Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет20/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
лекция 1-15

Саясат пен экономика барлық қоғамдық байланыстар жүйесінің іргетасы екендігі белгілі. Сондықтан олардың өзара әрекеті кез келген қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады.
Саясат қоғамның экономикалық саласымен, экономикалық қатынастармен, экономикалық мүдделермен тығыз байланысқан.
Сонымен бірге, саясаттың қоғамның экономикалық өміріне тигізер әсері де сан қырлы.
Экономикалық қатынастарды шектен тыс саясиландыру оның дамуын тежейтінді тарихтан белгілі. Әрине саясаттың экономикаға тигізетін белсенді ықпалына зәрулік кезеңдер де болуы мүмкін. Демек, саясаттың экономика дамуына жағымды немесе кері ықпал етуі белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты болады.
2. Саясатты әлеуметтiк анықтауды» құрамдас бөлiгi стратификациялық дефиниция. Ол саясатты белгiлi бiр қоғамдық топтар, тап, ұлт немесе өз мүддесiн билiк арқылы қанағаттандыруға талпынушы мүдделi топтар бәсекелестiгi ретiнде тұжырымдайды. Егер саясатты таптар арасындағы күрес ретiнде тұжырымдаушы маркстiк дефиниция өз мәнiн жойса, ал мүдделi топтар теориясы өзiнiң ауқымын кеңейттi және әрi олар демократияның плюралистiк концепциясындағы демократиялық мемлекет әр түрлi мүдделi топтардың бәсекелестiгiн реттеушi саясат жүргiзедi, сол арқылы қоғамда тепе-теңдiктi сақтайды деп тұжырымдайды.
Әлеуметтік өмір - қоғамдық өмірдің негізгі саласы, онда адамдардың азық-түлікке, тұрғын үйге, адамды өндіруге, мәдениеті игеруге, әлеуметтік қорғауға негізгі сұраныстары қанағаттандырылады.
Қазіргі өркениетті, демократиялық қоғамдарда әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары мыналар:
1.Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру;
2. Әлеуметтік мүдделердің қабысуы мен әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақтылығы;
3. Жеке адам құқығының сақталуы, оны әртүрлі зорлық-зомбылықтан қорғау;
4. Қажет әлеуметтік топтар үшін мемлекеттік және қоғамдық қорғауды ұйымдастыру.
3. Саяси iлiмдер тарихында саясаттың құқықтық концепциясы кеңiнен тараған. Олар саясат, мемлекет, құқық, ең алдымен адамның табиғи құқығының өнiмi деп санады. Оған мысал, Спиноза, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо, Кант өкiлi болып табылатын «қоғамдық келiсiм» теориясы болады. Бұл теорияның негiзгi мәнi саясат әрбiр адам өмiрге келгеннен берiлетiн негiзгi құқықтарды - өмiр сүру, бостандық, жеке меншiктi қорғау деп тұжырымдауы.
Қазiргi заманғы әдебиеттерде саясат теориясының құқықтық тұжырымы керiсiнше берiледi. Олар құқықты саясат өнiмi, оны таратудың негiзгi құралы, тұрақты саяси тәртiп құру тәсiлi деп есептейдi. Құқық тiкелей мемлекетпен жасалынады және саяси ерiк пен мемлекеттiк мақсатқа негiзделiнедi.
4. Саясат идеологиямен де тығыз байланысты. Идеология таптардың ең алдымен экономикалық, әлеуметтiк т.б. мүдделерiнiң теориялық көрiнiсi. Сондықтан да идеология экономикалық-әлеуметтiк т.б. саясаттардың iске асырылуындағы идеялық құрал болып есептелiнедi. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына алып келеді. Идеология саяси іс әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құрал болып есептелінеді. Өйткені оның қолында қоғамдық саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар.
Саясатқа бұдан басқа да факторлар ықпал етеді, мәселен, географиялық, демографиялық, мәдени тарихи, ұлттық салт дәстүр, әлеуметтік психология т.б. Себебі олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңде саясатты айқындаушы факторлардың біріне айналуы мүмкін.
Саясатты, сонымен бірге өнер деп қарастыру керек. Өйткені саясаттың объектісі де субъектісі де адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы, әрі қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде жеке адамның қабілетіне, мәдениеттілігіне, білімділігіне, тапқырлығына, іскерлігіне тәуелді. Демек, саясаттың дұрыс жүргізілуі саясаткердің қоғамдағы барлық табиғи әлеуметтік мүмк/індіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда шығармашылық батылдықты көрсете алуымен және оның қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендігіне байланысты.
Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол заңдылықтар ғылым арқылы айқындалады. Сондықтан да саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми болуы тиіс. Саясат қоғамдық даму заңдылықтарына негізделінеді.
1. Саясат пен мораль- адамдардың тәртібін реттейтін өзіндік тәсіл.
2. Саясат пен моральдың арақатынасы тікелей алғанда саяси режимге тәуелді болады.
3. Саясат пен моральдың айырмашылығы: саясаттың шиеленістілігі; саясат күшке сүйенеді; мораль ар-ұжданға арқа сүйейд.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет