Лекция смешанные и минеральные дистрофии. Некроз


Плеврит — плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы



бет2/6
Дата02.03.2022
өлшемі5.89 Mb.
#455918
1   2   3   4   5   6

3.Плеврит — плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы.

4.Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі функционалдық зерттеу әдістері:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі функционалдық зерттеу әдістері:

  • Спирография
  • Пикфлоуметрия
  • пульсоксиметрия

Спирография – бұл өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу әдісі болып табылады. Әртүрлі созылмалы өкпе ауруларының – өкпенің созылмалы қабынуы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, созылмалы бронхтық демікпе және т.б. диагностикалауда қолданады.

Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштер:

  • Техникалық орындауларда барлық спирографтар:
  • Ашық түрі: клапанды қорап арқылы ауамен дем алып, ал дем шығарғанда ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі( көлемі 100-200л) ауаның талдауы :жұтылған О2 мен СО2 мөлшері аңықталады.
  • Жабық түрінде: колокол аппаратындағы ауа қолданылады.
  • Спирография қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет