Лекция мақсаты: Түркі тектес халықтар әдебиетін студентке ұғындыру.
Лекция мазмұны:
Татар халқы негізінен қазіргі Ресей Федерациясының шығыс Еуропалық бөлігінде Еділ мен Кама өзенінің бойына орналасқан. Татар Республикасының территориясы 67 836, 2 шаршы км. Еділ Бұлғарларының ІХ ғасырдың соңында мемлекет ретінде қалыптасуымен бірге сахынаға шыққан татарлар, 922 жылы ресми түрде ислам дінін қабылдады. Шыңғыс жорығынан кейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында болған татарлар 1438 жылы Қазан хандығының шаңырағын көтерді.
Орыс патшасы қаһарлы Иван Қазан хандығын жаулап алған соң, 1552 жылдан бастап Ресейдің бодандығын қабылдады. 1708 жылдан бастап Қазан губерниясының құрамында болып, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық тәуеклсіздік үшін күресті. Алайда, билік басына келген большевиктер 1920 жылы Татар Автономиясын Ресей құрамында құрды. Мәскеуге бағынышты болған бұл автономия 1990 жылы 30 тамыз күні тәуелсіздігін алып, елдің егемендігі жайлы декларация жарияланды.
Алтын Орда мемлекетінен кейін татар даласында Қазан, Қырым, Астархан, Қалым, Сібір және Ноғай хандықтарын құрды.
«Едіге» дастаны − татар ғалымдарының пікірінше XV ғасырдың ортасында дүниеге келген.
XV- XVІ ғасырлардағы татар әдебиетінің өкілдері: Үмми Камал, М.Әмин, Мұхамедияр.
Татар әдебиетіндегі ұлттық ағартушылық ағымның ірі өкілі − Ғ.О.Имени шығармаларының сипатын айқындау.
М.Жәлел поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау. Оның «Басымда тек ерік болса», «Соңғы жыр» шығармаларының идеясын түсіндіру. Сондай-ақ, Ә.Еникидің прозалық туындысының маңызын ұғындыру.
Достарыңызбен бөлісу: |