Лекция. Құстардың систематикасы


Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті- Neognathae



бет3/7
Дата28.03.2024
өлшемі0.54 Mb.
#496814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
№11 Лекция Құстардың систематикасы

Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті- Neognathae
Жаңатандайлы қүстар авифаунасының қазіргі келбеті төменгі плейстоценде қалыптасты. Бүған кәдімгі қүстар, қазіргі саны 8500-ге жуық, жатады. Олар үшін қалыпты дамыған жинақты желпуіші бар жабынды қауырсындар тән. Оларға “жаңа” типті таңдай тән, яғни қанаттәрізді сүйектердің тандай, кішкентай өре және қос буынды шаршы сүйекпен қозғалмалы байланысы тән.
Африка түйеқұстар отряды- Struthioniformes
Отрядта қазіргі кезде тіршілік ететін бір түр - Африка түйқұсы (Struthio camelus) (3 сурет) жатады, ол Африканың далалары мен шөлейтті жерлерінде мекендейді. Төрттік кезенде бұған жақын түрлер Кіші және Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда, Шығыс Европада тіршілік еткен. Бұл қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі, массасы 75-90 кг және бойы 270 см-ге дейін жетеді. Ұшпайды, бірақ жақсы жүгіретін құстар.

3 сурет. Африка түйқұсы (Struthio camelus)


Түйеқұстың мойны үзын, кішкентай басы жалпақ. Қауырсындануы борпылдақ, қауырсындары бүкіл денесінде бірдей өседі, яғни аптерия мен птерилия жоқ (балапандарында бұлар болады). Қауырсындары шашақты, жинақы желпуіш түзбейді: ілгекшелерінің болмауына байланысты 2-ші қатарлы мұртшалар бір-бірімен ілінбейді. Мойны мамықпен жабылған, аяқтары қауырсынданбаған.


Коракоид пен жауырын өте кішкентай және бір сүйекке бірігіп кеткен.
Алдыңғы аяқтарының қаңқасы жетілмеген, айыр сүйек жойылған. Жамбасы жабық, симфизді шат сүйектері құрайды. Артқы аяқтарында бар-жоғы
екі саусағы болады. Ішегі ұзын, етті қарынның кутикуласы калың. Қатқыл
өсімдіктермен қорекіенеді, кейде майда кеміргіштер, рептилия мен насекомдарды ұстап, жейді.
Аталықтары мен аналықтарының көбею кезеңіндегі қарым-қатынасы осы күнге дейін белгісіз: бір деректер бойынша олар полигамдар (үйірде 6-ға дейін аналық болады), басқаларынша - моногамдар. Ұяны аталығы жасайды. Оған бірне- ше аналықтары, әрқайсысы 7-9-дан жүмыртқа салады. Ұяда нәти- жесінде 15-20-дан (Солтүстік Африка) 50-60-қа дейін (Шығыс Африка) жұмыртқа болады. Жұмыртқаның салмағы 1,5 кг-н 2 кг- ға жетеді. Түнде жүмыртқаларды аталығы, күндіз аналығы шайқайды. Балапандары ширақ: мамықпен жабылған әрі көзі ашық. Ұрпақтарына қамқорлықты аталығы жасайды. Ұялаудан басқа кезде кішірек топ қүрып тіршілік етеді. Қазақстанда қолда өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет