Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси жүйе деп елдiң саяси өмiрiне қатысушы мемлекеттiк, партиялық және қоғамдық ұйымдар жиынтығын түсiнемiз



бет34/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93
лекция 1-15

Саяси жүйе деп елдiң саяси өмiрiне қатысушы мемлекеттiк, партиялық және қоғамдық ұйымдар жиынтығын түсiнемiз. Бұл жүйе қоғамның барлық элементтерiнiң интеграциялауын, оның бiртұтас саяси билiк арқылы орталықтан басқарылуын қамтамасыз етедi. Уақыты мен орнына қарай саяси жүйе әртүрлi мазмұнда болады, өйткенi жүйенiң басты компонеттерi саяси режімнiң (авторитарлық, демократиялық, диктатуралық), саяси жүйенiң типтерi (президенттiк, парламенттiк), билiк қатынастары (партия, үкiмет) және қоғамдық саяси репрезентация (плюрализм, корпоратизм) сияқты формаларына түрленедi. Кез-келген жүйе төмендегiдей сипатта болады: бөлшектерден тұрады, бөлшектер бiртұтас бүтiндi құрайды, жүйелердiң шекарасы болады.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық пен тәртiптi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығын айтамыз.
Саяси жүйенiң құрылымы мен қызметтері, түрлері. Саяси жүйе құрылымына мыналар енеді: 1. саяси институттар; 2. саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет.
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсiподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер т.б. ұйымдары мен бiрлестiктерi жатады.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттiң арасындағы қатынастар кiредi.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелiк негiзiн құрайды.
Саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдас-тыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси жүйе бiрнеше қызметтердi атқарады (Г. Алмонд).

  • Белгiлi бiр әлеуметтiк топтың немесе көпшiлiк халықтың саяси билiгiн қамтамасыз етедi.

  • Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейдi, мүдделердi артикуляциялайды.

  • Саяси жүйе бiрiктiру, топтастыру қызметiн атқарады.

  • Экономиканың қалыпты жұмыс iстеп дамуына жағдай жасайды.

  • Үкiмет қызметi: шешiм қабылдау және өзiндiк басқару.

  • Қоғам мүшелерiн iшкi және сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет