Лекция Саяси режимдер (тәртіптер)



бет2/2
Дата18.02.2024
өлшемі56.21 Kb.
#492302
түріЛекция
1   2
саяси режим

Авторитаризм – «жоғарыдан бас-қаратын» үкіметке сену немесе соны тәжірибе жүзінде бастан өткеру; мұндай жүйеде халықтың келісімінсіз өкілеттік жүргізу жүзеге асырыла береді. Авторитаризмнің «өкілеттіктен» айырмашылығы – өкілеттік легитимдікке сүйенеді, сондықтан «төменнен» басталады. Авторитарлық режимдегі билік жеке тұлғаның еркіндігіне қатысты талаптарға айрықша мән береді. Дегенмен авторитаризм мен тоталитаризм тіпті бір ұғым емес. Монархиялық абсолютизмге, дәстүрлі диктатураға және әскери биліктің басқа көптеген түріне балама ретінде жүретін авторитаризм азаматтық қоғамды басыпжаншуды емес, бұқараны саясатқа араластырмауды көздейді.
Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым.
Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тікелей байланысты.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
- жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі;
- қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі;
- мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси
партиялармен бірігуі;
- парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы.
Мемлекеттің саяси өмірінде авторитарлық тәртіп көбінесе монархияға, бір адамның шексіз билігіне ұқсас болады. Қазіргі кезеңде негізінен бұл көптеген дамушы мемлекеттер үшін объективті процесс, өтпелі кезеңге қажет саяси тәртіп болып саналады.

  1. Демократиялық режим – жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.

Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі.
Демократиялық режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет