МеАҚ «Қарағанды медицина университеті» Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Пән: Мәдениеттану
Дәріс-презентация №1
Мәдениет морфологиясы
Жаңа типтік оқу бағдарлама бойынша
Қарағанды 2023-2024 оқу жылы
Дәріс жоспары 2. Мәдениет морфологиясы 3. Адамның мәдениетті жасаушы әрекеті Кіріспе
Мәдениеттану ғылым ретінде XX ғасырда қалыптасты, оқу пәні ретінде XX ғ. 90 жж. басында қабылданды
Мәдениеттану ғылымын американдық ғалым-антрополог Лесли Уайт «culturology» терминін білім саласына еңгізді (орыс тілінде – «культурология»). Қазақ тілінде «мәдениеттану» деп аталады (араб.тілінен «мәдени» - қала, қалалық)
Қазіргі кезде мәдениеттануды атауда АҚШ және Ұлыбританияда айырмашылықтары бар. АҚШ-да ол көбінесе мәдени аптропология деп аталады, этнографияға негізделеді, яғни халықтың тұрмыс салтын, әдет-ғұрыптарын, менталитетін, тілін, дінін нақты зерттеп, мәдениет туралы ой тұжырымдайды. Ұлыбританияда әлеуметтік антропология деп аталады, яғни әлеуметтануға баса назар аударады.
Мәдениеттанудың объектісі – өмірдің мәдени қырлары
Мәдениеттанудың пәні – мәдениеттің мән-мағынасы, ерекшеліктері, пайда болуы мен дамуы
Ле́сли А́лвин Уа́йт
(1900-1975)
Қазақ тілінде «мәдениет»(араб.:«қалалық») термині қолданылады. Орыс тіліндегі «культура» термині лат. «cultura» терминінен шыққан, оның мағынасы:
1) «өңдеу»;
2) «тәрбиелеу», «білім беру», »құрметтеу»
Латын әдебиетінде алғаш рет «cultura» термині «өңдеу» мағынада ежелгі римдік саясатшы және жазушы Марк Порций Катон Үлкенінің б.з.д.160 ж. егіншілік туралы «De Agri Cultura» атты еңбегінде қолданған
Достарыңызбен бөлісу: |