«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау мақсаты: Түркі халықтарының әдебиетінің мақсаты мен міндетін айқындау. Оның мемлекет қойған тапсырмаларымен өзектестігін таныстыру. «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызын студенттерге ұғындыру, түсіндіру. «Түркі халықтарының әдебиеті» пәнінің методологиялық негіздерін сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдаймен тұтастыра дәлелдеу. «Түркі халықтарының әдебиеті» әдебиеттің туып, қалыптасуын, өзге пәндермен, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен және көне тарихи мұраларымен етене өзектестігін білім алушыға тереңдете ұғындыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |