Лекция морфология культуры


Л. Уайт: «мәдениет — бұл адам тегі үшін өмірді қауіпсіз және ұзақ ететін тәсіл. Бір тәсіл басқа тәсілден тәуір болуы мүмкін»



бет3/12
Дата16.02.2024
өлшемі6.08 Mb.
#492143
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс №1 Мәдениеттану. Мәдениет морфологиясы

Л. Уайт: «мәдениет — бұл адам тегі үшін өмірді қауіпсіз және ұзақ ететін тәсіл. Бір тәсіл басқа тәсілден тәуір болуы мүмкін»
«Бір адам басына келетін тұсау салынған энергияның мөлшері көбейген сайын мәдениет алға басып келеді, немесе энергияны басқарудың тәсілдер тиімділігі немесе экономиясы, әлде екеуі де бірге өскенде».
Ле́сли А́лвин Уа́йт 
(1900-1975)
Эдуард Бернард Тайлор
(1832 – 1917)

Ф. Боас: мәдениет тұжырымдамасы


Франц Ури Бóас
(1858-1942),
американдық антрополог
«Американдық үндістердің тілдерінен жетекшілік» (1911—1922); «Нәсіл, тіл және мәдениет»

Франц Боастың пікірінше:
  • «Мәдениет мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы, оларды адам өсу-есею барысында және белгілі мәдени рөлді қабылдағанда игеріп алады
  • Әр мәдениеттің өзіне тән бірегей даму жолы бар»

  • Боастың көзқарасы тұтастай тарихи сипатта болатын: әрбір мәдениет - тарихи дамудың жемісі болып табылады

З. Фрейдтің мәдениет туралы натуралистік тұжырымдамасы


З. Фрейдтің пікірінше, мәдениет адамның жыныстық құштарлықтарын моральдық нормалармен және қоғамның әдет-ғұрыптарымен басып-жаншитын бірінші тыйым салу («табу») арқылы және сонымен бірге пайда болған. Цивилизация әкесінің билігі мен беделіне қарсы шыққан әлсіз ұлдардың бірігуі негізінде пайда болған. 
 Мәдениеттің дамуы адам бақытының азаюына және кінә сезімнің көбеюне апарып, сонымен бірге тілектерді басып тастағандықтан қанағатсыздықты көбейтеді. Мәдениеттің даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, адамның бақытсыздығы солғұрлым көбееді. Фрейд христиандық европалық мәдениетке оның адамға өте қатаң тыйымдар салғаны үшін (Моисейдің 10 өсиеті үшін) өте негативті баға берген
Зигмунд Фрейд (1856-1939)
«Тотем және табу»,
«Мәдениетке қанағатсыздық»(1930)

К. Леви-Стросс мәдениет туралы


Леви-Стросс Э.Б.-Тайлор берген мәдениет туралы анықтамасына сүйенеді. Леви Стросстың пікірінше, «мәдениет» және «қоғам» ұғымдары бір-бірінен онша алыс емес, өйткені адамның жануардан бөлініп кетуін көрсетеді. «Біз мәдениет деп әрбір этнографиялық көпшілікті айтамыз, оны зерттеу барысында бұл көпшілік басқа көпшіліктермен салыстырғанда, өзінің мәнді айырмашылықтарын көрсетеді».
Мәдениет белгілі қоғам үшін маңызды ерекше нормалардан және алмастыру ережелерінен тұрады. Ол мән-мағыналар жүйесінің жиынтығы (тіл, туыстықтың деңгейлері, әлеуметтік ұйым, өнер… сияқтылардың), яғни белгілі қоғамның ерекшеліктерін жинап сақтайтын механизмі болып шығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет