Бақылауға арналған тапсырмалар
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері.
Исламға дейінгі Арабия. Ортағасырлық Шығыс арабтардың мәдениеті.
Ортағасырлық ғылым,философия, өнер.
7 тақырып. Қайта өрлеу және жаңа заман мәдениеттері.
Дәріс жоспары:
1.Еуропалық Қайта өркендеу (ХІІ-ХVІ ғ) және оның әлемдік мәдениеттегі орны.
2.Қайта жаңғыру дәуірі мен реформация.
3.Қайта жаңғыру кезеңіндегі гуманизм.
4.Ағарту кезеңіндегі әлеуметтік-мәдени жаңғырулар.
5.Қайта өркендеу мәдениетінің фенонемі: гуманизм, рационализм, романтизм.
6.Еуропалық қайта өркендеу (ХІҮ- ХҮ) және оның әлемдік мәдениеттегі орыны.
7.Италияндық Қайта өркендеу өкілдері - Данте, Леонардо да Винчи, Рафаель.
8.Тициан, Микелланджело, Ботигеяли және олардың әлемдік мәдениетіндегі орны.
9.Ағарту кезеңіндегі әлеуметтік жаңғырулар.
Негізгі ұғымдар:
Реформация, ренесасанс, гуманизм, антроцентризм, космология, теология, протестанизм, рационализм дәуірі.
Дәріс мазмұны
Әлемдік тарихи үрдіске дейін қойсақ, этнос тағдырындағы саяси- әлеуметтік өмір мен мәдени-рухани өмір арасында ұдайы сәйкестік бола бермеген. Байырғы гректердің құлдық қоғамы ширығып тұрған кезеңде классикалық өнері дүрілдеді. Европада ортағасырлық діни мистиканың Наполеон солдатының табаны таптаған кезде неміс классикалық философиясы мен өнері шарықтады. Крепостнойлық Ресей ХІХ ғасырының әдебиеті мен өнеріне «алтын ғасыр» деп айдар тағылғанды. Қоғам өміріндегі бұл сияқты саяси-әлеуметтік ахуал мен мәдени-рухани ахуалдың кереғарлық кезеңде ұлы Гегель «тарихтың тәлкегі» деп атаған болатын.
Осынау «тарих тәлкегіне» қарамастан, дүниежүзілік таным үрдісінде мәдени-рухани жаңғырулардың бәрін «Ренессанс» деп атайтын дәстүр орныққан. Әдетте жалпы Европалық Ренессанс, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. арасында өтті деп айтылды. Дегенмен, сол ұлы жаңғыру шарпыған елдердің әрқайсысы өз ішінде өзіндік ерекшеліктерімен өзіндік кезең мерзімімен бой көрсетіп отырған. Дәлірек айтқанда, әрбір ұлт өзінің этникалық төлтума болмысымен шабыт тұғырына көтерілген. Айталық, Еуропалық Ренессанстың тұсауын кескен Италия гуманистік дүниетанымды сөз еткенімен, мейірiн қандыра нәр алған қайнары антикалық мәдениет болды. Адам болмысындағы сұлулықты сұлулық пен үндестіктің тоғысынан іздеген француздар тәңірінің өзіне тұрақ болардай ғимараттар тұрғызып сәулет өнерін өрге сүйреді. Ал Германияда ең алдымен адамдардың діни санасына реформация жасаудан басталды. Сиректеу зерттеліп сараңдау сөз болғанымен Шығыс Ренессансының өз заңдылықтарымен көрініс тапқаны тарихи ақиқат. Бұл тұрғыда алғашқы жаңғыру қадамы Қытайда басталды (ҮІІІ- ХҮІ) Конфуцийлік дүниетанымды гуманистік философия ығыстыра бастаған. Дәл осы кезеңде араб Ренессансына мұрындық болған классикалық әдебиеті де бұл тартпас айғақ ретінде көлденең тартылды. Ал ІХ-ХІІІ ғ-ғы Иран мен Орта Азиядағы поэзия, философия мен ғылымның жетістіктері Ренессанстың әлемдік аядағы кезеңдік өрлеуі ретінде мойындалады.
Батыс және Европа мәдениеті тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалыспен - Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды. Ренессанс деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сиппатта болса, ал Реформация қозғалысы діни бағытта жүзеге асырылды. Бұл екі мәдени сала адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
І. Қайта жаңғыру мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – ХІҮ ғ. аяғында ХҮ ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты, сонымен көптеген лидерге де Франция, Испания, Польша, Чехия, Венгрия, Англия бастарынан өткізді. Бұл кезеңде Италияандықтар қоғамы Греция мен Римнің көне мәдениетіне ерекше көңіл бөліп жаңғырту кезеңіне көшті, яғни гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды.
Экономика көптеген жаңа жерлер ашылды, отарлау, басып алу, тонау, соғыстар етек алды. Саясат саласында тәуелсіздік үшін күрес, яғни адыңғы идеялар ойшылдарға реквизиция отары дiни соғыстар етек алды.
Адам өмірінде-адамгершілік, адам деген ұғымның келуіне түсініктеме бергенде: Леонардо Бруно, Ключчо Салютате, яғни гуманизм латынның адамгершілік «гомо-адам» - жаңа адамдар-деген ұғым. Сонымен, қайта жаңғыру заманның басты жаңалығы ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады.
Леонардо Брунни (1370-1444) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-ғұрып салт-дәстүріне қатысты дүниелерді танып білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оның әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, граматика, риторика, тарих,философия, музыка т.б. жатады. Көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты ролді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелінді. Бұл кезде Европа интелегенциясының қалыптасу процесі басталды. Бұл кезеңде тамаша дарынды адамдар өнер сахынасына шығарды, олардың бірі Данте Олигьеридің «Құдретті комедия» туындысы өмірге келді. Франческо Петрарко, Джовании Бокаччо италиан тілінің негізін салушылар олардың әлемге әйгілі еңбектерінің бірі Петрарконың «Мадонно Лаура», Джованнидің «Декамирон». Сонымен адам бойындағы ірі ізгі қасиеттерді толық ашық көрсету еді. Сондықтан бостандыққа ұмтылу бақытты болуға, өз қабілетін қорғау, жетілдіру ұмтылу еді.
дін бұғауынан шығу
рухани төңкерістің негізін салу болды (қайта жаңғыру)
сауда саттық жүре бастады.
яғни экономиканың дамуы (жаңа адамдардың қалыптасуы).
Енді Платон ілімдерін талдай келе – рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналастық ақиқаттығын, космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, ортағасыр неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тұдыратын абсалюттік жаңа теориясына негізделді, яғни сұлулық пен әсемдікке толы дүниені түсіну- дүниетанымдылық келді.
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің алып тұлғалары:
1.Леонардо да Винчи (1456-1519)- «Құпия жиын» Миландағы Санта Мария - шіркеуінде сақталған. Париждегі Лувр музейіндегі «Монна Лиза- Джоконда».
2.Рафаель Санти (1485-1520) атақты туындысы «Сикст мадоннасы»- Меккедегі қаратас арабтар үшін қандай киелі болса, Сикст Мадоннасы европалықтарға сондай қасиетті дүние болды.
3.Сәулет өнерінен Микеланджелоның еңбектері: «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», т.б.
Осындай керемет дүниелер өмірге келгенде, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады, инквизиция- (еркін ойға қарсы) тиым салу, отқа жағу (Бокаччо еңбектері), Джордано Брунно отқа өртелді.
1.Германияда- гуманизм идеялары прогрессивті интелегенция мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары болды, себебі жаңғырығу мәдениеттiң қалыптасуына: экономикалық факторлар, тау-кен өндірісін дамуы, кітап бастыру, тоқыма өндірісі, нарықтық қатынастар, дінге қарсылық, Мартин Лютер библияны неміс тіліне аударды. Сурет өнері дамыды, неміс әдебиеті, балет саласы, сатира дамыды.
2.Нидерландияда - қайта жаңғырту жолының алыбы Эразм Роттердамский (1496-1538) болды. Өмірге сатиралық шығарма әкелді. Саяси озбырлықты әшкерелеп, халыққа қайғы қасірет әкелетін соғыстар сынға алды. Сүретшілер - Питтер Брейгел, Франс Халс - мәдени өмірдің басты ерекшеліктерін көрсете білді.
3.Англия - орталығы Оксфорд университетінде алдыңғы қатарлы ғылымдар еңбек етті. Томас Мордың - «Утопиясы» әлемге әйгілі болды. 9-театр бар елде – Шекспирдің ерекше орны бар еді: «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды- яғни реалистік ағымның жыршысы еді.
4.Испанияда - католик шіркеулеріне қарсы шықпады, себебі, Испаниядағы қалыптасқан қоғамдық саяси жағдай өз әсерін тигізді. Ұлт - азаттық күресте елдің ұлттық бірігуі, VІІІ - ғасыр арабтардың қол астында болған ел-ұлт азаттық күреске ұмтылды. Әртүрлi романдар өмірге келді.
а) Сервантестің «Дон кихоты» жарыққа шықты.
б) Франческо де Кеведоның еңбектері «История жизни пройдохи» керемет өшпес туынды болды.
в) Лопе де Веге дүниежүжізілік драматургияның атақты туындысы « Би мұғалімі», «Валенсия жесірі», « Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» халық көнілінен шықты.
5.Францияның ұлы сыншысы Франсуа Рабле «Гергантюа мен Пантагрюэль» романы қоғам бейнесін дәріптеді.
Қорыта келгенде «Қайта жаңғыру»- көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, таңнан бой түзеп, гүлдене түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |