Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар отряды-Procellariiformes Бұл қазба қалдықтары эоцен қабатынан белгілі, құстардың өте ежелгі тобы. Қазіргі кезде отрядта 4 тұқымдасқа бірігетін 81 түрі бар, олар тіршілігінің барлық уақытын теңізде өткізеді, ал құрлыққа тек көбею кезінде ғана шығады. Түтіктұмсықтылар барлық мүхиттарда, ең алдымен Оңтүстік жарты шарда тараған. Құстар дене мөлшерімен өте ерекшелінеді: ең майдаларының салмағы 42 г және қанатының ұзындығы 15 см болса (качурка – Осeanodroma leucorrhoa), ең ірісі - 12 кг тартады, қанат құлашы 4,5м-ге жетеді (альбатрос –Diomedea exularus).
Денесін тығыз қауырсын жапқан, мамық қауырсындар птерилиялар мен аптерияларда өседі, қанаттары ұзын әрі жіңішке, құйрығы әртүрлі пішінді: қысқа, сатылы, ойық . Аяғының 3 саусағы жүзу жарғағымен байланысқан. Тұмсығы ұзарған, үшында кішкентай ілгегі болады. Танаулары ерекше түтікке.ашылыл үстіңгі тұмсықта жатады. Олар толқындарда ұйықтайды, теңіз суын ішеді және теңіз жануарларымен қоректенеді. Балықпен қоректенетін түрлерінде таңдайыңда үщкір, ішке қарай иілген мүйізді өсінділер болады, осылардың көмегімен жылпылдақ қорегін ұстайды. Планктонмен қоректенетін түрлерінде, үстіңгі жағында мүйізді тақтайшалардан сүзгіш аппарат түзіледі. Барлық түрлері тамаша ұшады, жақсы жүзеді, тек құлдырата түсіп сүңги алады, аздаған тереңдікке батады. Жыныс деморфизмі жоқ. Теңіз жағалауларында шоғырланып үялайды. Моногамдар. Ұяда бір жұмыртқа болады, оны ересек екі құс кезектесіп шайқайды. Балапанын қалың мамық басқан, бірақ көзі ашылмаған.
Бірқазантәрізділер, немесе Ескекаяқтылар отряды – Реlесаnіforme Бұл отрядқа бір-бірінен оте оқшауланған 5 түқымдасқа жататын 50-ге жуык түр бірігеді. Ескекаяқты құстар - космополиттер, десе де кейбір топтары тек төменгі ендіктерде ғана мекендейді. Қауырсындануы қалың және (бірқазандардан басқалары) денесіне тығыз жатады, қатты. Мамық птерилиялар мен аптерияларда өседі. Аптериялары жіңішке. Тұмсығы мен құйрығының пішіні алуан түрлі .
Сирағы мен жіліншігі қысқа, жүзу жарғағы барлық төрт саусағын байланыстырады.
Ескекаяқтылардың тілі рудиментті. Өңеш, безді және етті қарын қатты созылады, ол ірі жемтігін жұтуға көмектеседі. Қорегі - балық және басқа су жануарлары. Ұшу сипаты әртүрлі: жай қалықтап және шап- шаң мәнерлеп үшады. Жерде епетейсіз жүреді, жақсы жүзеді, кейбір түрлері жақсы сүңгиді. Моногамдар. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Шоғыр құрып, сирек жеке жұп болып үялайды. Қалай болса солай салынған үяға аналығы 1-6 жұмыртқа салады. Екеуі кезектесіп шайқайды және қоректендіреді. Балапандары жалаңащ, соқыр және жәрдемсіз.