Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
«Коментарийдегі 7 сауал».
«Қалыпты» жаңалық деген не?
«Қатқыл» және «жұмсақ» лид
2-ші деңгейдің сұрақтары:
«Сұхбаттағы қозғалыс» дегенді қалай түсінесіз?
GOSS-әдісі
Ақпарат жинау
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Ақпарат жинау мақсаты мен схемасы.
Басылым мазмұны дегенді қалай түсінесіз.
Бөлім редакторының жұмысынан хабардарсыз ба?
СӨЖ тапсырмалары:
Бірінші жақтан портрет жазу
Жанр тудырушы факторлар
Жаңалық әзірлеудегі «төңкерілген пирамида» әдісі
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Жаңалықтың қалай жазылатынын мысалдап сипаттаңыз
Журналист жұмысы: әдістері мен тәсілдері.
Журналист жұмысының психологиясы деген не?
Дәріс №16 «Түркістан уалаяты газетінде» публицистиканың қалыптасуы.
XIX ғасырда қалыптасып, XX ғасырдың басында үрдісті даму сатысына шыққан «Жас қазақ публицистикасы» ұлт зиялыларының «қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып... халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылтаң»[8,724] қам-қарекеттеріне қызмет етіп, олардың өз халқын отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінің саяси-мәдени құралына айналды. Бұл күресте «Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады»[9,724-725].
Ұлт-азаттық идеясы жолындаты мақсат-мұраттарын жүзеге асыру үшін олар қолдарына қалам алып, саясат, оқу-білім, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтыған көкейкесті публицистикалық мақалалар жазды. Алаш зиялыларының, жазушы-ақындары мен журналистерінің бұл игі мұратына алғашқы қазақ газеттері жемісті қызмет етті. XIX ғасырдың соңында пайда болған қазақ тіліндегі алташқы баспасөз қарлығаштары «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 1882), «Дала уәлаятының» газеті (1888 – 1902) патша үкіметі тарапынан шытып, отарлаушы басқару орындарының жарлықтары мен заңдық-құқықтық нормативтік актілерін, әкімшілік істерін қазақ даласына жеткізу мақсатымен шығарылса да, бұл басылымдарда қазақ халқының мұң-мұқтажын, арман-тілегін қозғаған алғашқы публицистикалық мақалалар жарияланды. Қоғамдық-саяси мәні зор, көркемдігі жағынан ықпалы мол болтан бұл көсемсөз мақалаларының авторлары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтантазин және т.б. ұлттық көркем публицистиканың одан әрі дамуына зор әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |