Қазақ жерінің Ресейге қосылуы оның білім беру ,ағарту саласының, мәдениетінің жңа сипат алуына әсер етті.
19 ғ басында Қазақстанда оқыту негізінен шәкірттерге “Шариғат ұл-иман ” (мұсылман дінінің ережелері) : “Эпитек ” (құранның 7ден 1 бөлігі) сияқты діни бағыттағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретуге бағытталды.
Білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын Бұқар , Самарқанд, Хиуа, Ташкентке жіберіп отырды. Олар мұнда араб тілін, араб философиясын т.б. оқып үйренді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы мұнда орысша білім берудің дамуына да жағдай тудырды, ол Омбыда , Орынборда ,Оралда ,семейде және басқа қалаларда құрылған орыс мектептерінен басталды.
Қазақтар арасында орысша білім берудің өрістеуіне 1789 ж қазақ халқының дәулетті топтары ішінен тілмаштар мен писарлар даярлайтын “азиялық мектептің ” ашылуы көмектесті. Мектеп түлектері орыс тіліне қоса араб , парсы , түрік, қытай т.б. шығыстың тілдерді меңгерді, топографиялық және жер өлшеу ісін білді.
18 және 19 ғ бірінші жартысында орыс ғылымдары Қазақстан жерін, табиғатын, халқының өмірі мен тарихын, шығармашылығын зерттей бастады.1715 ж 17 қапитандар Бекович –Черкасский , Мейер Қазақстан мен Орта Азияға экспедицияға ұйымдасытырып ,Каспий және Арал теңізі аймақтарын зерттеп, олардың карталарын жасады. Сол 18 ғ Ресей ғалым академиясының басшылығымен аз зерттелген аймақтарға экспедициялар жіберілді.Оларды П.Паллас , Н.П. Рычков , И.Фальк , И.Георги т.б. басқарды. Олардың шығармаларында Қазақстандағы 18 ғ жағдайы жөнінде қызықты деректер көп .Біздің 18 ғ Қазақстан тарихын білуімізде А.И.Тевкелеевтің Кіші және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуы жөніндегі заңдық актілерінің маңызы зор.
19 ғ 20-40 жж Қазақстанды зерттеуде жаңа кезең басталды . 1848-1849 жж С.керелиннің Каспий теңізіне және капитан-лейтенант Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары маңызды роль атқарды.Олар Сырдария өзінінің жағалауын суретке түсіріп, Арал теңізі мен оған құйып жатқан Сырдарияның тереңдігін анықтады, олардың дәлме-дәл карталарын жасады.
19 ғ орта шепінде Қазақстанда болған ірі-ірі экспедицияларды Ковалевский ,Северцов,Васильев , Данилевский, Небольсин т.б. басқарды. Олар Қазақстанның табиғатын , халқының мәдениеті мен тұрмысын зерттеді. Қазақ жерін топографиялық картаға түсірумен шұғылданды, табиғи байлықтарын зерттеді.
Қазақстанды зерттеуде 1845 ж құралған Орал географиялық қоғамы зор роль атқарды. Шын мәнінде бұл қоғам Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұңғыш базасы болды.
Қазақстанның тарихын , этнографиясы мен географиясын зерттеуде А.Левшиннің “Қырғыз –қазақ немесе қырғыз –қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген 3 томдық еңбегінің зор маңызы болды.
Қазақ халқының өмірі мен тарихына , шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И. Дальдің әсімі көрнекті орын алады. Ол 1833-1841 жж Орынбор әскери губернаторлықтың жанында ерекше тапсырмалар орындайтын чиновник қызметін 8 жыл ішінде түркі тілдес халықтарының жазбаларын , ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырды, әңгімелер т.б. шығармалар жазды. Ол 1836-1838 жж азаттық көтеріліс басшылары Исатай мен Махамбетке жанашырлық білдірді.” Бөкей мен Мәулен” повесін жазып , онда қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттап жазды.
Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин шығармасының бір тармағы Орынбор өлкесімен , 1773-1775 жж Жайық жағасында басталған. Пугачев көтерілісімен байланысты. 1833 ж осы көтеріліс туралы мәлімет жинауға келген А.С.Пушкин Орынбор өлкесіне 1 аптадан артық қазақтардың өмірін өз көзімен көрді. Нәтижесінде ол “Пугачев бүлігінің тарихын” жазды.Онда ол қазақтардың көтеріліске қатысқанын және бұл соғыстың мақсаттары қазақтар мүддесіне жақын болғанын көрсететін фактілер келтірілген. Пушкин Оралда “Қозы көрпеш –Баян сұлу ” поэмасын жзып алды.
ЛЕКЦИЯ 20.
19 ғ 2 жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар.
(1 сағат)
Жоспары:
1.1867-1868 жж реформа және оның отаршылдық мәні.
2.1886-1891 жж реформадағы ерекшеліктер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Лекцияның мәтіні:
Ресейде капиталистік құқық жойылғаннан кейін капиталистік өнеркәсіптің тез дамуы Қазақстанның өнім өткізетін аса бай рынок және арзан шикізат көзі ретіндегі ролін күшейте түсті. Жаңадан қосылған өлкенің байлығын игеру үшін оны саяси жағынан патша әкімшілігіне толық бағындыру қажет болды. Ол үшін Қазақ даласында тікелей Ресейге қарайтын бірыңғай басқару жүйесін енгізу қажет етті. Осы мақсатта патша үкіметі 60 жж басында арнаулы комиссия құрды. Комиссия қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлуді ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 ж 2 Александрдың бұйрығымен қазақ даласын басқару туралы Ережесінің жобасын әзірлеу үшін “Дала комиссиясы” деген құрылып , ол қазақ даласына зерттеу жүргізді.
Нәтижесінде 1867 ж 11 шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже” , ал 1868 ж 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы Ереже” қабылданды.
Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:
1.Түркістан генерал-губернаторлығы .Орталығы –Ташкент қаласы
2.Орынбор генерал-губернаторлығы .Орталығы –Орынбор қаласы
3.Батыс Сібір генерал-губернаторлығы .Орталығы –Омбы.
Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолын шоғырланды.Ал, Түркістан генерал-губернаторына тіпті, Иранмен және Қытаймен де дипломатиялық қатынастар жасауға құқық берілді.
Әрбір генерал-губернаторлық облыстардан құралды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары ,Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары , Түркістан генерал-губернаторлығына Сырдария және Жетісу облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 ж Астрахань губерниясына қосылды, ал Маңғыстау өлкесі 1870 ж Кавказ әскери округінің қарауына , кейін ұзамай Закаспий облысына енгізілді.
Облыстарды әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей қолына берілген әскери губернаторлар басқарды. әскери губернаторлар жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: 1.Шаруашылық; 2.Сот; 3.Жарлықты іске асыру .
Облыстар уездерге бөлінді :Жетісу облысына –Сергиополь,Қапал, Верный , Ыстықкөл, Тоқмақ ,Жаркент уездері кірді.
Сырдария облысына –Қазалы, Перовск , Түркістан , Шымкент, Әулиеата ,Ташкент , Ходжент, Жыззақ уездері кірді.
Орал облысына –Орал, Гурьев ,Калмыков ,Ембі (Темір) уездері кірді.
Торғай облысына –Елек (Ақтөбе) , Николаевск (Қостанай) ,Ырғыз және Торғай уездері кірді.
Ақмола облысына –Ақмола ,Көкшетау ,Омбы және петропавл уездері кірді. (кейіннен 1869 ж Сарысу уезі кірді.)
Семей облысына –Көкпекті ,Зайсан, Баянауыл , Қарқаралы уездері кірді. (Кейіннен Өскемен уезі қосылды) .
Уездерді офицерлерен тағайындалатын –уездік бастықтар басқарды.Уезд бастығының екі –аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші жергілікті шонжар таптың өкілдерінен алынды. Уездегі билік азаматтық билік те, әскери билік те уезд бастығының қолында болды.
Уездер рулық емес, территориялық принцп бойынша құрылған болыстарға бөлінді. Болыстар шамамен 2000 (кейде 3000) шаңырақтан тұрды. Болысты болыс басқарушылары басқарды. Ол әр үш жыл сайын сайланып отырды. Болыс болу үшін шонжарлар арасында пара беру, сый-құрмет көрсету , жоғарыға жағымпаздану , қорқытып-үркіту т.б. келеңсіз құбылыстар етек алды.
Болыстар шамамен 100-200 шаңырақтан құралған ауылдарға бөлінді. Ауылды ауыл ағамандары басқарды. Олар да үш жылға сайланды.
Реформа бойынша Қазақстандағы сот ісі бірнеше сатыдан тұрды. Бұрынғы дәстүрлі шариғат негізіндегі билер соты мен қазылар соты сақталды. Бірақ олар тек ауылдар деңгейінде ғана қолданылды. Ресейдің империялық әскери және уездік соттары құрылып , олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді және олар мемлекетке опасыздық , үкіметке қарсылық , мемлекет мүлкіне қол сұғушылық ,қызмет адамын өлтіру т.б. негізгі ірі қылмыстық істерді қарады.
Реформа бойынша әрбір шаңыраққа Түркістан генерал-губернаторлығында жылына 2 сом 75 тиын , ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығында 3 сом болып белгіленген түтін салығы салынды.
1867-1868 жж реформа патша үкіметінің Қазақстанды отарлауын , отарлық басқаруымен нығайтты . Реформаның ең ауыр салдары –Ресей империясының Қазақстан жерін өзінің мемлекеттік меншігі етіп жариялауы болды. Әуімшілік –территориялық бөлініс арқылы қазақ халқының ғасырлар бойғы дәстүрлі көшіп –қону , жер пайдалану жүйесі бұзылды.
1886 ж 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже” ,ал 1891 ж 25 наурызда “Ақмола , Семей , Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже ” қабылданды. Бұл ережелер бойынша Қазақстан жері бұрынғыдай 3 емес , 2 генерал –губернаторлықтан тұрды.
1.Түркістан генерал –губернаторлығы.Орталығы –Ташкент.Оған Ферғана ,Самарқан, Сырдария облыстары кірді.
2.Дала генерал –губернаторлығы.Орталы –Омбы қаласы. Оған Ақмола ,Семей , Жетісу (1897 ж қайтадан Түркістан губерниясына қарады) ,Орал, Торғай облыстары кірді. Облыстардың уездерге бөлінісі бұрынығысынша сақталды. Енді генерал –губернаторлардың құзіреті бұрынғысынан да күшейтіліп, оларға шексіз билік берілді. Облыс орталықтарының полицейлік басқармалар құрылып, полицейлік бақылау күшейтілді.
Шаңырақ салығы 4 сомға дейін өсті, ал жалпы салықтар мен міндеткерліктер үй басына жылына 10 сомға дейін жетті. Бүкіл жер мемлекетінің, меншігіне жатты. Сот құрылысы 1867-1868 ж Ереже бойынша қалдырды. Тек бұрынғы төменгі сот буыны билер соты мен қазылар сотының орнына “халық соттары” деген құрылды. Ол да бұрынғысында ең төменгі сот буыны болып қала берді. Жергілікті халық соттарына нұқсан келтіріп, империялық соттарды одан әрі күшейту заң жүзінде бекітілді.
Қысқасы ,бұл 1886-1891 ж ж реформа да Қазақ жерін елін отарлауға өз “үлесін” қосты.
ЛЕКЦИЯ 21.
19 ғ 60-70 жж реформаның отаршылдық мәніне қарсы қазақ халқының азаттық көтерілістері.
(1 сағат)
Жоспары:
1.1868-1869 жж Орал ,Торғай олыстарындағы азаттық көтеріліс.
2.1870ж Маңғыстаудағы азақттық көтеріліс.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Лекцияның мәтіні:
1867-1868 жж реформаның қабылдануымен қазақ даласындағы отаршылдық езгі одан әрі тереңдей түсті. Кіші жүзде жер қатынастары бұрынғыдан бетер шиеленісті. Жаңа бекіністер салуға , орыс-казактар қонысына қазақтардың шұрайлы жерлері көптеп тартып алынды. Қазақтарға отарлық салық жүйесі де ауыр тиді: Жетісу мен Сырдария облыстарында 2 сом 75 тиын , ал қалған далалық облыстарында 3 сом болып келетін шаңырақ салығы мемлекеттік салық еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиын , шекара маңында 4 сомға жеткен салық қазақ шаруаларын ауыр жағдайға душар етті. Бұл аздай қой басына –15 тиын , ірі қараға-18, жылқыға –23, түйеге-38 тиыннан ақы алынды.
1868 ж желтоқсанда “Уақытша Ережені ” жүзеге асыру үшін жер-жерлерге ұйымдастыру комиссиялары шығарылды .Олар жұртты ауыл-ауылға бөліп, оларды басқаратын ауыл старшындарын , болыстарды сайлауға , әр үйден көбейтілген жаңа мөлшерде салықтар жинауға тиіс болатын .Қазақтар “Уақытша Ережеге” үзілді –кесілді қарсы шықты, бұрынғыдай көшіп-қонудың сақталуын жақтады, жаңа салықтардн , уезд бастықтарының тағайындалуынан құтқаруды , жер сатуды жоюды т.б. талап етті. Жайылымдарды жаңа әкімшілік арқылы пайдалану баяғыдан келе жатқан тәртіпке қайшы келді. Мұндай жағдайда ата-бабасынан келе жатқан жайлау , қыстаулар басқа болыс , уездерге ауысып кететін болды. Мұның бәріне халық ашық қарсы болып қабылдамады.
1868 ж желтоқсанда басталған көтеріліс 1869 ж наурызда бүкіл Орал облысын ,Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Бұл көтерілісті Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза , қылыш соқты , қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестіріп тапты. Ембі өзенінен оңтүстік пен солтүстікке қарайғы бүкіл өңір көтерілісшілердің бақылауында болды. Ресей соғыс министрі Милютин Орынбор губернаторы н.А. Крыжановскийге көтерісті бсып –жаншуға шұғыл және батыл түрде кірісуді талап етті. 1869 ж наурыз-мамырда Мәскеуден ,Петербургтен, Харьков ,Қазаннан 57 офицер, 510 атқыш әкелініп, бұған қосы 5300 қарулы әскер мен 20 зеңбірек шығарылды.
Көтерілісшілер Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында подполковник фон Штемпельдің отрядымен шайқасқа түседі. 20 мыңдай көтерілісші оларды 7 күн бойы қоршауда ұстап , бірнеше рет шабуылдайды. Азық тиеген 13 көлігінен айрылып , 3 әскері өліп , 5 адамы жараланған фон Штемпель ақырында Калмыков бекінісіне қашып барып тығылады. Көтерілісшілердің екінші тобы майор Пироговтың отрядын өкшелей қуып, Ащыбұлақ өзені бойында бірнеше рет шабуылдайды. Подполковник Рукиннің , Юрковскийдің отряды да шегінуге мәжбүр болады. Көтеріліс қарқыны патша үкіметін қатты шошытты. Оны басып жаншу үшін 1700 –ден астам қарулы әскері , көптеген зеңбіректері бар ірі жазалаушы отрядтары Орал облысының әскери губернаторы Веревкиннің өзі басқарып шықты.Сөйтіп, ұйымдасу жағы төмен , нашар қаруланған ,түпкі мақсаттарына жете түсінбей стихиялы басталған көтеріліс ақырында жеңіліс тапты.
Маңғыстаудағы көтеріліс те Орал ,Торғайдағы сияқты 1867 –1868 жж реформаның енгізілуіне байланысты болды. Маңғыстаудағы толқудың негізгі себептерінің бірі-патша өкіметінің жер жөніндегі саясаты, соның ішінде адайларға өз жайлауларын пайдалануға тыйым салу болды. Сонымен қатар , патша үкіметінің жаңа алым-слық жүйесін енгізудегі зорлық-зомбылығы да адайларды қатты ашындырды.
1870 ж 15 наурызда Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин қарамағында 4 офицер , 36 казак , би майұлы , тілмәш Бекметұлы және 60 адамы бар топпен адайларға “Ережені” қабылдатып, салық төлету үшін жорыққа шықты.
Сандары көбейтіп , жұрттың қолдануын тапқан көтерілісшілер Сарытастағы казактар жайлаған балықшылар қонысына шабуыл жасап, оны талқандап ,Форт-Александровскийге қарай бет алды. 2- сәуірде олар Николаевск станциясын қоршап , оны толыққа жақын талқандайды .Үйлер мен кеңселерді өртеп , көптеген әскери адамарды өлтіріп , тұтқындайды. 5- сәуірде Досанның жасағы Форт-Александровс бекінісін қоршауға алады. Бірақ әскери техникамен жақсы қаруланған оқ боратып , алдырмайды. Көтерілісшілер шегінді. Бұл көтеріліс патша әкімшілігіне үлкен Маңғыстауға 7 ротадан артық жаяу әскер , 6 атты әскер жүздігі, 4 зеңбірегі бар екі взвод жинады. Соғыс министрі Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сай жазалаушылар үш ай бойы Маңғыстаудан кетпей , көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншып жазалады. Көтеріліс басшылары Досан Тәжіұлы , Иса Тіленшібайұлы 3000 дай шаңыраққа бас болып , 1870 ж желтоқстанда Хиуа хандығына өтіп кетті. Адайлардан соғыс шығыны ретінде 90 мың қой өндіріліп алынды.
Сонымен 19 ғ 60-70 жж Орал, Торғай облыстарында және Маңғыстауда болған азаттық көтерілістер қазақ халқының патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы азаттық жолындағы ірі бас көтерулерінің бірі болып табылды.
ЛЕКЦИЯ 22.
Патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту саясаты.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәні.
2.Шаруаларды қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер”
3.Қоныс аудару қозғалысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Лекцияның мәтіні:
Патша өкіметі 19 ғ екінші жартысында өзінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын қоныс аударту мәселесіне баса назар аударды. Ресейде 1861ж крепостинтік құқының жойылуы ондағы аграрлық мәселені шеше алмады. Елде шаруалардың толқулары жалғаса берді. Сондықтан патша үкіметі , біріншіден , шаруалардың революциялық толқуларын әлсірету үшін , екіншіден , ішкі Ресейдегі жетіспей жатқан жер мәселесін шешу үшін және үшіншіден , болашақта Қазақ елін кең көлемде отарлай түсуде онда өзіне тірек жасау үшін орыс шаруаларын Қазақстан сияқты шет аймақтарға қоныс аудартуды ұйғарды.
Алғашқы кезде патша өкіметінің өлкесін әскери казак-орыс отарлауымен шектелген болса, енді 19 ғ 60 ж ортасынан бастап Қазақстанға орталық Ресейден орыс шаруаларын да қоныс аудартуды бастады. Мұндай қоныс аударту 19 ғ 70-80 жж жаппай сипат алды.
Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 ж 20-қазандағы қаулысынан алғаш көрінеді, онда былай делінді; “Адамгершілік қасиеттері мен материалдық қаражаттары өздерінің сенімділігіне жеткілікті дәрежеде кепілдік бола алатын орыс жұмысшы семьяларына Қырғыз даласына қоныстандыруға рұқсат етілді”. Жергілікті әкімшілік те дәл сондай позиция ұстанды .Мысалы , Алатау округі бастығының баяндамасында “өлкені орыстардың ойдағыдай отарлауы үшін колонистердің шаруашылық және адамгершілік жағынан қамтамасыз етілген адам құрамы қажет ” делінген.
Қысқасы , патша үкіметі Қазақ өлкесін кеңінен отарлап, ондағы отаршыл әскерлерді толықтыру үшін және қазақтар арасында орыстандыру саясатын жүргізу үшін орыс шаруаларын Қазақ өлкесіне қоныстандыруға ерекше мән берді. Бұған 1867-1868 жж реформа бойынша бүкіл Қазақ жерінің Ресейдің мемлекеттік меншігі болып жариялануы заңдық негіз болды.
Патша үкіметі өзінің Қазақстандағы аграрлық саясатының мақсаттарын белгілеп алғаннан кейін оларды жүзеге асыруға кірісті. Жетісу өлкесінің губернаторы Т.А.Колпаковский бірінші боп ұсыныс көтеріп , өзінің басшылығымен 1868 ж “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Уақытша ережелер ” қабылдады.
1883 ж дейін күшін сақтаған бұл ережелерге сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді , қоныстанушылар 15 жыл мерзімге салықтардан және алуан түрлі міндеткерліктерден босатылды. Тіпті , мұқтаж жанұяларға 100 сомға дейін қарыз ақша да берілді.
1883 ж Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік “Облыстың отырықшы халқын жерге орналастыру туралы Ереже ” , яғни байырғы тұрғындарды , жаңадан келушілерді , сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ереже шығарды. Ол бойынша жан басына берілетін жер мөлшері 10 десятина болып белгіленді. Қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден 3 жылға босатылды.
1889 ж 13-шілдеде “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыруы жөнінде Ереже ” қабылданды. Бұл “Ережеге” сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері 15 десятина болып белгіленді. Тобыл, Том губерниялары шаруалардың қоныс аударатын басты аймақтары ретінде белгіленді.
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыруда 1892 ж құрылған Сібір темір жол комитеті маңызды роль атқарды. 1893 ж “Уақытша Комиссиялар” құрылды. Олар қоныс аударатын жерлерді белгілеп, артық жерлерді анықтаумен айналысты.
19 ғ 90 жж орта шетінен Сібір мен Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы үдей түсті.сондықтан 1894-1895 жж өзінде-ақ қазақ өлкесінің басы артық жерлерін анықтап, оны “қоныс аудару қорына ” қосу үшін барлық жерді зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты 1896-1902 жж белгілі зерттеуші Ф.Шербина бастаған экспедиция қазақ өлкесін зерттеді. Қоныстандыру саясатының нәтижесінде 1897 ж қазақтардың жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 67,7 пайызын төмендетті.
ЛЕКЦИЯ 23.
19 ғасыр –қазақ мәдениетінің алтын ғасыры.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі. Ғылымның дамуы.
2.Өнер және музыка мәдениеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Лекцияның мәтіні:
Ресей Қазақстанды өз қол астына қосып алғаннан кейін 19 ғ ортасында оны толық игеруді алға қойды. Қазақстанға оның географиясын , тарихын , экономикасын , этнографиясын , қазба байлықтарын зерттеу үшін ғалымдарымен саяхатшылар келіп жатты. Аса көрнекті орыс ғалымдары Семенов-Тянь Шаньский, Северцов ,Мушкетов , Радлов т.б. есімдері Қазақстанмен байланысты.
Ірі географ ғалым Орта Тянь-Шаньды зерттеуші Т.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914 жж ) Алтай бойына , Жетісу мен Орта Азияға 2 рет – 1851-1857 жж , және 1888 ж саяхат жасады. Оның басшылығымен “Россия .отанның толық географиялық сипаттамасы ” деген көп томды зерттеу еңбек шығарылды.Бұл еңбектің “Қырғыз өлкесі” және “Түркістан өлкесі” деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияны суреттеуге арналды. Мұнда Қазақстанның географиясы , табиғи байлықтары туралы, сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен тұрмысы туралы мағлұматтар бар.
Орыстың аса көнекті географ ғалымдарының бірі Н.А.Северцов (1827-1885 жж) Қазақстанды зерттеуге үлкен үлес қосты. Ол Қазақ өлкесі мен Орта Азияға 7 рет экспедиция ұйымдастырып, Арал-Каспий ойпатын, Мұғалжар жоталарын , Үстірт қыратын, Іле Алатауын зерттеді, фауна мен флораның және географиялық материалдың үлкен коллекциясын жинады.
Орыстың белгілі географы және И.В.Мушкетов (1850-1902) Қазақстанды зерттеу үшін көп жұмыс істеді. “Түркістан” деген күрделі еңбек жазды.
Мұнда Қазақстанның оңтүстік аудандарының географиялық және орографиялық суреттемесі берілген .Ол сондай-ақ Орта Азияның географиялық картасын құрастырды.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеу жөнінде көп жұмыс жүргізді. Бұл салада ұлы шығыстанушы ғалым В.В.Радловтың (1837-1918 жж ) еңбегі өте зор. Ол Алтай өлкесі мен Қазақстан халықтарының тілін , әдет-ғұрпын , тарихы мен ауыз әдебиетін зерттеді. Ол көп жылғы саяхаттары кезінде бүкіл Жетісуды зерттеді.
Белгілі ғалым Красовский өзінің “Сібір қазақтарының облысы” деген еңбегінде қазақ халқы тегінің шығуына көңіл бөлді. Ал көрнекті зерттеуші Мейердің “Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы” деген еңбегі Кіші жүз тарихын , географиясын зерттеуге арналған.
Қазақстанды зерттеуде бұлардан өзге Веляминов-Зернов , Добромыслов , Аристов, Крафт , Макишев ,Костенко , Маковецкий т.б. зерттеуші ғалымдар өз еңбеутерін арнап үлкен үлес қосты.
Украиндық ұлы ақын Т.П. Шевченконың шығармашылығында да қазақ халқы тақырыбы белгілі орын алады. 1847-1857 жж қазақ жерінде айдауда болған ол жергілікті тұрғындардың ауыр жағдайымен тұрмысын көріп, өз шығармаларында оған жанашырлық білдірді. Оның “Қазақ шаңырағы” , “Атқа мінген қазақ” , “Байғұстар” т.б. суреттері –тұрмыстық шындық жақтарын бейнелеген туындылар . “Менің ойларым ” деген өлеңдерінде ақын қазақ және украин халықтарының өмірін салыстырып жырлады.
Қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетінің дамуында ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелерінің ашылуы зор роль атқарды.
Қазақстан тарихын , географиясын зерттеуде ғылыми жолға қоюда 1845 ж ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы (1868 ) , Омбыдағы ,Семейдегі (1877) Түркістандағы (1897) және басқа жерлердегі бөлімдері мен бөлімшелері үлкен роль атқарды.
1868 ж бастап ашылған облыстық , статистикалық комитеттер қазақ өлкесінің тарихы , этнографиясы материалдық мәдениеті жөнінде көптеген мәліметтер жинады. Олар “облыстарға шолу жасау” жинақтарында жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |