Бердібек туралы естеліктер:
Т.Ахтанов Т.Ахтанов...Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі...
...Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!
Мұзафар Әлімбаев
...Бердібек Соқпақбаев сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Ол қаламды ғана емес, орақ пен күректі қалай ұстауды білетін жазушы. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура, әділ. Творчество адамы, әдетте, салдыр-салақтау болады. Бірақ, Бердібек олай емес, әскери адам сияқты, әбден жинақы.
...Ол жұмыс істеп отырған кезде еденде, не стол үстінде көлденең жатқан дүние көрмейсің. Тіл өнерінде де солай: әр сөздің, әр сөйлемнің өз орнында тұрғанын қалайды. Қашан көңілі толғанша түзетуден талмайды...
...Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Бердібек Соқпақбаев шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.
Сайын Мұратбеков
...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой. Жазады – түбін түсіріп барып бір-ақ тоқтайды. Бұл Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән нәрсе.
Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Жоқтан бар етпеген қаламгер. Шындықтың алдына бас имейтін не нәрсе бар? Осындай шырай Бердібек қаламынан шыққан шығармалардың баршасына тән. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармаларының оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет –қадірі де осында!...Бердібек туындыларындағы геройлар өмірдегі бар қалпында көрініп, шығармаға ширатылған сәтте де оншалықты киіндірілмей, жалаңаш жүрген жандар тәрізді боп көзге түсетіні де ғажап емес. Бұл жазушының кемшілігіне қарадүрсінділігіне жатпайды. Сезінуі, дүние қызықтарын түйсініп, қабылдауының қыры бұл. Осы тұрғыда, табиғи өлшеммен түзілген геройлар галереясы барынша сенімді, барынша шыншыл сымбатымен оқырман жүргенінен жол тауып, олармен қолтықтасып өмір базарында жүргендей болады.
Жүргізуші Асел: Ауыл аймақтардың біріндегі қазақ ауылында Қожа атты
ақжарқында көңілді бала өмір сүреді.Қожа балалықтың бал дәуренінде түрлі
оқиғаларды басынан өткізеді. Бірде аңғалдығымен ,сеңгіштігімен, құрбы
құрдастарының алдында күлкі болса ,ал келесіде сөзсіз батырлығымен, қиялының
тәттілігімен,тартымды сүйкімділігімен сүйсіндіреді.
Құрметті қонақтар назарларыңызды экранға аударып «Менің атым Қожа»фильмінен үзінділер көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |