қылуетке түскен, құрылыстар қалдығы осы күнге дейін сақталған.
1929 жылы Түркістанға келген Ж.Аймауытов «оразада мыңдаған шалдар қылуатта жататын жер асты орыны (қорасы)... Ол бір дерттің ұясы...» деп жазады. Қылует кезінде нәпсіге тиісті қалау, ниеттер жанып жоқ болған. «Өлместен бұрын өлу». Оңашаланған орын –Қылует-оңашалау Ясауи тарихатының ерекшелігі. Қожа Ахмет Ясауидің белгілі шәкірттерінің бірі - Сопы данышпан Зарнуқи Сафи ад-дин Қойлақының шежіресі «Насаб-намада» Қожа Ахмет Ясауидің қызметінде қырық жыл қылует қылғаны айтылады. Содан кейін Ахмет Ясауи шәкіртін Отырарға суфра тұтуға жібереді. Мұхаммед Данышманд Отырарда қырық жыл софра тұтты. Онда сопыхана болды .
Қылует кешеніндегі «Ғар» сияқты жеке адамның өмір сүруіне арналған бөлмелер Түркістан аумағында Қарнақта, Сайрам мешіт құрылысында, Маңғыстаудағы Шопан ата , Бекет ата мешіті, Шақпақ ата мешіті, Сұлтан Үпі мешіті, Бұхарадағы Бахауитдин құрылыс кешенінде, Піскент ауданындағы «Янтақ» селосында, Самарқандағы Шахи Зинда құрылысында, Ташкенттегі Зайнутдин – баба кесенесінде және Құсам инб-Аббас кесенесінде кездеседі. Мұндай мешіттер Отырарда және Сырдың батыс бетіндегі Зернұқ (Уәсидыс) қаласында да болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет