Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Авторитаризмге тән сипаттар



бет48/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93
лекция 1-15

Авторитаризмге тән сипаттар:
 билiктiң саяси көсем немесе белгiлi бiр топ қолына шоғырлануы;
 бiртұтас идеологияның мiндеттi болмауы;
 саяси билiктiң негiзгi аргументi күштеу емес, бедел болып табылады;
 демократияның кейбiр элементтерiнiң (сайлау, парламенттiк күрес) болуы;
 мемлекет тиым салмаған нәрсенiң бәрi азаматтар үшiн рұқсат;
 репрессиялық аппараттың болмауы;
 мемлекеттiң қоғам өмiрiнiң барлық саласын бақылаудан бас тартуы;
 көппартиялықтың сақталуы;
 билiк құрылымдары сайлау нәтижесi бойынша құрылады, бiрақ әдiлетсiз сайлау;
 БАҚ әр түрлiлiгi сақталған;
 Идеология әр түрлiлiгi формалды болса да сақталған.
Демократия мәні мен моделдері. Әлемдегi үкiметтердiң барлығы дерлiк өзiнiң демократиялық табиғаты туралы айтады. Көбiнесе бұл демагогия, бiрақ негiзсiз де емес, өйткенi тiптi қатал әскери тәртiптiң өзi де халық үндеуiне көңiл аударуға мәжбүр болады. Нәтижесiнде «демократия» грек тiлiнде «халық билiгi» мағынасын иеленiп, өте кең ауқымды мәнге ие болады. АҚШ президентi Линкольн «демократия- халық билiгi, халық сайлаған және халық үшiн»- деп жазады.
Демократия қалыптасуы үшiн бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, дiни, сыртқы саяси жағдайлар керек.
1. Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:
 өндiрiс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы;
 әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастың болуы;
 урбанизацияланудың жоғарғы деңгейi;
 өндiрiс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдiгi.
2. Демократия дамуының әлеуметтiк алғышарттары:
 халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейi;
 әлеуметтiк теңсiздiк деңгейiнiң төмендеуi;
 қоғам құрылысында әлеуметтiк плюрализмнiң болуы;
 тұрғындардың сауаттылығы, жалпы бiлiмдiлiгi.
3. Тұрғындардың саяси мәдениетi де демократияның маңызды алғышарты:
 саясат туралы, оның әр түрлi салалары жөнiнде белгiлi бiр деңгейде бiлiмнiң болуы;
 саяси құбылыстарға, партиялар мен қозғалыстар, жекелеген тұлғалар қызметтерiне дербес баға беру қабiлетiнiң болуы;
 саяси қатысу белсендiлiгi;
 билiк құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениетi.
4. Демократияландырудың сыртқы саяси алғышарттары:
әскери араласу;
 саяси ықпал;
 экономикалық ықпал;
 мәдени-ақпараттық ықпал;
 демократия дамуына практикалық көмек, қолайлы көршiлiк қатынас.
Р.Даль либералды демократияның мынадай белгiлерiн атап көрсетедi:
1. азаматтардың тиiмдi саяси қатысуы;
2. олардың шешiм қабылдау процесiне тең қатынасы;
3. нақты саяси мәлiметтер алу, демек таңдауды дербес жасау мүмкiндiгiнiң болуы; азаматтардың саяси күн тәртiбiн бақылау мүмкiндiгiнiң болуы.
Бұл өлшемдерге сай келетiн кез келген саяси тәртiптi «демократия формасы» деп атаймыз. Демократия ұғымына ағылшын саясаттанушысы Д.Хелдтiң теориялық моделi бойынша қарап көрелiк.
1) “Протективтi” (қорғаушы) демократия бойынша (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Дж.Мэдисон, И.Бентам, Дж.Милль). Бұл моделдi жақтаушылар демократия- азаматтарды билiктiң шырмауынан, жеке адамдардың заңсыз әрекетiнен сақтауға, жалпы мүдделер негiзiнде басқаруға көмектеседi деп санады. Егемендiк халықта, ол өз өкiлдерiн сайлау арқылы белгiлеп, соларға сенiм артады. Бұл модельдi негiзгi айырмашылығы- мемлекет пен азаматтық қоғамның аражiгiн ажыратып, билiктегiлердiң қоғамдық өмiрге көп араласпауын қалайды, әсiресе экономикаға. Протективтi демократияның басты қағидасы- өндiрiс құралдарына жеке меншiк пен нарықтық экономика. Сондай-ақ саяси топтардың бәсекелесуi құпталады.
2) «Дамушы» демократия (Ж.Ж.Руссо). ұлы француз ағартушысының пайымдауынша, демократия тек мемлекеттiк механизм ғана емес, сонымен қатар адамдарды жетiлдiрушi қызметтi атқаруы қажет. Яғни ол әрбiр адамның саяси шешiмдерге қатысуын армандады. Сонымен бiрге ол билiктiң заң шығарушы және атқарушыға бөлiнуiн қалады.
Ж.Ж.Руссо пiкiрi бойынша алдыңғы саяси тәртiптердiң негiзгi кемшiлiктерi- билiктiң моралдық аспектiлерiне және оны пайдалануға назар аудармаулары.
Ж.Ж.Руссо ұсақ меншiктi жақтаушы, ол барлығы азаматтарға тең бөлiнуi керек деп есептедi және фабрикалық өндiрiске қарсы болды. Көп жағдайда оның көзқарасы утопиялық болды, сондықтан дамушы демократия еш уақытта iске аспады. Бiрақ жетiлген саяси тәртiптi iздеушiлерге теориялық көмектер бердi.
3) «Мемлекеттiң жойылуы» моделi (К.Маркс). Маркс еркiндiктi экономикалық езгi жойылуымен байланыстырды, әр оның негiзгi агентi мемлекет болып табылады деп есептедi. Сондықтан мемлекеттiк емес жолмен дамуды марксизм шынайы демократия жолы деп атады. Яғни халықтың жиналыстары өз мәселелерiн шешушi органдарға айналуы тиiс едi. Бұл құрылыс коммунистiк революция жолымен орнатылады, онда белгiлi бiр кезеңге дейiн «пролетариат диктатурасы» сақталынады, негiзгi мiндеттi- өзiн-өзi басқаруға жағдай жасау. «Франциядағы азамат соғысы» атты еңбегiнде К.Маркс «жойылушы» мемлекеттiң институттық өзгешiлiгiн жазады. Бұл- негiзiне халық жиналысы жататын сайланбалы органдардың пирамидасы, яғни тiкелей демократия. Барлық қызмет орны- тек сайланбалы ғана емес, сондай-ақ шақырылып алына алады да. Билiктiң бөлiнуi, кәсiби бюрократия, әскер және полиция жоқ. Мемлекеттiң жойылуы өзiрге утопиялық идея.
4) «Жарысушы элитизм» (М.Вебер, И.Шумпетер). Демократияны техникалық механизм ретiнде қарастырады.
Мемлекеттiк басқаруды дарынды және сауатты элитаның жүргiзуi тиiс екендiгi айтылады. Атқарушы билiк жүйесi өз жұмысын саясатқа араласпайтын бюрократия арқылы жүргiзгенi тиiмдi делiнедi.
Бұл модельге американ саясаттанушысы К.Мангеймнiң көзқарастары жақын. Ол еркiндiктердiң қоғамда сақталуы үшiн саяси элита әлеуметтiк-тарихи үрдiстердi оңды жаққа бұрып отыруы керек деген тұжырымдарды келтiредi. Бұны әлеуметтiк практикада жүзеге асыру үшiн «әлеуметтiк технологияны» қолдану керек (белгiлi бiр акциялар, реттеушi қадамдар арқылы) деген көзқарасты ұстанады. Сөйтiп, К.Мангеймнiң пiкiрiнше, «әлеуметтiк технологияны» қоғамдық-саяси процестердi реттеуде қолдану екi түрлi қауiптен құтқарады.
а) құндылықтар анархиясынан  әрбiр адамның өзiнше ұстанымдармен жiктелiп кетуi;
б) қоғамдық өмiрдi жаппай (тотальды) түрде шектеуден. Бұл теорияны жақтаушылар Батыста көптеп саналады.
5) «Плюралистiк» (әралуандық) демократия (Д.Трумэн,Р.Даль). Саяси шешiм қабылдарда әр түрлi саяси топтардың қатысуын қолдайды. Ал, үкiмет сол сияқты күштердiң басын бiрiктiрушi, байланыстырушы қызметтi атқарғанын қалайды. Қоғамдық пiкiрдiң маңызын жоғары көтерудi мақсат етедi. Бұл тұрғындардың қатысуы жоғары болғандығымен, өзектi мәселелердi талқылауда саяси мәдениетiнiң белсендiлiгiмен астасып жататын құбылыс. Өйтпейiнше, әралуандылықты желеу етiп, ыдыратушы күштердiң арандату әрекеттерi көбеюi мүмкiн. Ал, ендi бiздiң елiмiздегi саяси-әлеуметтiк ахуал жөнiнде, олардың кейбiр үрдiстерi туралы айтатын болсақ, онда ескеретiн бiр жәйт бар: ол өтпелi кезеңге сәйкес келетiн кейбiр сипаттар. Мәселен, Қазақстан халқының саяси белсендiлiгi деңгейiн анықтауға арналған нақты-социологиялық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша, эксперттер арасында пiкiрлерге сүйенсек тұрғындардың негiзгi назары әлеуметтiк мәселелелерге шоғырланған. Бұл азаматтардың жалпы саяси белсендiлiгiнiң төмендiгiн бiлдiредi. Осы деректен қазақстандық қоғамдағы саясаттың әзiрге адамдардың өмiрiнiң түбегейлi жақсаруына ықпал етпей отырағаны жөнiнде қорытынды жасауға болады.
6) «Легальды» (жария) демократия (Ф.Хайек, Р.Нозик). Бұл құқықтық қорғауды жақтайтын көзқарастаp. Ол ұжымдық принциптердi қолдаудың түбi диктатураға, тоталитаризмге апаратынын ескертедi. Демократиялық дамудың әр түрлi қырларын зерттеушiлер осы құқықтық мәселенiң (азаматтық, мемлекеттiк деңгейдегi) қазiргi өтпелi кезеңдегi елiмiз үшiн маңызды екенiн өз еңбектерiнде атап кетiп жүр. Бұл демократияны саясаттану тұрғысынан зерттеулердiң заң ғылымдарымен байланысатын тұсы екенiн де байқаймыз.
7) «Партиципаторлы» демократия (ағылшыншадан аудармасы – қатысушың, Н.Пуланцас, К.Б.Макферсон, К.Пэйтмен). Негiзiнен азаматты тәрбиелеуге назар аударылады. Жеке азаматтар өздерiнiң мүдделерiн, өмiрлiк жоспарларын ұжымдық мүдделермен, қоғамдық қалыптармен үйлестiрiп отырса ғана демократиялану процесi жүредiң, деген түсiнiктi ұстанады. Ол үшiн қоғамдағы әрбiр адамның жеке дауысы басқалармен тең болуы керек. Әрбiр адамда ұжымдық шешiмдердi қабылдауда өз пiкiрiн бiлдiре алатын мүмкiндiгi болуы керек, әркiм саяси мәселелердi анық түсiнуi қажет, халқында соңғы шешiм қабылдау құқы болуы керек, демос өзiнiң құрамына ақыл-есi дұрыс еместерден басқа азаматтарды енгiзуi керек деген тұжырымдар келтiрiледi.
Қазақстан саяси режимі сипаты жағынан авторитарлы-демократиялық режимнің либералдық типіне өте жақын.
Авторитарлық болуы ең алдымен, биліктің мемлекет басшысы - президент қолына көбірек шоғырлануымен байланысты. Осыған байланысты ҚР Конституциясына өзгерістер енгізілді.Президент өкілеттілігін қысқартылды.


Лекция-9. Сайлау және сайлау жүйелері



  1. Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері.

  2. Сайлау жүйелерінің қазіргі концепциялары. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы. Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау. Сайлау шаралары мен салау кампаниялары.

  3. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері..





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет