Лекция. Құстардың систематикасы


Жүзгіш құстар отрядүсті- Impennes



бет2/7
Дата28.03.2024
өлшемі0.54 Mb.
#496814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
№11 Лекция Құстардың систематикасы

Жүзгіш құстар отрядүсті- Impennes
С аны аз және өте маманданған қүстар тобы, олигоценнен белгілі. Бүған бір ғана отряд - Пингвиндер (Sphenisciformes) отряды жатады, олардың қазіргі кезде 16 түрі бар.

Сурет 1. Король пингвині - Aptenodytes patagonica


Денесін қалың әрі тығыз майда қауырсындар жапқан, бүлар жалпақ әрі жайдақ өзектен және әлсіз жетілген желпуіштерден (пәр) түрады. Осыған орай қауырсындары қабыршақтарды еске түсіреді. Аптерия жоқ. Теріасты май қабаты (шел) жақсы жетілген, жылу сақтағыш қызмет атқарады. Сүйектерінде ауа қуыстары болмайды, сүйегі майлы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған, су астында сүңгіген кезде иық буынында пәректәрізді айналады. Қанат сүйектері жалпақ. Төстің қыры жақсы жетілген, ал тос бүлшық еті қүс массасының 1/4 бөлігін қүрайды, ол көптеген ұшатын құстардан әлде қайда үлкен.


Құрлықта жай және епетейсіз қозғалады. Жылына бір рет түлейді, бүл кезде жаңа қауырсындар ескілерінің астынан шығып, оларды итереді. Ересек қүстардың қорегі - балықтар, моллюскалар және шаянтәрізділер. Барлық пингвиндер - моногамдар, көптеген түрлерінде жұбы өмір бойы сақталады. Олар әдетте үйір қүрайды және үлкен шоғыр қүрып ұялайды. Ұясын жерге салады, оның жанжағын майда тастармен қоршап қояды. Ұяда әдетте 1-2 жұмыртқа болады. Оларды аталығы мен аналығы бірге, немесе тек аталығы шайқайды. Балапандары қалың мамықпен жабылған, бірақ шала (соқыр әрі жәрдемсіз). Көздері екінші аптаның аяғында ашылады
П ингвиндер оңтүстік жартышарда: Антарктида жағалауларынан Австралия, Африка мен Оңтүстік Американың тропикалық ендіктеріне суық ағыстар енетін жерлерінде тараған. Император пингвині (Aptenodytes forsteri) - ең ірі түр, бойы 100-120 см, ал салмағы 45 кг-ға жетеді. Антарктида жағалаулары бойында қыстың ортасында үялайды. Салмағы 500 г болатын жүмыртқаны аналығы аяғының үстіне салып, құрсағының төменгі жағындағы ерекше қатпармен жауып ұстайды. Сонан соң оны аталығы алмастырады, ал аналығы қоректену үшін теңізге кетеді. Аталығы жұмыртқаны шайқау кезінде салмағының 40%-на дейін жоғалтады. Аналығы балапандары жүмыртқадан шығатын кезде оралады және оларды қоректендіреді.

Сурет 2. Император пингвині (Aptenodytes forsteri)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет