Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет2/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
лекция 1-15

«Саяси» дегеніміз индивидтер мен бірлестіктердің саяси қызметтеріндегі қоғамдық қатынастарының белгілі қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы. Саясилықтың мазмұнын – саяси бостандық, саяси құқық, саяси сана ұғымдары құрайды. Яғни, «саяси» ұғымы белгілі бір құбылыстар мен процестердің саяси салаға жататындығын білдіреді.
Саясат – қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерiн қорғауға, iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдауға негiзделiнген әрекет жүйесi.
Билiк – тап, әлеуметтiк топ, мемлекет жеке адам т.б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету.
Саяси жүйесi – мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығы.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емен-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі.
Мемлекет – белгiлi бiр аумақ шеңберiнде адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар мен бiрлестiктердiң қатынастары мен қызметтерiн ұйымдасты-ратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.
Саяси партия – саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси мәдениет – белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығы.
Саяси режім – саяси билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Демократия, тоталитаризм, авторитаризм.
Саясаттану объектiсi мен пәні. Саясаттанудың өзi зерттейтiн мәселесi, пәнi бар дербес ғылым. Саясаттану ұғымы гректiң «politik» және «logos» деген сөздерiнен шыққан. Бiрiншiсi мемлекеттiк iс, мемлекеттiк iстi басқару мағынасын бiлдiрсе, екiншiсi, iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi. Саясаттану дегеніміз саясат, оның қоғам мен жеке адамның өзара әрекеті туралы ғылым. Демек, саясаттану ғылымы саясат және саяси билiк, қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстері, халықаралық саяси қатынас туралы бiртұтас iлiмдердiң жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет