1.Практикалық сабаққа дайындық – өзіндік жұмыстың дәстүрлік пішіні. Оның қамтуына «Түркі халықтарының әдебиеті» курсының теориялық материалын игеру, ұсынылған әдебиеттерді меңгеру, оқу құралының бөлімдерін, мақалалар мен БАҚ материалдарын конспектілеу, көркем шығармалардың мәтінін және мамандық бойынша орындалатын алдыңғы және кейінгі тапсырмаларды оқу.
2.Тестке дайындалу – Түркі халықтарының әдебиетінің тақырыптары бойынша материалдарды үлкен ұқыптылықпен игеруді қажет етеді.
3.Дәрісханадағы бақылау жұмысына дайындалу. Мұны теориялық материалдарды тыңғылықты игеру, сондай-ақ (алдыңғы және соңғы тапсырмаларды орындауда) сорл білімді пайдалануды дағдыға айналдыру қажет.
4. Үй тапсырмасы –әр түрлі жұмыстарды үздіксіз орындау.
5. Реферат–белгілі проблема бойынша ғылыми және арнаулы әдебиеттердің негізінде берілген тапсырманы қысқаша мазмұндай.
6. Баяндама–рефератқа қарағанда едәуір маңызды мәселелерді қамтиды. Баяндамашы дайындауда зерттейтін мәселені тыңғылықты игеріп, материалды жинақы және ойын түрде жеткізу керек. Баяндаманы дайындауда мәтінге пікір-талас енгізіп, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдысына айналдыруға болады.
7.Эссе–белгілі тақырып төңірегінде қысқаша мәлімдеу. Айрықша ерекшелігі–жекешілдігі, оқытушыға қойған кез-келген проблемаларға өз бетінше және шығармашылықпен ой білдіруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |