Лекция мақсаты: Түркі тектес халықтардың әдебиетін білім алушыға ұғындыру.
Лекция мазмұны:
Әзербайжан әдебиеті − өзіндік бай тарихы, арыдан келе жатқан көркемсөз дәстүрі бар әдебиеттің бірі. Әзербайжанның ауыз әдебиеті тұрмыс-салттық өлең-жырларға өте бай.
Әзербайжан жазба әдебиетінің қайнар көзі б.з.б. ҮІІ ңасырда дүниеге келген «Авестадан» басталады деп қарастырылады. Сондай-ақ, «Қорқыт ата кітабы» да әзербайжанның ежелгі мұрасы есебінде қарастырылып келеді.
Әзербайжандар араб тілін ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда мемлекеттік тіл есебінде қабылдаса, ІХ ғасырдан былай қарай парсы тілін ресми мемлекеттік тіл болып есептелініпті. Бұл өткен заман талабына сай болған жағдай болса керек.
Әзербайжанның әйгілі ақындары Н.Ганжауи, А.Ганжауи, Ф.Шируни, Ә.Қағани, И.Насими, М.Физули және басқа тұлғалардың шығармаларына сипаттама беру.
ХІХ ғасырдағы әзербайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері, ХХ ғасырдың басындағы бұл елдің әдебиет өкілдері, Кенңес дәуіріндегі саясаттың Әзербайжан әдебиетіне ықпалы қоса қарастырылады.
Әзербайжан әдебиетінің атақты тұлғалары Н.Гэнжәви, М.Физули шығармаларының маңызы. XVІІ-ХІХ ғасырлардағы Әзербайжан әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармалары, Әзербайжан халық республикасы дәуіріндегі әдебиет қоса зерттелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |