Лекция мазмұны:
Ноғай халқының әдебиеті. Ноғайлар ноғай ордасын, ноғай мемлекетін құрған. Ноғай батырдың қол астында түрік-монғол тайпаларының ортақ атауы ретінде ХІҮ ғ. былай қарай мәлім болған. Ноғай ұлысы әдебиектінің тарихы Ү-Х ғ. Орхон-Енисей ойма жазуынан бастау алатынын алға тартады. Ноғайлардың қаһармандық дастаны «Ахмед Айсұлұлы» болып есептеледі. Дастанда 1343 ж. таққа отырған Жәнібек ханның және оның ұлы Бердібектен әңгіме болады. Ноғай ордасы Едігенің ерлігімен жаңа бір саяси тарихтың белесіне көтерілгенде (1426-1558) «Едіге дастанын туғызған. Ноғай фольклоры өте мол. Қазақтың эпостық жырлары түгел осыларда болған.
Ноғайлардың батырлық дастандары: «Ахмед Айсұлұлы», «Қобыланды батыр», «Едіге», «Мұса би», «Мамай», «Қарасай Қази», «Манашы», «Ер Тарғын», «Шора батыр», «Қырық ноғай батыры», «Ер Қосай» шығармаларын қазақтың батырлық жырларымен салыстырып талдау жасау.
Ноғайлар әдебиетінің ірі өкілдері: А.Әбдрашитұлы, О.Айымбетұлы, Т.Құмықұлы, Н.Исмайылұлы, Б.Манапұлы шығармаларын салыстырып бағасын беру.
Ноғайдың эпостық жырлары: «Әділ сұлтан» дастанының мазмұнын, идеясын түсіндіру.
Ноғайлардың «Жар-жар», «Бесік жырлары», «Сүю хақында» шығармаларының өзіндік ерекшелігін айқындау.
Ноғайлардың М.Мықайұлы, С.Қырымұлы, Ә.Әділұлы ақындарының шығармаларын өзара салыстырып талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |