Тақырып 3. Меншік қатынастары.
Лекция жоспары: (1 сағат,2 апта)
Экономикадағы меншік қатынастарының рөлі.
Меншік экономикалық категория ретінде
Меншік және иемдену заңдары. Меншік құқығының экономикалық теориясы.
Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.
Меншік иелері үш типке бөлінеді:
Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.
Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.
Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.
Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.
«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихи бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.
Еңбектік жеке меншік тұлғалары – жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |