«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні бойынша практикалық
сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жоғары білікті, тәлімді маман даярлауда олар алған теориялық білімді практикамен тікелей сіңістіріп, өз ісінің шебері дәрежесінде өндірісте біліктілікпен еңбек ете алмай маман қалыптастыруды айрықша нұсқап көрсетті. Жоғары оқу орны, шын мәнінде, ғылымның жоғары жетістігін меңгерген, сол терең білімін өндіріске еркін енгізе алатын практикада сыналып, толық қалыптасқан жоғары дәрежелі білікті маман даярлауы керек. Сондықтан жоғары оқу орындарында практикалық сабақ ең шешуші тірек болып табылады.
Еліміздегі жоғары мектептерде практикалық сабақ–білікті маман даярлаудың ең негізі болып табылады. Практикалық сабақ біріншіден, әрбір студенттің сол мамандығы бойынша өз бетінше ойланып, жұмыс жүргізуіне жол ашады. Екіншіден, студенттік теориялық білімді қалай игергенін және оның игерген білімді практикада жүзеге асыру қабілеті, өзіндік ойлы әрекетінің артықшылығын, кемшілігін айқын танытады. Соған орай, білікті маман даярп\лауда студент мамандығына сәйкес кез-келген мәселені өзі істеп, өзі ұйымдастырып, нәтижелі жетістіктерге жетуі керек, мұндай оңға бастайтын жетістік–студенттің өз бетінше, практикалық, өндірісте еркін жұмыс істейтінін білдіреді.
Практикалық сабақ–әрбір студенттің дидактикалық тапсырмаларды өз бетінше орындауға күш-жігерін бағыттаудағы, біліп, тануға құштарлығын арттырудағы және білімін толықтырудағы оқу жұмысы деңгейінің айрықша көрінісі.
......Студенттің практикалық жұмысы оның оқу материалын игеруде практикалық тапсырмаларды жүзеге асыруына, логикалық ойлауды дамытудағы ықпалдылығына және шығармашылық белсенділігіне байланысты.
«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні бойынша студенттің практикалық жұмысы оқулықтар мен көркем шығармаларды сұрыптап пайдалануына, мәтіндерді оқу және алдыңғы мен соңғы тапсырмаларды игеруіне, рефераттар, баяндамалар, бақылау жұмыстарын, аннотация дайындауына, интернет арқылы жаңалықтар іздеу, оқу теледидары көмегімен материалды игеруіне байланысты. «Түркі халықтарының әдебиеті» пәні бойынша аса кең ауқымда пайдаланатын практикалық жұмыс формалары;
Достарыңызбен бөлісу: |