Практикалық сабақта жұмыс жасауда дәлдеп түзету енгізу курсының
тапсырма тематикасы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің әдебиет пен өнер саласы бойынша ұстанған саясатының маңызы. «Түркі халықтарының әдебиетінің» міндеті, пәннің методологиялық негіздері. Түркі халықтарының әдебиетінің оның алдындағы халық фольклорымен сабақтастығы.
Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер сақтардың тайпалық бірлестіктері, салт-дәстүрі.
«Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты, оның екіге бөлінуі. Шығыс түрік қағанаты, Батыс түрік қағандығы.
Орхондағы түркі руна жазба ескерткіштері. Күлтегін жазба ескерткіші–авторы бар эпопеялық шығарма.
Тоныкөк, Білге қаған жазба ескерткіштерінің маңызы. Ескерткіштердегі жазбаның маңызы, қазақ жырларымен өзектестігі.
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі, дәуірі, құрылысы. Қазақтың батырлық жырымен сабақтастығы, көркемдігі.
Әбу Насыр әл-Фараби–әмбебап ғалым, ақын, философ, әдебиет теориясын жасаушы, оның музыкалық мұрасы.
Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі табиғат жыл мезгілдері, аңшылық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер.
Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасындағы ел басқару мәселесі, 4 принципке негшізделген 4 қаһарман бейнесі.
А.Иүгінекидің «Хибатул қақайық» дастанындағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық, оқу-білім, тілді тыйып ұстау, ізгі қасиеттер жайлы мәселелер маңызы.
Қ.А.Яссауи–сопылық әдебиеттің ірі өкілі, ақын, ойшыл, қайраткер. Оның «Диуани хикмет» кітабы ислам дінін дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген құнды шығарма.
Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ-ХҮ ғасырлар) әдебиеттің өзіндік ерекшелігі. Н.Рабғузидің «Рабғузи қиссалары» мен «Кодекс Куманикус» кітаптарының зерттелуі, маңызы.
Хорезмидің «Мұхаббат-наме» дастаны (1353 ж.)–Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнектісі, көркем мұра. Бұл шығарманың ұйғыр, араб тіліндегі екі нұсқасының табылуы. Шығарма 11 хаттан тұратын жыр-поэма.
Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылыиха», Сайф Сараидың «Гүлстан бит-түрки» шығармалары аударма және сюжет үлгісінде жасалған мұралар, зерттелуі, көркемдік деңгейі.
15. Әбілғазының «Шежіре-и түрк», Қ.Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Х.Дулатидің «Тарихи-и Рашиди», З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шығармаларының зерттелуі, тарихи деректе, шежіре түрінде жазылуы, өзіндік ерекшеліктері, дәуірі, көркемдік деңгейі. Мұнан кейін практикалық сабақтарға арналған сұрақтарға талдау жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |