Нандутәрізділер отряды-Rheiformes
Отрядқа қазір тіршілік ететін түйеқұсқа үқсас екі түр жатады, олар Оңтүстік Американың саванналары мен шөлейтті жерлерін мекендейді .Бойы 150 см-дей, салмағы 30-50 кг- дай, Түйеқүстарға қарағанда қанаты азды-копті жетілген, бірақ үша алмайды. Жақсы жүгіреді әрі жүзеді. Қауырсындары бос, шашақты, аптерия мен птерилия түзбейді. Басы мен ұзын мойны майда қауырсындармен жабылған, бағыттаушы қауырсындары болмайды. Қаңқасында ауа қуыстары жоқ. Төсі жалпақ, қыры жоқ, бұғанасының бастамасы ғана бар. Жамбасы жабық, симфиз шонданай сүйектерінен пайда болған, құймышақ сүйек анық байқалмайды. Африка түйеқүстарынан ерекшелігі артқы аяқтары үшса-сақты, етті қарынның бұлшық еті онша күшті емес және ішегі біршама қысқа. Қорегі - жапырақтар, өркендер, кесірткелер мен омыртқасыздар. Полигамдар: аталығының айналасында 3-тен 7-ге дейін аналықтары болады, олар жүмыртқаларын бәріне ортақ бір үяға салады. Ұяда 13-тен 26-ға дейін жүмыртқа болады. Жұмыртқаны шайқайтын және ұрпағына қамқорлық жасайтын аталығы.
Кәдімгі нанду (Rhea americana) Бразилия мен Аргентинаның далаларында мекендейді.
Дарвин нандуы (Rhea pennata) Патагония мен Андтың таулы далаларында тараған. Қазақстанда қолда өсіріледі.
4 Сурет. Дарвин нандуы (Rhea pennata)
Қазуартәрізділер отряды - Casuariiformes
Африка түйеқұстарына үқсас Австралия зоогеографиялық облысының үшпайтын құстары. Олардың қанаттары өте күшті редукцияға ұшыраған және сыртынан байқалмайды, үшсаусақты аяқтары салыстырмалы түрде қысқа . Қауырсындары екі бұтақты: қауырсынның қосымша сояуының мөлшері негізгі сабақтай. Басы шамалы қауырсынданған.
Дулығалы, немесе кәдімгі қазуар (Casuarius Casuarius ) Жаңа Гвинея мен Австралияның қалың тропикалық ормандарын мекендеуші. Бұл құстың салмағы 80 кг-ға, бойы 150 см-ге жетеді. Қазуардың басы мен мойны жалаңаш, ашық түсті, басында мүйізді “дулығасы” болады және тұмсығы бүйірінен қысыңқы. Бірінші дәрежелі қақпа қауырсындары (6-8) үзын әрі жуан мүйізді сояуға айналған. Жекелеп және аздаған топ құрып тіршілік етеді. Қорегі - жемістер. Моногамдар: мүк пен жапырақтан аталығы жасаған үяға аналығы3-тен 5-ке дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны шайқау және ұрпақтарына қамқорлық жасау аталығының мойнында болуы мүмкін
5 Сурет. Дулығалы, немесе кәдімгі қазуар (Casuarius Casuarius )
Эму (Dromiceus novaehollandiae). Австралия мен Тасманияның далалары мен бұталы шөлдерінде мекендейді. Салмағы 40-55 кг-ға, бойы 170 см-ге жетеді. Қазуардан ерекшелігі тұмсығы жалпақ, басы қауырсынды. Өсімдіктердің вегетативтік бөлімдерімен қоректенеді. 4-6 құстан тұратын кішкентай топ құрып жүреді. Эму негізінен моногамды құстар. Аталығы шөп және бұтақтардан ұя жасайды. Ұяда 10-ға жуық жұмыртқа болады, оларды аталығы шайқайды, ол балапандарын ілестіріп жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |