Лекция. Құстардың систематикасы


Маймаққаздар, не Гагатәрізділер отряды-Gaviiformes



бет6/7
Дата28.03.2024
өлшемі0.54 Mb.
#496814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
№11 Лекция Құстардың систематикасы

Маймаққаздар, не Гагатәрізділер отряды-Gaviiformes
Отрядқа 5 түр бірігетін бір Gaviidae түқымдасы жатады, олар Солтүстік жарты шардың қоңыржай және терістік ендіктеріндегі суқоймаларында тараған. Денесі мен мойны ұзарған, басы кішкентай, тұмсығы тік әрі ұзын. Қауырсындануы калың әрі тығыз, денесін ылғалдаудан сақтайды. Қанаты қысқы әрі үшкір, ұшуы тез бірақ мәнерсіз. Аяқтары артқа қарай орналасқан, алдыңғы үш саусағы жүзу жарғағымен байланысқан, кішкентай артқы саусағы жіңішке жүзу қалағымен жабдықталған. Бұл құстардың салмағы 1 кг-н 4,5 кг-ға жетеді. Бұлар нағыз су қүстары, жақсы жүзеді әрі сүңгиді, бірақ құрлықта нашар жүреді. Қорегі - балық, су омыртқасыздары, оларды 25 м терендікке дейін сүңгіп, ұстайды. Қаражемсау маймаққаз (Gavia arctica), Қызылжемсау маймаққаз (G.stellata). Оңтүстік ендіктерде, соның ішінде Қазақстанда Каспий теңізінің жағалық аймағында қыстайды.
Сұқсыртәрізділер отряды-Podicipediformes
Отрядта жер шарының барлық суқоймаларында тараған 20 шақты түрді біріктіретін бір ғана Роdicipedidae тұқымдасы бар. Салмағы 150 г-н (Роdiceps ruficollus) 1400 г-ға (Р. cristatus) жетеді. Қарашақаздарға жақын. Дене пішіні ұршықтай, қауырсындануы өте қалың әрі тығыз, мойны үзын, аяқтары қысқа және артқа қарай орналасқан.
Жыныстық диморфизм тек күйлену кезінде ғана байқалады: аталықтарында мойны мен басында қауырсындар шоғынан жаға пайда болады. Моногамдар. Жүзіп жүретін үяларын шіріген су өсімдіктерінен қамыс арасына салады. Ұяда
4-6 жұмыртқа болады. Екеуі кезектесіп шайқайды. Сұқсырлар - ширақ балапан шығарушылар: жұмыртқадан шыққан балапандарын қалың мамық басқан және одан шыға салысымен-ақ жүзеді әрі сүңгиді. Қауып төнген жағдайда ересектері балапандарын арқасына отырғызады немесе қанатының астына жасырады.
Жыныстық диморфизм тек күйлену кезінде ғана байқалады: аталықтарында мойны мен басында қауырсындар шоғынан жаға пайда болады. Моногамдар. Жүзіп жүретін үяларын шіріген су өсімдіктерінен қамыс арасына салады. Ұяда 4-6 жұмыртқа болады. Екеуі кезектесіп шайқайды.
Сұқсырлар - ширақ балапан шығарушылар: жұмыртқадан шыққан балапандарын қалың мамық басқан және одан шыға салысымен-ақ жүзеді әрі сүңгиді. Қауып төнген жағдайда ересектері балапандарын арқасына отырғызады немесе қанатының астына жасырады.
Қазақстанда 5 түрі ұялайды. Үлкен суқсыр, немесе чомга (Podiceps cristatus), Кіші сұқсыр (Р. Ruficollis), Сұржақ сүқсыр (Р.griseigena), қарамойын сұқсыр (Р. nigricollis), қызылмойын сүқсыр (Р. auritus).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет