Кивитәрізділер отряды-Apterygiformes
Отрядқа бір түқымдас Кивилер (Apterygidae) және 3 түр жатады, олар Жаңа Зеландияның аралдарында тараған. Бүлар жайдақ төсті құстардың ішіндегі ең майдалары, салмағы 2-3 кг. Денесі ұзын тарамданған қауырсындармен жабылған, бағыттаушы қауырсындары болмайды. Түмсығы ұзын әрі жіңішке,танаулары тұмсығының ең үшында орналасқан (бұл құстардың арасындағы бірден-бір құбылыс). Иіс-сезу қуысы жақсы дамыған: жемін іздеудегі негізгі рецептор иіс-сезу болуы мүмкін.
Тұмсығының түбінде сезгіш қьлшықтары-вибристері болады.Тілі рудиментті. Көзі салыстырмалы түрде кішкентай. Қанат қаңқасы және иық белдеуі күшті редукцияға ұшыраған. Аяқтары төртсаусақты. Қаңқасында ауа қуыстары болмайды.
К әдімгі киви (Арteryx australis) қалың әрі ылғалды ормандарда мекендейді, дене мөлшері 20-55 см,түнде белсенді. Қорегінің басым көпшілігі құрттар мен насекомдар, оларды орман төсеніштерінің астынан іздейді. Аналығы бір,сирек екі ірі жүмыртқа салады, оның салмағы 450 г-ға жетеді (аналығының массасының 20) Жұмыртқаның қатты қабығы өте қалың. Негізінен аталығы шайқайды,ол балапандарын өрбітеді.
Тинамутәрізділер отряды-Tinamiformes
Отрядқа бір тұқымдас Тинамулар (Тinamidae) жатады,Оңтүстік Американың ормандары мен далалы жерлерінде тараған 50 түрді біріктіреді. Пішіні шілдерге ұқсас, майдалау құстар. Қауырсындануы тығыз, птерилиялары мен аптериялары жақсы жетілмеген. Басы үлкен емес, тұмсығы жіңішке әрі ұзын, мойны да ұзын. Қанаттары қысқа және жалпақ. Құйрығы өте қысқа, ал бағыттаушы қауырсындар қүйрықтың жабушы қауырсындарының астында орналасқан (жасырын қүйрықтылар). Белсенді ұшуға қабілетті, бірақ жерден селқос көтеріледі. Аяқтары күшті, үш немесе төртсаусақты. Қаңқасында ауа қуыстары болады. Ұзын әрі жіңішке төсінде қыр сүйегі жақсы жетілген. Иық белдеуі жақсы дамыған. Тинамуда аша сүйек болады. Жердегі ұяға аналығы 12-ге дейін жұмыртқа салады, оларды аталығы шайқайды. Балапандары ширақ: көздері ашық әрі денесін мамық басқан. Ұрпағына аталықтары қамқор жасайды.
Отряд өкілдері: Криптурелла (Сrypturellus variegatus), Жирен тинаму (Rhinchotus variegatus).
Достарыңызбен бөлісу: |