Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет16/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
лекция 1-15

Либерализм қағидалары- адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы.
Либерализмнiң мұраты /идеалы/- саяси демократия қағидаларының қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.
Саяси ілімдер тарихында 19 ғасырдың 40­-шы жылдарында қалыптасқан марксизмнің алатын орны ерекше. Оның негізін қалаушы Карл Маркс (1818-­1883) пен Фридрих Энгельс (1820­-1895) өз еңбектерінде алғаш рет еңбекші бұқараның мүддесін қорғай отырып, қоғамдағы теңсіздік, әлеуметтік қанау және құқықтық бейберекетсіздікке қарсы қарсы күрес жолын анықтауға тырысты. Осындай бағыттағы идеялар негізінде мемлекет пен құқыққа қатысты жаңа марксистік тарихи­ матералистік тұжырымдама қалыптасты.
 Марксизм неміс ғалымдары мен ойшылдары К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған ілім. Ол ХІХ ғасырдың 40-жылдары капитализмнің даму кезеңінде, тап қайшылықтардың шығуы негізінде дүниеге келді. Марксизм жұмысшы қозғалысынығ теориялық негізін жасады.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

  1. алғашқы қауымдық,

  2. құл иеленушілік,

  3. феодалдық,

  4. капиталистік,

  5. коммунистік формациялардан тұрады.

Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды


Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары:

  1. Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. Оның өкiлдерi саясат құбылыстарын қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерi арқылы зерттейдi. Саясаттануда бұл бағыттың қалыптасуына М.Вебер, Э.Дюркгейм үлкен үлес қосты. Осы бағыт iшiнде В.Парето мен Г.Моска элита концепциясын, ал Р.Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды.

  2. Саясаттанудың екiншi бiр бағыты- институционализм деп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С.Липсет, Ч.Миллс, М.Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi- саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы «саяси институт» болды.

3. Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi- Г.Лассуэлл, Т.Парсонс, Д.Истон, М.Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д.Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г.Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т.Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.
4. Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi- Э.Дюркгейм, М.Дюверже, Р.Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.
5. Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А.Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
6. Бюрократия концепциясының дамуына М.Вебер, Р.Мертон, С.Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
7. Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х.Арендт, австро-американ ғалымы Ф.Хайек, орыс ғалымы Н.Бердяев еңбектерiнде жазылды.


Лекция-3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



  1. Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде. Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.

  2. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері, саясаттың субъектілері мен объектілері. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты.



1. Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде. Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.
Саясат кең тараған ұғым. Саясат - қоғамдық өмірдің маңызды бір саласы, онымен әрбір адам қандай да бір қарым-қатынасқа түседі. Саясат туралы пікірдің көптігі бұл феноменің көп қырлылығын көрсетеді.
Саясат - мемлекет билігі мен қоғамның саяси мәнін, мазмұны мен мақсатын түсінуге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет