Малға бағыштап айтылатын одағайларға: Моп-моп! Шөре-шөре! Сорап-сорап! Көс-көс! Шәуім-шәуім! Әукім-әукім! Айтақ! Жамандатқыр! Сияқты үй хайуанаттарын жемге шақыру, айдау, үркіту, қаргау, мақсатымен айтылатын сөздер жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары. Бүған адамдардың амандасу қоштасу т.б. сыйластық жасау мақсатымен айтылатын сөздер енеді: Хош! Хайыр! Рахмет! Кеш жарық! Ассаулаумағалайкум! Құп! Ләббай!
Одағайлар көп мағыналы да, бір мағынады да болады. Көп мағыналы: Пай-пай! Ойпырмай! Ту! Алла! Ойбай! Пәлі! Ой! Шіркін! Бәрекелді! Әй! Ә! Әу! Е! Я! . Бір мағыналы: Ура! Алақай! Әттеген-ай! Ләббәй! Әлди-әлди! Тсс! Әуп!
Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Сабақтарды өткiзу тәртібі: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
Одағай сөздердің қалыптасуы. Одағайлардың зерттелуі
Орта деңгей:
Одағай сөздердің тіл білімінде қарастырылуы.
Жеңіл деңгей:
Одағай сөздердің семантикалық құрылымына қарай түрлерінің қалыптасуы.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
Одағай сөздердің семантикалық құрылымына қарай түрлерінің қалыптасуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Ж. О. Тектіғұл. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы:оқулық.-Алматы: MV-PrintMV-Print, 2012.-500. ISBN 978-601-289-098-3
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 netref.ru/aza-tilini-tarihi-grammatikasi.html
2 edurk.kz/ru/editions/3897-aza_tln_tarihi_grammatikasy
3 Абақан Е.М. Тілдің мәдени философиясы. – Алматы, “Айкос”, 2000.
4 Ескеева М.Қ. Қазақ жазуының тарихи негіздері. Астана, 2002, 125 б
Достарыңызбен бөлісу: |