Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары



бет48/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Түр.хал.әд.

Лекция мақсаты: Түркия түріктерінің ХІІІ- XVІІІ ғасырлардағы әдебиетінің мақсатын, құндылығын, өзіндік ерекшелігін студентке ұғындыру.
Лекция мазмұны:

1.ХІІІ ғасырдағы Түркия түріктерінің әдебиеті жайлы сөз қозғағанда әуелі тарихи-әлеуметтік жағдайды білу керек. Анадолды (Анатолия жеріндегі түрік тарихы Малазгирт соғысымен (1071) тікелей байланысты. Өйткені, осы соғыстың нәтижесінде түркілер Шығыс Анадолыны толық бағындырды. Ұлы Салжұқұлы империясының әміршісі Алп Арсланның бұйрығы бойынша Батыс Анадолы жерін бағындырған Құталмышұлы Сүлеймен бек Анадолы Салжұқұлы мемлекетінің іргесін қалады. Сондықтан «Анадолы Салжұқұлы мемлекеті» деп аталды.

Аналдыда түрік тілінде жазылған алғашқы әдеби шығармалар ХІІІ ғасырдан бастау алды. Бұл тұстарда шығармаларын араб және парсы тілінде жазған қаламгерлер де болған. Осы ғасырда Иунус (Жүніс), Әміре, А.Факиһ, Халилұлы Али, М.Жалаладдин Руми және басқа да оншақты қалам ұстағандар өмір сүрген.

ХІІІ ғасырдың ең үлкен ақыны − Иунус Әміре (1270-1320). Бұл тұста Анадолы жерінде әдебиет сопылық сарында жазылды. Әміренің ұстазы Тапдұқ Ясауи тарихатының пірі Синан Шайхтың шәкірті болған. Әміре махаббат, сопылық қалыпты, кемел адамды жырға қосқан, И.Әміренің негізгі туындысы «Диуан» және «Рисалетун-Нусхиие» деп аталады. Оның ақындық мектебі қалыптасқан. Сондай ақынның бірі − Мәулана Ж.Руми (1207-1273). Оның «Диуани Кебри» және 6 томнан тұратын «Мәснәуи» атты жыр жинағы бар



Сұлтан Уәлад − (1226-1312) Мәуланұлы. Ол 1292 ж. бастап Мәуләуи тарихатының негізін қалаған. Сұлтан Уәләдтің «Диуан», «Ибтида-наме», «Ребаб-наме», «Нитиха- наме», «Маариф» деген еңбектері бар. Оның шығармаларының көбін парсы тілінде жазған. Түрік тілінде «Диуанда» − 11 газал, «Ибтида-наме» − 75 бәйіт, «Ребаба-наме» 162 бәйіт шығармаларын жазған.

ХІҮ ғасырдағы шығармалар − Мәснәуилер бәйіті деп аталды, мұнда ұйқас аз болды. Бұл тұста диуан әдебиеті де қалыптасты. Осы әдебиеттің ірі өкілдері: Ахмеди, С.Насими, Қ.Бурханеддин, А.Дайдыны атауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет