Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы



бет80/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
лекция 1-15

Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. Шиеленiс дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.

Саясаттану ғылымында ұзақ жылдар бойы қоғамдағы қайшылықтар, дағдарыстар, шиеленiстер, төңкерiстер, яғни мемлекеттегi тұрақсыздық, ойдағыдай дамымауы ауру болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бiрқалыпты, тұрақты дамуы керек деп санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негiзгi құндылық болып саналды.
Бiрақ ол мүмкiн нәрсе емес едi, өйткенi қоғамда әр түрлi әлеуметтiк топтар, таптар, қабаттар тұратын болғандықтан, олардың мақсат-мүдделерi, талап-тiлектерi де соншалықты әр түрлi болып келедi. Бұл әр түрлiлiк, сәйкес келмеушiлiктер айырмашылықтарды тудырады, олар дер кезiнде шешiлмей шиеленiстерге айналып отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында: «Егер әртүрлi топтар оларды қандай саяси, идеология, дiни, этникалық немесе топтық мүдделердiң бiрiктiретiндiгiне қарамастан қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игiлiкке қол жеткiзу мен өзiнiң ұлттық мүдделерiн iске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауiптi жағдайға әкеп соғады» – деп шиеленiстердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiн баса айтады.
Адамзат шиеленiстi зерттеуге өте ертеден-ақ көңiл бөлген, б.з.д. VІІ-VІ ғасырлардағы қытайлық философтар дүниедегi нәрселердiң бәрiнiң қозғалысының көзi оң (ян) және терiс (инь) бастаулар болады деп айтады. Ежелгi грек ойшылы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресiнен туады және ол күрес жаппай, барлығы мүмкiндiгiне қарай күрес арқылы болып өтедi деп жазады. Бұл пiкiрдi Сократ, Платон, Эпикур де мойындаған.
Қоғамдағы шиеленiстi зерттеуге Н. Макиавелли ерекше көңiл бөлдi. Рим тарихына арналған еңбегiнде шиеленiстiң әр түрлi деңгейiн қарастыра отырып, оның қоғам дамуындағы маңыздылығын айтты. ХVІІІ ғасырдағы саяси шиеленiстi зерттеушi ойшылдар оны үстемдiк пен тәуелдiлiкке әкеп тiредi және ол мемлекет реттеуiмен шешiлiп отырады деп есептедi.
Шиеленiстi әлеуметтiк құбылыс ретiнде зерттеген А. Смит болды. Бұл зерттеуiн «Халық байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кiтабында жүргiзген. А. Смит шиеленiстiң негiзiне қоғамның таптарға қысым жасауы мен экономикалық бәсекелестiктi жатқызады, әрi оны қоғамның қозғаушы күшi деп есептедi. Шиеленiстi зерттеуде Гегельдiң iлiмi ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресiн жоғары бағалады.
Шиеленiстiң өзiнiң теориялық негiзiн ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегi әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан шиеленiстi дарвиннiң теориясы негiзiнде түсiндiрдi. Кейiнен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сөйтiп шиеленiске әлеуметтiк-психологиялық көзқарас таратылды. Одан кейiн әлеуметтануға функционализм күштi ықпал еттi, ол шиеленiстi жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеудi соңғы орынға шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет