а) психикалық үрдiстер; б) тұлғалық қасиеттер;
а) психикалық үрдiстер: түйсiк, қабылдау, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
б) тұлғаның қасиеттерi: зейiн, сезiм және эмоция, ерiк, темперамент, мiнез, қабiлет.
Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Жалпы психологияның міндеттері
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Б.Ф.Ломов /5/ “Психологияның әдіснамалық және теориялық мәселелері” деген еңбегінде қазіргі кезеңдегi ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта “психология ғылымының әдіснамалық мiселелерiн және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда”, - деп айтты.
Қазіргі кезеңдегi психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады.
Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгiсiнiң жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған «сызықтық емес» жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгi - бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылай орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердiң пайда болуына әкеледі.
Психология мен педагогиканың байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық. К.Д.Ушинский былай деп айтқан: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек”. Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді.
Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады.
Педагогика тәрбиелеу мәселесiне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық, екіншіден табиғи, үшіншіден әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.
Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология және әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті – психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелердi эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл – адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.
Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптырының күшеюіне де байланысты анықталады.
Алғашқыда, психология, теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнер кәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.
Психологияның ғылымының ішінен төмендегідей салалары бөлінiп шығады:
Достарыңызбен бөлісу: |