Aвтоматты басқарылатын тігін машиналары
Микропроцессордың тігін машинасын басқаруы. Тігіншінің автоматтандырылған жұмыс орнының құрылымы.
Автоматты басқарылатын тігін машиналары. Егер біз қазіргі оқытып, үйретіп жүрген еңбектің болашағына көз жіберсек экономикалық және әлеуметтік жағдайларға бейімделуі кезек күттірмейтін нәрсе. Ол жаңа ақпараттандыру құралдарын жете меңгеру, оның өзін күнделікті өндірісте, тұрмыста пайдалана білу әдістерін талап етеді. Осыған орай оқушыларға еңбекті үйрету мен қоса ақпаратты құралдарды сыныптан тыс кезеңдерге меңгерудің зияны жоқ.
Қазақстан Республикасының орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Президенттің бағдарламасын алдымен жаңа ақпараттық технологияларды оқыту және сонымен қатар оқу процесін басқару істерінде пайдалануды қамтамасыз етуге арналған.
Тігін өндірісі мен тұрмыстық қызмет көрсету сферасының тігін саласында жұмыс істейтіндердің алдына қойылған тапсырманың бірі, ғылым мен техниканың соңғы жетістік терін пайдалану арқылы өндірістік даму темпінің негізінде тиімділікті көтерудің қазіргі талаптарына жауап бере алатын өнімнің ассортиментін кеңейтіп, сапасын жақсарту.
Қойылған тапсырмаларды орындау үшін технологиялық ағымды ұйымдастыруға байланысты тапсырмалардың барлығын кешенді түрде шешу қажет. Бұл бір жағынан тұтынушылардың талаптарына, ал екінші жағынан өндіріс тиімділігінің талаптарына жауап бере алатын бұйымдардың, модельдерін және конструкцияларын жасуға отандық және шетел фирмаларының арнайы тігін машиналарын жасап шығару базасында көйлек – блузка ассортиментінің бұйымдарын жасау технологиясын жетілдіруге, техника мен технологияның қол жеткізген даму деңгейлеріне сәйкес келетін өндірісті ұйымдастырудың ең алдыңғы қатарлы формаларын таңдауға да тиісті. Өндірістік кешендер мен тұрмыстық және қызмет көрсету сферасының кешендерінде алдыңғы қатарлы техниканы және технологияны, өндірісті ұйымдастырып енгізу саласындағы технологиялық тәртіпке берік етуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға және бұйым сапасын жақсартуға көмек етеді. Бұйым өңдеуге арнайы жабдықты пайдалану үлкен мәнге ие. Мұндай жабдықтардың тиімді пайдалануы құрамына өнімділігі бойынша өзара байланысқан автоматтық емес тігін машиналары, жартылай автоматтар, дымқылды – жылумен өңдеу жабдықтары, транспорттық құралдар кіреді.
Өндірістік кешендер мен тұрмыстық және қызмет көрсету сферасының кешендеріне бұйым дайындау технологиясын жетілдіру, еңбекті үнемдеу технологиясы, ЭЕМ-ді пайдалану арқылы технологиялық процесстерді автоматты түрде жобалау, ресурстарды үнемдеу, аз шығынды технологиялық киімді дайындау және пішу бөліктеріне енгізу, желімді маталарды қолдануды кеңейту, бөлшектерді желіммен жапсыру саласын кеңейту, арқылы жүзеге асады. Формалары компьютермен өзгертілетін үрмелі манекендерді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі таңдағы киімнің жаңа үлгілерін жобалау үрдісі өте ұзақ уақытқа созылады, өндірістік қажетті мобильділікті қамтамасыз ете алмайды және де пішуші мен суретші – кеңесшіні қиын шығармашылық операцияларды орындауға мәжбүр етеді. Автоматты жобалау жүйесін ендіру конструкторлық және технологиялық дайындық процесінде үлгіні жасау уақытын қысқартып, оның сапасын жоғарылатады.
Қазір тігін өндірісі мекемелері бұл саланың жоғарылауына қолдан келгенін жасауда; мекемелер жаңа жабдықтар мен технологияларды сатып алуда, шетелдік фирмалармен бірлесіп мекемелер құрып жатыр, мекемелердегі маркетинг қызметі әртүрлі ассортимент және номенклатураларды жобалаумен айналысуда, бұл қазіргі жағдайдағы мекемелердің негізі міндеті болып табылады, өйткені оның нәтижелері, дайындалған бұйымның бәсекелестігін анықтайды.
Өндіріс мекемелері әрқашан жоғары өнімділік ағымдарды енгізумен жұмыс істейді. Көйлек ассортиментінің аралас материалдарынан дайындалатын бұйымдарға погондар, пластиктер, жапсырма қалталар, майда қатпарлар, кантпен сәндеу, белдіктер және басқа бөлшектер кеңінен қолданылады.
Осы киім бөлшектері мен түйіндері өңдеуге тігін цехтары тіке тігісті және арнайы машиналармен жабдықталады.
97 кл ОЗЛМ тігін машинасы бір сызықты, екі жіпті, шөрнекті айқаспалар арқылы жеңіл маталардан дайындалатын киім бөлшектерін тігуге арналған;
997 кл ОЗЛМ тігін машинасы екі жіпті шөрнекті айқаспалар арқылы көйлек және іш киімдік маталардан бұйым әзірлеуге арналған;
51 А кл ПМЗ, бөлшек шеттерін торлап тігуге арналған және екі, үш немесе одан да көп жіпті эластикалық тігістер береді.
Осыған байланысты салыстырмалы суретші – кеңесші және өндіріс мекмелерінде қолданылып келе жатқан фирмалы тігін машиналары.
Cs 761 – 2 кл «Панонния» (Венгрия) фирмасының тігін машинасы көйлек етектерін қайыруға арналған, бұл машинада орындалатын тігістер бір жіпті, жасырып және бір жағы көрінеді;
337 кл «Минерва» (Чехия) фирмасының машинасы жеңіл трикотаждар әзірленетін бұйымдарға шілдерлі екі жіпті иректі тігістер арқылы біріктіруге арналған;
8630 кл «Текстиж» (Германия) тігін машинасы трикотаж және әртүрлі жұқа маталарға жібек жіптер арқылы кесте түрлерін орындауға арналған;
8607 кл «Текстима» (Германия) тігін машинасы екі және төрт тесікті түймелер түрлерін, дөңгелек және квадрат сырт етпелерді, ілгек және ілмектерді тізбекті тігістер арқылы қадау жұмыстарына арналған;
В – 241 кл ПМЗ машинасы шөрнекті тігістер арқылы маталарға бүрме түсіруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |