Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары



бет4/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Түр.хал.әд.

Пәннің міндеттері:

Осы күрделі мақсаттарды орындауда алда тұрған міндет−түркі тектес халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғұмырлық тарихын мынадай кезеңдерге бөліп оқыту керек:

Бірінші, адамзаттың Таулы Алтайды қоныстануының сырын ашып, бұл өңірді түркі тектес тайпалар ежелден құтты қоныс еткенін дәлелдеу.

Екінші, Алтай тілді қауымдар мәдениетінің туып, қалыптасуын, түркі мәдениетінің көрініс табу нышандарын пайымдау.

Үшінші, Алтай тау жотасындағы Хойт-Цэнхэр үңгіріндегі таңба, сызба бейнелерін жасауға көне түркі тайпалары да ұлес қосқанын айқындау. Төртінші, түркі сөзінің, түркі жазуының ежелден қалыптасқанын дәлелдеу.

Бесінші, көне түркі әдебиетінің ескерткіштері−тасқа түсірілген «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жазба жырларын, «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы» және басқа көне әдеби мұраларын теориялық, практикалық тұрғыда тереңдете оқыту.

Алтыншы, көне түркі әдебиетін жасаушылар: М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А. Йүгінеки, А.Ясауи шығармаларына ғылыми негізде терең талдау жасап, студенттерге біліктілікпен ұғындыру.

Жетінші, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері: Рабғузи, Хорезми, Құтб, С.Сарай, Дүрбек, Әбілғазы, Қ.Жалайыри, Х.Дулати және басқа тұлғалардың рухани мұраларын шығыстың көне даналық қазыналарымен салыстырып, тарихи-типологиялық және синтездік тұрғыда зерттеп, болашақ дүиетанымы биік, білімді маман қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет