Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет12/20
Дата19.05.2022
өлшемі69.11 Kb.
#457457
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
лекция мадениет

Бақылауға арналған тапсырмалар
Еуропалық Қайта өркендеу (ХІІ-ХVІ ғ) және оның әлемдік мәдениеттегі орны.
Қайта жаңғыру дәуірі мен реформация.
Қайта жаңғыру кезеңіндегі гуманизм.
Ағарту кезеңіндегі әлеуметтік-мәдени жаңғырулар.
Қайта өркендеу мәдениетінің фенонемі: гуманизм, рационализм, романтизм.
Еуропалық қайта өркендеу (ХІҮ- ХҮ) және оның әлемдік мәдениеттегі орыны.
Италияндық Қайта өркендеу өкілдері - Данте, Леонардо да Винчи, Рафаель.
Тициан, Микелланджело, Ботигеяли және олардың әлемдік мәдениетіндегі орны.
Ағарту кезеңіндегі әлеуметтік жаңғырулар.


8 тақырып. ХІХ ғ. Еуропалық мәдениет.
Дәріс жоспары:
1.ХІХ ғасырдағы Еуропадағы қоғамдық өзгерістерге байланысты мәдениеттің дамуы.
2.Мәдениеттің дамуының негізгі тіректері. Романтизм, реализм және натурализм.
3.ХІХ ғасырдағы ғылымдардың ашылуы.
4.Ежелгі Шығыс славяндарының мәдениеті
5.Христиан дінінің моральдық-этикалық негіздері. Діни идеалистік көзқарастар.
6.Ресейдің XIV-XIX ғ.ғ. кезеңіндегі мәдениет.
7.Кеңестік Ресей мәдениетінің жетістіктері, гүлденуі және құлдырауы.
8.Қазіргі Ресейдегі әлеуметтік-мәдени жағдайлар.
Негізгі ұғымдар:
Классика, романтизм, реализм, натурализм, экономика, әлеуметтік сала, адамгершілік.
Дәріс мазмұны:
Жаңа заман адамның тәуелсіз болуымен, қалыптасуымен, ойлау жүйелерінің ерекше дамуы процесін жылдамдатуға түрткі болды. Европа елі үшін мәдениетінің дамуына маңызды тарихи кезең келді. Қоғамның барлық салалары түбегейлі өзгерістерге енді.
XVII ғ. рационализм дәуірі болса, XVIII ғ. ағартушылық ғасыры, ал XIX ғ. классикалық кезең болды.
Рационализм ғасырының мәдениеті. Рационализм-латын тілінен алынған (ratio-ақыл) – болмыс, таным, мораль, ақыл-деп аударылатын философиялық ілім. Жаңа еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялық қарым-қатынастардың негізінде пайда болды, капитализмнің қалыптасу кезеңі жаңа қоғамдық қарым-қатыныстар жолдары пайда болды. Жаңа еуропалық мәдениет-буржуазиялық капиталистік мәдениет, яғни субъект объектіден жоғары тұрады, ал адам табиғат патшасы деп жарияланды.
Осы тарихи кезеңде: жаңа ұлттық қарым- қатынастар, ұлттық мемлекеттер,
жаңа мәдениет салалары қалыптасты.
XVII- ғ. қазіргі адамзат баласының алдында түбегейлі мәселелер (соғыс, ғылыми-техника прогресстің зардаптары, табиғат байлықтарының сырапсыз пайдалану халықтың қайғы қасіретіне әкеліп соқтырды. Осы сияқты ғасыр тудырған қатігездіктер мен қиындықтарға қарамастан адамзат баласы тығырықтан шығудың қоғамды қайта құрудың жолдарын іздестірді. Бұл дәуірде Ренессанс мәдениетінің тамаша дәстүрлері келді. Ғылым дамыды (математика, механика). Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескерте отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен де санасып отырды. Сонымен орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды айтып қоймай, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дәстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар іске асырылған еді. Мысалы, Бахтың музыкасын бүгінгі күнде қабылдауымыз. Сонымен қатар, XVI-XVII ғ қалыптасқан ұлттық мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым- қатынастарының негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өміргі келді: Гоббс, Локк, Спиноза, Горации. Техника дамыған кезде адам санасы да өзгеріске түскен. Сонау көне мәдениеттің ошағы деп саналатын (Үнді,Қытай, Мексика) елдерін ашықтан-ашық тонау басталды. Жаңа жерлер ( географиялық ашулар) игеріліп, талай мемлекеттер тәуелділікке айналдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет