Жаңа патшалық кезең
Сәулет. Жаңа патшалық кезеңінде храмдар түрленіп, тікбұрышты болып келді. Ашылатын кақпалар жасалды, колонналық залдар пайда болды. Мұндай храм Амон Құдайына арналып салынды.
Жаңа патшалықтың екінші кезеңінде құрылыстар кең дамыды. Ең үлкен храм II Рамзеске арналды. Бейнелеу өнерінің шыншыл түрлері қалыптасты. IV Аменхотеп перғауынның храмы пайда болды. Ескі дәстүрлер біртіндеп бұзылды.
Эхнатон және оның жұбайы Нефертитидің мүсіндік портреті жасалды.
Кешеуіл уақыт кезеңі
Мысыр өнерінің дамуында көп жылғы соғыстар бейнеленді. Ескерткіш мүсіндер жасалды. Б.з.д. 332 ж. Александр Македонский соғысы жаңа өнерде ерекше орын алды. Ежелгі Мысыр көркемдік мәдениеті бұрынғы дәстүрмен, антикалық өнермен ұласты.
Бақылау сұрақтары:
Мысыр мәдениеті қай мың жылдықта пайда болды
Египет елінің ең алғашқы зәулім сәулет кешендері?
Мысырдағы Нармер тақтасындағы бейнелер
Фив сәулет өнеріндегі құрылыс
Династиялыққа дейінгі кезең өнері
Ежелгі патшалық кезең өнері өнері
Орта патшалық кезең өнері
Жаңа патшалық кезең өнері
Кешеуіл уақыт кезеңі өнері
№ 5. Лекция сабағының тақырыбы: Ежелгі Қосөзен өңірінде қалыптасқан өнер
Жоспары: 1. Алдыңғы Азия немесе Қосөзен өнері
2. Шумер өнері, Аккад өнері
3. Вавилон өнері, Ассирия өнері, Хеттердің өнері
Мақсаты: Студенттерге Ежелгі Қосөзен өңірінде қалыптасқан Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Хеттердің өнері жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
Алдыңғы Азия немесе Қосөзен өнері
Ертедегі ең ірі мәдени-өнер ошақтарының бірі-Алдыңғы Азия елдері болды. Өнер тарихында бұл ошақ «Қосөзен өнері» деген атпен белгілі. Дүниежүзілік мәдениеттің алтын қорына ғаламат өшпес мұралар қалдырған. Мысыр елінен кейінгі ірі мәдениет пен өнердің өркендеп тоғысқан жері осы-Қосөзен алқабы. Қосөзен өнері деп Алдыңғы Азия елдерінің территориясын басып өтетін Тигр мен Ефрат өздерінің алқабында мыңдаған жылдар бойы өркендеп, өмір сүрген өнер тарихын айтады.
Осы алқапта кезінде аты әлемге аян болған Шумер, Аккад және Вавилон мемлекеттері өмір сүрген. Сол сияқты Жерорта теңізінің шығыс жағалауын-Сирия-Финикия, Палестина және хеттер мен хуриттер жайлап, таулы аймақты Ассирия, Урарту және Иран патшалықтары иелік еткен. Осы ондаған мемлекеттің ғасырлар бойы жасаған өлмес өнері өзінің әр түрлілігімен, эстетикалық әсерлі нақыштарымен тарихта жоғары баға алды. Өңірде әсіресе сәулет құрылыстары өзіндік бағыт-бағдармен дамыды.
Қосөзен сәулет кешендерінің тұрғызылу әдістері тек сол аймаққа ғана тарамай, басқа да елдерге үлкен әсер етті. Қосөзен ескерткіштері Мысырдағыдай көп сақталмаған, өйткені олардың көбі уақыт, табиғат құбылыстарының тегеуріне төтеп бере алатындай материалдан жасалмаған еді. Көбінесе мұндағы ескерткіштер шикі кірпіштен өрілгендіктен біздің заманымызға жетпеген. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарына көп иек артылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |