Аутэкология – дараларды, оларға экологиялық факторлардың әсерін зерттейтін экологияның бөлімі болып табылады.
Демэкология – популяцияларды, олардың динамикалық и статистикалық сипаттамаларын, популяцияның жастық және жыныстық құрамын және даралардың тіршілік ету формалары мен түрішілік қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Синэкология – бірлестіктерді, биоценоздардың, экожүйелердің сипатаммаларын, бірлестіктегі биотикалық байланыстарын және түраралық қарым-қатынастарды зерттейтін эколгияның бөлімі.
Географиялық экология ландшафттарды, ірі геожүйлерді, тірі ағзалардың және олардың ортасының қатысуымен өтетін географиялық үдерістерді зерттейді.
Ғаламдық экология биосфераны, оның сипаттамалары мен көлемін зерттейді.
Зерттеу пәні бойынша экологияны микроағазалардың (прокариоттардың), саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың, адам экологиясына, ауылшаруашылық, өңдірістік (инженерлік), жалпы экологияға бөледі.
Орта және компоненттер бойынша экологияны құрлық, тұщы сулар, теңіз, биік таулар, химиялық (биохимиялық, геохимиялық) экологияларға бөледі.
Уақыт факторы бойынша тарихи және эволюциялық (сонын ішінде археология) экологияларға бөлінеді.
3. Экология ғылымының қысқаша даму тарихы
Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етулеріне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды, қай кезде, қандай жерде қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бүл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағагатан, т.б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай, т.б. мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім.
Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырында (б.э.д. VІ-IV ғасырлар) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі сипатталады. Тіпті кейбіреулерінің саныньң артуы және кемуі туралы мәліметтер де келтірілген. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. ІV-ІІ ғғ. жылнамаларында бірқатар өсімдіктер туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер ежелгі дүние ғалымдары Гераклиттің (б.э.д. 530-470 жылдар), Гиппократтың (б.э.д. 460-370 жылдар), Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жылдар) еңбектерінде келтіріліп, талданады.Эмпедокл өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысты екенін ал, Гиппократ өз жұмыстарында орта факторларының адам денсаулығына әсері туралы өз ойларын айтады. Аристотель «Жануарлар тарихы» еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, мінез-құлқына сипаттама беріп, оларды қоректенуі және тіршілік етуі бойынша топтарға бөледі. Мысалы, балықтардың миграциясы мен қысқы ұйқыға кетуі, қүстардың жылы жаққа ұшуы, қүстардың ұясын салуы, жануарлардың ің қазуы және т.б. Ғылымды дамытудың алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің түңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады. Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 жылдар) қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістікте өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауа райының тигізетін әсерлерін баяндайды. Философтың бұл еңбегінде сонымен қатар, әртүрлі ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың қандай топырақта жақсы өсетіні туралы деректер келтіріледі.
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалды. Өйткені, бұл кезде құдайға құлшылық етуге баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Жалпы қоршаған орта мен тіршілік иелерінің байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмады. Барлық нәрсе «тек құдайдың жаратушылық қүдіретімен жасалған» деген үғым көптеген көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың өзін «қол-аяғын байлап» тастаған болатын. Басқаша ой ойлау, өзге идеяны насихаттау былай түрсын, тіпті ежелгі философ ғалымдардың еңбектерін оқығаны ушін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің көптеп орын алғаны белгілі. Бұл кезең осылай мың жылдай уақытқа созылды.
Осы уақыт аралағында саусақпен санарлықтай ғана ғылымдық мәні бар еңбектер жазылды. Олардың да басым көпшілігі Разестің (850-923 жылдар), Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037 жылдар) дәрілік шөптердің қасиеттері туралы айтылған еңбектеріне, Марко ГІолоның (XIII ғ.), Афанасий Никитинің (XV ғ.) алыс елдердін табиғаты,мәдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы жазбаларында көрсетілген түсініктемелеріне танымдық материалдарына сүйеніп жазылды.
Орта гасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ғанағылымға жаңа серпін, тың бетбүрыс жасауға Альберт Великийдің (Альберт фон Больштедтің, 1193-1280 жылдар) еңбектері қозғау салды. Ол өзінің кітабында өсімдіктердің есуінде топырақтан басқа «күн жылуының» да әсері ерекше роль атқаратынын және олардың «қысқы ұйқыға» кетуі өсімдіктердің өсіп-өнуіне, көбеюіне ықпал ететінін және ұүл қүбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашып көрсетіп берді.
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану, биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды.- Алайда, соған қарамастан табиғаттанушылардың еңбектерінде табиғат туралы метафизикалық көзқарастар да басым болды. Бұл еңбектерде өсімдіктер мен кейбір жан-жануарлардың ортаға бейімделуі, жерсіну ерекшеліктері, су тасқынының орын алу себептері туралы ой-пікірлер кеңінен сөз болды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы «жан-жануарлардың тарихы» деп атады. Танымал ағылшын химигі Р.Бойль (1627-1691 жылдар) тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды. Ол әртүрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әр қалай әсер ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді.
Сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына әсері туралы мәселелерді ХУШ ғ. екінші жартысында француз жаратылыстанушысы Ж.Бюффон өз зерттеулерінде қарастырды. Оның ойынша, бір түрдің екінші түрге айналуының себебі - «орта температурасы, азық сапасы және қолға үйрету», - деп санады.
Алғашқы эволюциялық ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) «сыртқы жағдайлардың» әсері - өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, организмдердің бейімделуге өзгергіштігінің басты себебі деп есептеді.
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жануарлар, өсетін өсімдіктер әлеміне әсер ететінін, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды компоненттердің өзара тығыз байланыста болатынын XVIII ғ. Ресей ғалымдары да өз еңбектерінде көрсетті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В.Ломоносов «Жер қыртысы туралы» трактатында «... адамдардың кәбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының қүдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер...» деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зерттей отырьш, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялык, ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының негізін қалау мәртебесі неміс ғалымы А.Гумбольдтің (1769-1859 жж.) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдық зерттеуі негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» деген еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа райының жағдайына, әсіресе температуралық факторға байланысты екендігін жан-жақты ашып көрсетіп берді. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К.Ф.Рульенің (1814-1858 жж.), Н.А.Северцовтың (1827-1885 жж.), А.Н.Бекетовтың (1825-1902 жж.) еңбектерінде одан әрі жетілдіріліп, тереңдетіле түсті.
Экология, жалпы бүкіл биология ғылымының одан әрі дамуына, эволюциялық ілімінің негізін салушы ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1882 жж.) зерттеулерінің маңызы зор. 1859 жылы Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу бойынша түрлердің шығу тегі» еңбегінде, табиғатта «тіршілік үшін күрес», яғни, қоршаған ортамен қарама-қайшылығы көп байланыстар табиғи сұрыпталуға алып келеді, эволюцияның қозғаушы күші болып табылады, - деп атап өтті. Оған атақты орыс ғалымдары В.В.Докучаев (1846-1903 жж.), В.И.Вернадский (1863-1945 жж.), В.Н.Сукачев (1880-1967 жж.), Н.Ф.Реймерс (1931-1993 жж.) үлкен үлес қосты. Олардың ішінен В.И.Вернадскийдің еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, қазіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны «әлемдік экожүйе» деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттар мен энергия тепе-теңдігіне байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. Сонымен қатар В.И.Вернадский «ноосфера» концепциясының негізгі қағидаларьн да тұжырымдады.
«Экология» ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген неміс ғалымы Э.Геккель (1866 ж) экологияға мынадай анықтама берді: «Экология деп, біз табигат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның онымен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымактастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу деп түсінеміз».
Достарыңызбен бөлісу: |