Лекция сабақтарының мазмұны


ЛЕКЦИЯ 24. Қазақ халқының ұлы ағартушылары



бет6/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.35 Mb.
#13515
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЛЕКЦИЯ 24.

Қазақ халқының ұлы ағартушылары.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Ш.Уалиханов –қазақтың тұңғыш ұлы ағартушы ғалымы.

2.Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы педагог.

3.А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ағартушы , ақыны.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Ш.Ш.Уәлиханов 1835 ж қарашада Құсмұрын қамалында туған. Шоқан алғаш Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. (Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады). Шоқанның ғылымға ден қоюына оның әкесі Шыңғыстың ауылында академик Шренк , декабристтер Семенов , Штенгель , Басаргин сияқты аса білімді адамдар Қазан университетінің студенттері Сатников ,Костылецкий және Сейфуллин болып тұратын.

1847 ж күзде 12 жасар Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті .Шоқан алғаш орыс тілін білмейтін еді , бірақ ерекше қабілеті арқасында бұл қиыншылықты тез жеңіп шықты. Үздік оқыды. Шоқан оқуды 1853 ж “корнет” деген офицерлік атақ алып бітіріп шықты.

1858-1859 ж Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқария саяхатына барып қайтты. Марко поло мен Гоестен кейін бұл елге алғаш барған Шоқан еді. Нәтижесінде ол “Алтышардың немесе Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы” деген күрделі зерттеу еңбек жазды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына , әлеуметтік құрылысына арналған тұңғыш ғылыми еңбек еді.

1859 ж аяғында Ш.Уалиханов Петурбугке келді. Бұл оның өмірінің жарқын беттерін , бірі болды. Мұнда ол алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен араласты. Олардың ішінде әсіресе оның ең жақын досы Достоевский де болды.

1861 ж көктемде ауыр науқс болған ол Петербургтен кетуге мәжбүр болды. 1865 ж сәуірде Көшен тоғны деген жерде Тезек төренің ауылында қайтыс болды.

Аса көрнекті ағартушы , қоғам қайраткері , жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсарин 1841 ж 20 қазанда Қостанай облысында дүниеге келді. 1850 ж ол Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепке түсіріп , оны алтын медальмен бітіріп, шықты.

Оның өміріндегі ең маңызды оқиға –оның 1864 ж 8 қаңтарда қазақ балаларын оқытуға арналған өзінің тұңғыш мектебін ашуы.

Қазақтың ұлы классик ақыны ұлы ағартушы ойшылы Абай Құнанбаев 1845 ж 10 тамызда Мемей обл , Шыңғыс тауында туды.

ЛЕКЦИЯ 25.

Қазақстанның 19 ғ 2- жартысындағы экономикалық-әлеуметтік дамуы.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі. Өнеркәсіптің , сауданың және қалалардың дамуы.

  2. Қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

19 ғ 2- жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады. Қазақстанға Ресей капиталы тартылды. Ол әсіресе пайдалы қазбаларды шығару және өңдеуге, ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдеу өнеркәсібіне және саудағы салынды. Ресей капиталы үшін мұнда аса тиімді, қолайлы жайлар көп еді: жер қойнауының қазба байлықтардың аса молдығы , жердің өте арзандығы , шикізаттың арзандығы , жұмыс күшінің арзандығы т.б. .Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы болды.

Тау-кен өнеркәсібі зауыттары негізінен Ақмола ,Семей облыстарының Баян Ауыл ,Қарқаралы, Ақмола және Алтай уездерінде болды. Мұнда мыс, күміс-қорғасын рудниктері мен зауыттары , көмір , алтын өндірісі болды. 1896 ж бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғсын, 3 темір т.б. рудниктер болды. Ұсақ , орта өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірге жұмысшы саны 300-ден 500-ге дейін жететін Спасск мыс зауыты , Успен руднигі, Қарағанды көмірі кәсіпшілігі ,Екібастұз және Риддер өнеркәсіпорындары сияқты ірілері жұмыс істеді. Күннен күнге күшейе түскен капиталистік қатынастар сауданың қатты дами түсуіне себепші болды. Империя мен отар өлке арасындағы тауар алмасу мен айырбас кеңейді. Ресейден Қазақстанға түрлі маталар , металл бұйымдар әкелінді. Орта Азия хандықтарынан да қазақтарға сыртқа негізінен мал мен мал шикізатын , астық шығарды. Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 ж Бөкей Ордасында ашыллды.Жәрмеңке саудасы әсіресе Ақмола облысында күшті дамыды. Онда Тайыншакөл (Петропавл) , Констанинов (Ақмола) , Петров (Атбасар) , Қоянды (Қарқаралы уезі) сияқты аса ірі жәрмеңкелер және 50- ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. Бұдан өзге Семей облысында Шар жәрмеңкесі ,Жетісуда –Қарқара , Сырдария облысында-Әулиеата ,Орал облысында- Ойыл, Темір сияқты ірі жәрмеңкелер жұмыс істеді.Олардың әрқайсысының тауар айналымы миллион сомға жетті.

1897 ж (бүкіл халықтық) халық санағы бойынша ірі қалалар мыналар еді: Орал-36446 адам, Верный-22744, Семей-20216, Петропавл-19688, Жаркент-16094, Қостанай-14275, Әулиеата-11722, Ақмола-9688, гурьев-9322, Өскемен-8721, Павлодар-7738, Перовск-5058, Көкшетау-4962, Қарқаралы-4451, т..б .Қалалардың дворяндар , офицерлер , көпес-саудагерлер , әр саладағы интеллигенция өкілдері , қызметкерлер , жұмысшылар т.б. тұрды.

19 ғ ортасынан бастап Қазақ жеріне капиталистік қатынастрының тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне , әлеуметтік топтарының жағдайына әсерін тигізбей қамтыды. Дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстауда , Бетпақдалада ,Орталық Қазақстанда ,Сырдария , Семей , Ақмола облыстарының далалы аудандарында сақталды. Брақ мұның өзінде мадың құрамы, жерді иелену сипаты бұрынғы көшпелі шаруашылыққа көп ұқсай бермейтін еді. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің көрінісі еді. Капиталистік қатынастарының етек алуы және Қазақстанға орыс , украин шаруаларын қоныс аударту отырықшы егіншіліктің кең тарауына себепші болды.
ЛЕКЦИЯ 26.

20 ғ басындағы Қазақстан.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Қазақстанның 20 ғ басындағы әлеуметтік –экономикалық дамуы. Столыпин реформасы.

2.Қазақстан 1905-1907 жж революция кезіндегі .

3.Қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі .Ұлттық сананың оянуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

20 ғ басы ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен ,Қазақстанда отаршылдық саясатының тереңдеуімен ерекшеленді. Өлкеге орыс шаруаларын қоныстандыру одан әрі күшейе түсті. Қоныстандыру басқармалары құрылып, олар қоныстанушы жер қорларын “құрау” үшін “артық” жерлерді анықтаумен айналысты. Әрбір қазақ жанұясы пайдалануға 15 десятинадан ғана жер алды, ал қалған барлық жерлер мемлекеттік мүлік министрлігіне бағынатын қоғамдық жер қорларына жатты. Бұл әрине көшпенді шаруашылықты күйзеліп , қиратты.

Ал шын мәнінде мал шаруашылығын дамыту үшін , сол кезде анықталғандай , мысалы Сырдария аймағында 145 дес, Жетісуда –110 дес жер керек еді. Сонымен біге Қазақстан жерінде Сібірлік ,Оралдық ,Орынборлық ,Жетісулық казак әскерлері орналасты.

20 ғ басында олардың саны 1 миллион 11 мың адам болды және 15,6 миллион десятинадан аса құнарлы жерлерді иеленді. Қоныстандырудың жаңа кезеңі 1906 ж премьер –министр болып тағайындалған Столыпиннің реформасын тікелей байланысты болды. Ол орталық деревняларда жер мәселесін шешіп , аграрлық буржуазияны қалыптастыру үшін орыс шаруаларын шет аймақтарға , соның ішінде астыққа бай Қазақстанға жаппай қоныстандыруға ерекше мән берді. Қоныстандыру қозғалысы күшейді. Егер 1895 жылдан 1905 жылға дейін Қазақстанның далалық облыстарында 294296 адам қоныстанса, ал 1906 ж 1910 жылға дейін 770 мыңнан асты. 1897 ж санақ бойынша далалық облыстарда орыс халқы 20 пайыз болса, 1917 ж 1 қаңтарда 42 пайызға жетті .Қазақтардан 1893-1905 ж ж 4 млн десятина , ал 1906-1912 жж 17 млн десятинадан астам жер тартып алынды. Ал, 1917 ж тартып алынған жалпы жер 45 млн десятинадан асып түсті.

Қазақстанға орыс шаруаларының қоныстандыруымен бірге саяси, революциялық маңызды роль атқарды. Қазақстанға 19 ғ соңы 20 ғ басында марксизм идеялары тарай бастады. Қазақстанда 1896 Атбасар қаласында жер аударылғандар жұмысшы Ушановтың ұйымдастыруымен тұңғыш марксистік үйірме құрылды. 20 ғ басында мұндай марксистік ұйымдар Ақмолада , Петропавлда ,Оралда , Қостанайда ,Семейде ,Верныйда, т.б.құрылды.

Революцияның бастауына себеп болған –1905 ж 9 қаңтардағы қанды жексенбі.Қазақстна қалаларында өткен жұмысшылар жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдірілді. Қалалар мен темір жолдарда наразылық ереуілдері болды. 1905 ж ақпанда Перовск , Түркістан, Қостанайда, Павлодар, Петропавл, Орал т.б. қалаларда ереуілдер болды.



ЛЕКЦИЯ 27.

20 ғ басындағы Қазақстан мәдениеті.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Оқу-ағарту ісі.

2.Қазақстанның мерзімдік баспасөзі.

    1. ғ басындағы қазақ әдебиеті.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

19 ғ аяғы –20 ғасырдың басында Ресей империясының халыққа білім беру мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесінде көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу-ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 ж қабылданған “Ресейді мекендейтін баратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы” заң ұлттық мектептерге және ұлттық шет аймақтарға бүкіл ағарту жүйесін:1)әлі орыстандырғандар үшін , 2)орыстары көп жерде тұратындары үшін және 3) жергілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп , 3 санатқа бөлді. Бұл орайда 1-санат үшін мектептер салынатын болып белгіленді, оларда оқыту орыс әліппесімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде жүзеге асырылуға тиісті болды. Екінші санат үшін орыс мектептері құрылуға тиіс болды, оларда орыс балаларын да “бұратана” балаларды да бірге оқыту көзделді. Ана тілі уызша түсіндірген кезде ғана қолдануға тиіс еді. Үшінші санат үшін орыс мектептері құрылып ,оларда оқыту тек орыс тілінде жүргізілді.

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы бсылымдары “Түркістан уәлиятының газеті” (1870-1882 ж) , “Дала уәлиятының газеті ” (1888-1902 ж) отаршылдық өкімет органдары құрды. Біріншісі Ташкентте шығып тұрдыжәне Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды , ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығын да шығарылды. Өкімет орындарының өкімі бойынша бұл басылымдар отарлық басып алуды нығайтты және Шығыстағы бодандарды рухани жағынан бағындыру мақсатымен шығарылды. Отаршылдық әкімшілік мұнда патша жарлықтарын, үкімет ұйымдарының өкімдерін басты, отарлық шет аймақтарды игеру үрдісін жазды, бұратаналарға көзқарас жөнінде “өркениеттік миссияны” жүзеге асырған империялық саясаттың мәнін түсіндірді.

ЛЕКЦИЯ 28.

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Көтерілістің себептері , сипаты және қозғаушы күштері.

2.Көтерілістің Жетісудағы орталығы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1916 ж 25 маусымдаға патша жарлығы , Жарлық бойынша майдандағы қара жұмысқа бұратана халықтардың 19 бен 43 жас арасындағы барлық еңбекке жарамды ер азаматтарын алуеді. Қазақстан мен Орта Азиядан 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.Майданға алудан мемлекеттік қызметкерлер , дін иелерін , мекеме есепшілерін , жоғары және орта оқу орны оқушыларын , лауазымды адамдарды босатты.

Патша жарлығына жауап ретінде бүкіл Қазақстан мен Орта Азияның халқы стихиялы түрде бас көтерді. Ұлт-азаттық көтерілісті –Торғай облысында-А.Иманов , Ә.Жангелдин , Оралда –С.Меңдешев, Ә.әйтенов, Маңғыстауда –Ж.Мыңбаев, Атбасарда -Ә.Майкөтов, Ақмолада-С.Сейфуллин, Жетісуда-Т.Бокин, Б.Әшекеев ,Сырдария облысында-Т.Рысқұлов басқарды.

1916 ж ұлт азаттық көтерілістің ірі орталықтарының бірі-Жетісу болды. Мұнда патша жарлығы жарияланғаннан кейін шілденің басында қазақтар Жетісудың әр болыстарында съездер өткізіп, онда қарулы күреске шығу жөнінінде шешімдер қабылдады. 17 шілдеде түркістан өлкесінде әскери жағдай енгізілді. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы және Қарқара жайлауларында ,Самсы станциясы маңында ,Кастек, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде ,Лепсі аязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Тамыздың ортасында Жетісу облысының барлық дерлік облыстарын көтеріліс жалыны шарпыды. Жетісудағы халық көтерілісін басып жаншу үшін патша үкіметі 95 рота 24 жүздік , 16 зеңбірек және 17 пулеметі бар тұтас жазалау экспедициясын жабдықтады. Көтерідісшілердің ерлікпен қарсыласқанына қарамастан 1916 ж қазанда көтеріліс басып-жаншылды. Көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емесе , бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар Қытайға көшуге мәжбүр болды.


ЛЕКЦИЯ 29.

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Сырдария ,Ақмола ,Семей ,Орал облыстарныдағы көтерілістер.

2.Көтерілістің Торғайдағы орталығы.

3.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Сырдария облысында да азаттық көтеріліс кеңінен қамтыды. Мұнда әсіресе Шымкент ,Әулиеата уездеріндегі көтеріліс бұқаралықсипат алып , ұзаққа созылды. Бірақ қыркүйектің соңында аяусыз басып-жаншылды. Көтерілісшілердің жекелеген отряды Торғай облысында көшіп барып, амангелді Имановқа қосылы. Семей және Ақмола облыстарындағы көтерілістер жазалаушылармен кескілескен аяусыз күрестер жүргізді. Патша әкімшілігі бұл облыстардағы көтерілісті басуға 12 кавалериялық жүздік 11 күшейтілген жяу әскер ротасын жіберді. Әсіресе күшті қақтығыстар 1916 ж қыркүйек қазан айларында Зайсан ,Өскемен , Қарқаралы , Ақмола ,Атбасар уездерінде болып өтті. Қазан айының аяғында көтеріліс күшпен басылды. Бұқара халықтың жаппай бас көтерулері күшпен басылды. Батыс Қазқстандағы Орал облысы мен Бөкей Ордасында да болып өтті. Табн тірескен қақтығыстар әсіресе Гурьев және Темір уездерінде болды.

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық , ең ұзаққа созылған , ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды.

Азаттық көтеріліс Торғай облысының барлық уездерін қамтыды. Оны А.иманов пен Ә.Жангелдин басқарды. Көтерілісшілердің бас қолбасшысы –сардарбергі болып атақты Иман батырдың немересі Амангелді сайланды .Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Амангелді ондыққа ,елулікке , жүздікке , мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Оған Қазақстанның өзге аймақтарынан –Сырдариядан ,Ақмола , Семейден көтерілісшілер келіп қосылды. Торғай даласындағы көтерілісті басу үшін патша үкіметі құрамында 17 атқыштар ротасы , 18 казак жүздігі, 4 кавалериялық экспедициясын жасақтады.Қазақстанның басқа облыстарындағы көтеріліс 1916 ж аяғына қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында жақсы ұйымдастырудың арқасында ол 1917 ж жалғасы Ақпан буржуазиялық революциясына ұласты.

Көтерілістің жеңілуінің басты себебі-оның бытыраңқылығы , ұйымшылдықтың аздығы еді.
ЛЕКЦИЯ 30.

Қазақстан 1917 ж ақпан буржуазиялық демократиялық революция кезеңінде.

(1 сағат)
Жоспары:
1.Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы. Қазақстанда Қосөкіметтің кеңестердің және уақытша өкімет органдарының құрылуы.

2.Қазақстанда саяси партиялрдың құрылуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1917 ж 27 ақпанда Петрградта буржуазиялық демократиялық революция жеңіске жетті. Патша тақтан құлатылды. Бұл хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды .Мұны қазақ халқы өздерінің сан ғасырлық азаттық күресінің нәтижесі деп қарады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да Қосөкімет орнады.

1.Уақытша үкімет органдары

2. Жұмысшы шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері .Қазақстанда кеңестер 1917 ж наурыз-мамыр айларында Семейде ,Әулиеатада ,Петропавлда ,Көкшетауда , Ақмолада , Павлодарда, Оралда, Өскеменде ,Атбасарда ,Верныйда ,Түркістан өлкесінде т.б. жерледе құрыла бастады. Кеңестермен бір мезгілде Уақытша үкімет органдары , оның облыстың уездік комиссиариаттары құрылып, оған бұрынғы патша шенеуліктері , сондай-ақ ұлттық либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері енді.




Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті

“Педагогика –тарих» факулътеті



«Тарих» кафедрасы

«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні бойынша


«Тарих» мамандықтарының студенттері үшін



Семинар сабақтары

Жетісай – 2007 ж.
10. Семинар сабақтары.




Сағат

саны

Әдебиеттер №



Қазақ-жоңғар соғыстары – Ұлы Отан соғысы.

  1. Ойраттар, олардың шаруашылғы, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ұйымдасуы.

  2. ХVІғ. 20 ж.ж. мен ХVІІ ғ. 30 ж.ж. аралығындағы қазақ-ойрат (жоңғар) қарым-қатынастары.

  3. ХVІІ ғ. 30-50 ж.ж. қазақ-жоңғар соғыстары. Орбұлақ шайқасы.

  4. ХVІІ ғ. соңы – ХVІІІ ғ. басындағы жоңғар шапқыншылығының күшеюі. Әз-Тәуке ханның Отан қорғаудағыжәне қазақ мемлекетін нығайтудағы әрекеті.

  5. ХVІІІ ғ. 20 ж.ж. Қазақстанның саяси, экономикалық және халықаралық жағдайы.

  6. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”

  7. Ордабасы жиыны – бытыраңқылықтан бірлікке бастау.

  8. Отан қорғау жолындағы бүкілхалықтық күрес.Қазақ жасақтарының ұлы жеңістері.

  9. Отан қорғауда ерлік көрсеткен қазақ батырлары.

1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет







Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіре және отарлана бастауы.

  1. Қазақ хандығының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары.

  2. ХVІІІ ғ. 1-жартысында Қазақстанның саяси, экономикалық және халықаралық жағдайы.

  3. Ресей империясының Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.

  4. Кіші жүздің және орта жүздің бір бөлігінің Ресей құрамына кіруі және оның себептері.Әбілхайыр хан.

  5. Орынбор экспедициясы. Орынбор қамалының салынуы.

  6. “Қатал” және “майда” саясаттың ұштастырылуы.

  7. Әскери бекініс шептерінің салынуы.

  8. Жайық және Ертіс өзендері бойына қазақтардың малын жаюына тыйым салу туралы жарлықтар және оның орындалуы.

1

№3 39-45 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет






Абылай хандығы

  1. Аңырақай шайқасынан кейінгі жағдай. Ұлы жүздің жоңғар езгісіне қалуы.

  2. Тарих сахнасына Абылайдың шығуы. Абылай ханның шығу тегі, жастық өмірі.

  3. Абылай хан – ұлы қолбасшы батыр, Отанды азат етуді басты ұйымдастырушы.

  4. Абылайдың жоңғар билеушілерімен қарым-қатынасында ұстанған саясаты. Қазақтардың толық жеңіске жетуі.

  5. Абылай ханның Ресей мен Қытай империялары арасында ұстанған саясаты. Абылай – ұлы саясаткер.

  6. Абылай ханның қазақ жерлерін біріктіру жолындағы әрекеттері.

1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет





Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

  1. Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының себептері.

  2. Е.И.Пугачев және оның қазақтарға “Үндеуі”.

  3. Көтерілістің басталуы және оның кезеңдері.

  4. Кіші жүз қазақтарының көтеріліске қатысуы.

  5. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№3 39-45 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет






Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  2. Сырым Датұлы – даңқты батыр, от ауызды шешен, жаңашыл реформатор, азаттық күрестің көсемі.

  3. Көтерілістің басталуы және барысы.

  4. Игельстрам реформасы, оның мәні.

  5. Патша өкіметі және Сырымның ой әрекеті: мүдделер қақтығысы.

  6. Сырымның реформалары.

  7. Көтерілістің 20 ж.ж. жаңа кезеңі.

  8. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№3 39-45 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет






Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.

  1. Патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюының себептері, мақсаты.

  2. “Сібір қырғыздары туралы Жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.

  3. “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.

  4. “Орынбор қырғыздары турыл Жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

  5. “Орынбор қырғыздары турыл Жарғы” бойынша Кіші жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.

  6. 1822-1824 ж.ж. әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мәні және салдары.

1

№3 39-45 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет






И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

  1. Бөкей хандығының құрылуы.

  2. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  3. “Исатай – басшы, мен – қосшы”. Көтеріліс басшыларының бейнесі, олардың тарихымыздан алар орны.

  4. Жәңігр хан бейнесі: ағы мен қарасы.

  5. Көтерілістің барысы.

  6. Махамбет жырлары: ұлт рухы, азаттық күрес тарихы. Тарих тағылымы.

  7. Жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет





Ж.Тіленшіұлы және С.Қасымұлы бастаған азаттық көтерілістер.

  1. Ж.Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  2. Көтерілістің барысы, жеңілу себептері және маңызы.

  3. С.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  4. Көтерілістің барысы, жеңілу себептері және маңызы.

1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет






Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес.

  1. К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыстың Кеңес тарихнамасында көрініс табуы. Е.Бекмаханов тағдыры.

  2. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  3. Орта жүздегі көтеріліс.

  4. Көтеріліс ошағының Кіші жүзге ойысуы.

  5. Қоқан хандығымен күрес.

  6. Кенесары хандығының ішкі құрылысы.

  7. Қырғыстандағы күрес. Кенесарының қаза табуы.

  8. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет






Қазақ халқының ХІХ ғ 50 ж.ж. ұлт-азаттық көтерілістері.

  1. Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының азаттық күресінің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

  2. Көтерілістің барысы және тарихи маңызы.

  3. Есет батыр бастаған азаттық күрестің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  4. Көтерілістің барысы және тарихи маңызы.

  5. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан езгісіне қарсы күресінің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

  6. Көтерілістің барысы және тарихи маңызы.

1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет





Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстан аймағын жаулап алуы.

  1. Жетісуға Ресей ықпалының таралуы. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

  2. Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның Орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясында.

  3. Сырдария бойында әскери шебінің құрылуы.

  4. Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы экспансиясы. Аймақтың Ресей билігіне көшуі.

  5. Сыздық сұлтан басқарған азаттық күрес.

1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет






ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстан.

  1. 1867-68 ж.ж. реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған дайындық.

  2. Реформа бойынша әкімшілік басқарудағы өзгерістер.

  3. Реформа бойынша құрылған облыстар, уездер, болыстар (аумағы, хылқ саны, рулар құрамы)

  4. Реформаның отарлық мәні. Қазақтардың шұрайлы жерлерін жаппай тартып алудың ұлғаюы. Қоныстандыру саясаты.

  5. 1868-1869 ж.ж. Орал, Торғай облыстарындағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

  6. 1870 ж. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  7. Азаттық көтерілістің барысы, салдары.

  8. 1868-69 ж.ж. Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы азаттық көтерілістердің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет





Ресей патша өкіметінің Қазақстандағы жер мәселсіндегі отаршылдық саясаты.

  1. Қоныс аударуға дейінгі қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  2. Патша үкіметінің аграрлық саясаты. Жаппай отырықшыландыру арқылы отарлау.

  3. Қоныс аударушылар деревнясы.

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

  5. Қазақстандағы ХІХ ғ. соңындағы қоныс аударту салдарынан қалыптасқан демографиялық жағдай.

1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет




14.

Қазақстанда капиталисті қатынастардың дами бастауы. ХІХ ғ. 2-жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

  1. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.

  2. Сауданың дамуы. Жәрмеңкелер.

  3. Қалалар. Урбанизация үрдістері.

  4. Банк-ақша қатынастары.

  5. Халықтың әлеуметтік құрамындағы өзгерістер.

  6. Халық ағартау ісі.

  7. Қазақ халықының Ұлы ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

  8. ХІХ ғ. қазақ әдбеиеті. Ақындар шығармашылғы.

  9. Музыка мәдениеті. Әнші-композиторлар мен күйшілер.

  1. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі. Баспасөз.

1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет



15.

ХХ ғ. басындағы Қазақстан.

  1. Патша өкіметінің Қазақстандағы жер мәселесіндегі отаршыл саясатының күшеюі.Столыпин реформасы.

  2. Қазақ жерлерін жаппай тартып алудан және орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудан қалыптасқан демографиялық жағдай.

  3. Қазақ жұмысшы табының жағдайы. Мористік ұйымдар.

  4. Қазақстандағы 1905-07 ж.ж. революция.

  5. Революцияның жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет