Гомер дәуірінің мәдениеті. (б.з.д. XI-VIII). Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен «Гомер кезеңі» деп аталынады. Басты деректерге қарағанда Гомер грек елінің тәрбиешісі, ақыны, ұстазы ретінде көрінді. Әлемге әйгілі «Иллиада мен Одиссея» дастандарының өмірге келуі. Бұл шығарманың құдіреттілігі осы бір ұлы адамның дәуірмен танысып терең сезінгендіктен болса керек.
Осы шығармадан кейінгі өнер саласындығылар нәр алып отырған, бұл грек поэзиясынан халық қиялынан шыққан бейнелердің жан-жақты көрсетілуі.
Қазба дүниелерден талдау жасағанда Гомерлік кезеңнің IX-XIII ғ. рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастаған. Өмір үшін күрестің яғни күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар –деген өмірлік қағидаларға грек философы Протогор былай деген «Адам - бар дүниенің өлшемі». Дегенмен адамнан гөрі құдiретті құдайлар бейнелерінің көптен берілуі – грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Гомер дәуірінен келіп жеткен - аю өрнектер, құмыралар, қоладан жасалынған құмыралар, мүсіндер жатады. Құмыраны әшекейлер үшін геометриялық стильді қалыптастырды.
Афинада көлемі адам бойындай құмыралар қара лактармен боялып шығарыла бастады.
Керамикадан жасалынған мүсіндердің дамуы. Өмір шындығына бейнелеудегі талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүние - талпынысының биіктен көрінуін байқауға болады.
Алфавиттің жаңа нышандары пайда болды.
Грек мәдениеті: Архаикалық кезең мәдениетi.
Грек классикасы мәдениетi.
Тоқырау кезенінің мәдениетi болып 3- ке бөлінеді.
Архаикалық кезең - Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауындағы жерлерді меңгеру кезеңі, отаршылдықтың келуі, құлиеленушілік, саяси - әлеуметтік күрестің қалыптасу кезеңдері еді. Бұл кезеңде гректер- мидиялықтардан теңге - ақшаны жасауды, финикиядан алфавит жазуды үйренді. Қалалар қалыптасты: Афины- 8400 км
Спарта- 2650 км
Аргос, Коринф.
Архаикалық дәуірде грек елдің бірлігін ойлап - өздерін «Эллада», Эллинділерміз деді. Ежелгі Шығыс елдері сияқты грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Финикияда басты құдай Зевс, оның әйелі Гера- аспан құдайы.
Зевстің ағайындары: 1. Пассейдон- теңіз билігін
2. Аидаға жер асты патшалығын
3. Афродита сұлүлық құдайы. Ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі Венера Милосская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы мүсін жолдарымен Афродитаның даңқын әлемге таң етті.
4. Жануарлар құдайы- Артемида. Әлемнің жеті кереметінің бірі. Артемида құдайының құрметіне тұрғызылған.
5. Афина – данышпандық құдайы - адамдар ғылымға, қолөнерге, тоқыма ісіне үйретілген.
6. Гелиос- күн құдайы
7. Ника- жеңіс құдайы
8. Арес- соғыс құдайы
9. Дионис- шарап құдайы
10. Гермес-сауда-саттық құдайы
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Мысалы Геракл - аңызға айналған нағыз халық батыры. Гераклдің образы өнер туындыларында асқан шеберлікпен берілген. Мүсінде демалып тұрған Геракл бейнеленген.
II. Сәулет өнері дамыды – ең биігі Коринфтегі Аполлон храмы - алты колонадан, ұз-15 колонаға дейін. Таңғажайып құрылыс биіктеген сайын тастан салынған колонналар үшкірлене аспанмен тілдесіп тұрғандай.
Ұлы неміс ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағалайды.
Мүсін өнері қатар дамыды. Ұлы мүсінші Миронның мәрмәрден жасалынған «Диск лақтырушы» - әлемге әйгілі еңбек.
Мүсінші Фидиидің «Афина» мүсінін. Ал Венера Милоская – мүсіні 1820 жылы Жерорта теңізінің бір аралынан табылған, қазір Францияның Лувер музейінде. Сымбаттылықтың символы болған бұл ұлы мүсін талай ақындардың дастандардың арнауы болды.
Өмірге ұлы суретшілер келді.
Әдебиет саласы дамыды:
1.Шоқтығы биік ақын - Гессиод болды. Ол жазған Теогония (құдайдың шығу тегі) – автордың өзінің өмір жолына арналған ерекше еңбегі еді.
2. Солон. 3. Аликси. 4. Анекрионт - еңбектері классикалық жолдарға жол ашып берді.
Достарыңызбен бөлісу: |