Лекция Лекция тақырыбы: Одағай сөздер. Олардың тарихи қалыптасуы Лекция жоспары



бет2/3
Дата24.12.2023
өлшемі19.97 Kb.
#487805
түріЛекция
1   2   3
13дәріс

Күрделі одағайлар. Мұның өзі де бірнеше жолмен жасалады. Сезімнің күштілігін білдіретін дүркінді келетін қосарлы одағайлар: сап-сап, шөре-шөре, әлди-әлди, пай-пай, моһ-моһ т. б. Осы сияқты етістік тіркесі арқылы келетіндер: Иә деген! Уа деген! Ой де! Бәсе деймін!
Одағай тіркесіндегі сөздердін бәрі бірдей одағай болмайды: әй-шай деспей, әу дейтін жер, ойбай салды. Шу дегеннен ай-шайға қарамайды.
Адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Ә.ә, солай десеңізші? Япырмау, қайда сол күндер! Адамның көңіл күйі құбылмалы (күйіну, кею, ренжу, күдіктену, өкіну) болатындықтан, одағай сөздердің интонациясы құбылып отырады: Ой, мұны қайдан алдың? Ә, жаңа түзеді! Әй, кім барсың? Уай, қой деймін, бала!
Одағайлардың мағынасына қарай бөлінуі. Заттық ұғымды білдірмей, адамның ішкі сезім дүниесімен байланысты айтылатын одағайлар мағынасына қарай үшке бөлінеді.
Көңіл-күй одағайлары: Апырмай, сен жаман болмадың ғой--Ә, олай болса мақұл!.. Әй, не қыласың жаным жай тауып тұр! Осындай адамның көңіл күйін, түрлі әсерін, сезімін білдіретін көңіл күй одағайлары да біркелкі емес.
Жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар: алақай! Ура! (Қуану, шаттну). Паһ-паһ! Па-па! (сүйсіну, таңдану). Бәрекелді (сүйсіне қоштау, шаттана сүйсіну), оһо! (тандану) т. б.
Жағымсыз эмоцияны бідіретін одағайлар: Әттеген-ай! Әттең! Қаһ! (әкіну). Тәйірі! Түге! (наразылық, реніш), Ищ-ай! (тоңу, жиіркону), Бай-бай-бай! (қатты реніш, наразылық, кейістік), пішту (менсінбеу, жақтырмау) т. б.
Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайар. Бұл топтағы одағайлар әдетте көп мағыналы болып келеді. Пай-пай одағайы қарама-қарсы екі мағынада жұмсалады: тандана, сүйсіне, таңырқау: Пай-пай қандай жарасады, ә! Пай-пай шіркін алатау! Ренжу, наразылық мағынасында: Пай-пай, осы бір емізіп тартатының-ай! Пай-пай аяқтарыңның астында қаламыз-ау!
Императивтік одағайлар екі түрлі: Адамға бағыштап, оның алресіне бұйыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылатындары: Айда! Тәйт! Сап-сап! Кәне? Тек! (тәк!), Әлди, Әуп! Әлди-әлди!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет